Күйшілермен кездесу
14.10.2025
168
0

Қазақстан Жазушылар одағының аппарат қызметкерлері, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Жалын», «Простор» басылымдарының ұжымы Жазушылар үйі ғимаратында дәулескер күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаймен және оның шәкірті Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның оқытушысы, күйші Нұрлан Түменбаевпен әсерлі кездесу өткізді.
Алдымен, Шәміл аға Абылдың «Абыл» күйін орындап жұртшылықты тәнті етті.Сосын Шәмілдің төл шәкірті оның Бетховеннің «Лунная сонатасының» әсерінен туған «Айжарық», Түркі дүниесінің бірлігін музыка тілінде сөйлеткен «Тұран», жары композитор Өрікгүлге арнаған «Өрікгүл» күйін бар нақышына келтіріп, шебер орындап берді.Кеш соңында Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов күйші Нұрлан Түменбаевқа сый-сияпат табыстады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір