Әсерлі кездесу
30.05.2025
29
0

Алматыдағы О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы колледжінде ұлы ақын, ойшыл Абайдың туғанына 180 жыл толуына арналған әсерлі кездесу болып өт­ті.

Кездесуді колледж директорының орынбасары Дилфуза Тәленова қысқаша сөз сөйлеп ашқаннан ке­йін кеш қонағы, абайтанушы-ғалым, Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі, профессор Серікқазы Қорабай Абайдың қазақ тарихындағы рененссанстық тұлғасы туралы келелі сөз қозғап, ұлы ақынның толық адам туралы іліміне кеңінен тоқталды. Абайдың әдеби мектебі жөнінде әңгімеледі, оқытушылар мен студент­тердің көптеген сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында колледж студент­тері Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, қаладағы № 4 кітапхана қызметкерлері ұлы ақын өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды.
Кеш соңында сөз алған колледж директоры Зура Жұмахметова мен арнайы пәндер оқытушысы, мүсінші Мәлік Өскенбай кездесуден алған әсерлерін айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Әсем Сабыр,
колледждің
1-курс студенті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір