Салалық журналистика сабақтары
26.08.2025
227
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті журналистика факуль­тетінің Ғылыми кеңесі және «Қазақ университеті» баспасының редакциялық шешімі негізінде белгілі журналист Серік Жұмабекұлының салалық журналистикаға қатысты төрт томдық хрестоматиясы жарық көрді.

 «Журналистік шеберлік» сериясы бойынша топтастырылған бұл жеке авторлық туындылар «Құқықтық журналистика», «Әскери-экономикалық журналистика», «Білім, ғылым, әдебиет саласы» және «Саяси-әлеумет­тік журналистка» деп аталады.


М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекет­тік университетінің түлегі, «Егемен Қазақ­стан», «Халық Кеңесі», «Президент және Халық», «На страже-Сақшы», «Қазақ­стан» ұлт­тық телеарнасы сияқты республикалық ақпарат құралдарында ұзақ жыл жауапты қызмет­тер атқарған С.Жұмабекұлының шығармашылығы күрделі тақырыптарды талдап-таразылауымен, шындық үшін күрестегі журналистік ұстанымымен, зерт­теп-зерделеудегі біліктілігімен ерекшеленеді.
Он бес жылдан бері ҚазҰУ журналистика факуль­тетінде ұстаздық қызметі барысында ол тәжірибеден теория түзудің, оларды ғылыми айналысқа түсірудің тәсілдерін де дүниеге әкелді.
ҚазҰУ-дің 90 жылдық мерейтойына орай жарық көрген бұл хрестоматиялар жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеті студент­тері мен магистрант­тарына, жас журналистерге көмекші құрал болып табылады.

Римма Жақсылықбаева,
филолгия ғылымының кандидаты,
қауымдастырылған професор

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір