Классикпен кездесу
09.09.2025
183
0

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Классик ұстаханасы» атты жаңа жобасы басталды.

«Классик ұстаханасы» – бұл қазақ әдебиетінің арамызда жүрген классиктері мен белгілі өкілдерінің шығармашылық және өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу идеясынан туған жоба. Аталған жоба қазақ әдебиеті майталмандарының ойлары мен идеяларын, шығармашылық әдістерін болашақ қаламгерлерге және әдебиетсүйер қауымға ұсынатын шеберхана іспетті.
​ Жобаның мақсаты қазақ әдебиетінің классиктері мен танымал қаламгерлердің шығармашылық тәжірибесін кеңінен таныту, әдебиетке қызығушылық танытатын жастарға бағыт-бағдар беру, олардың көркем шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу, ұлттық әдебиеттің маңыздылығын арттыру арқылы ұлт­тық, рухани құндылықтарды дәріптеу.


Жобаның алғашқы қонағы – аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы», «Ақиқат», «Өліара» секілді сүбелі туындылардың авторы Төлен Әбдік. Қаламгер «Жазушы лабораториясы» тақырыбында дәріс оқыды. Аталған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Есет Байкен және Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы, Алдан Смайыл, Қайсар Әлім, Жарылқап Бейсенбай, Роза Мұқанова, Қуаныш Жиенбай, Дархан Мыңбай, Оңайгүл Тұржан және т.б. зиялы қауым өкілдері, оқырмандар және жас әдебиетшілер қатысты. Дәріс соңында жазушы тыңдармандармен еркін пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір