ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
20.11.2023
147
0

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің шаңырақ көтергеніне 95 жыл толу мерейтойына орай белгілі ақын, Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері, «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі, «Болмаған балалық шақ» повесінің авторы Ақберен Елгезекпен кездесу өтті.
«Ұлттық тәрбие» орталығының және филология иниститутының ұйымдастыруымен өткен аталған шараға қатысқан университет ректоры басқарма-Төрағасы Болат Анапияұлы Ақберен Елгезектің әдебиетке қосқан үлесі, шығармашылығы туралы сөз өрбітіп, ақынға университеттің «Абай» медалін тапсырды.
Жиын барысында университет студенттерінен құрылған «Үркер» театрының талапкерлері ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, өлеңдерін жатқа оқыды. Кездесуге жиналған әдебиет сүйер әлеумет ақынға біршама сұрақтар қойып, қанағат­танарлық жауаптар алды. Тағлымға толы кездесуге жиналған оқу ордасының ұжымы, студенттер ақынға ризашылықтарын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір