«Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» семинары Ақтөбеде өтті
27.10.2024
242
0

Биыл 4 қазанда Ақтөбеде Түркітілдес журналистер қоры мен «HALYK BANK» бірге ұйымдастырған «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» атты семинар-тренинг өтті.

«Түркітілдес журналистер қоры» еліміздің медиа саласының мамандарына ұдайы семинар-тренингтер ұйымдастырып келеді. Қор өз жұмысын 2014 жылы бастаған болаты. Бүгінде қор басшысы Нәзия Жоямергенқызының бастамасымен баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, қазақ журналистерінің қаламын қуатты қылуда атқарылған шаруа аз емес.

Биыл қоғамдық қор 11 қарашада 10 жылдығын атап өтпек. Қордың жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мектебі, Медиа тренерлер мектебі жұмыс істейді. Қордың мақсаты — қазақ тілінде хабар тарататын БАҚ өкілдерінің кәсіби білігін арттырып, шеберлігін шыңдау. Сонымен қатар қор журналисттерді шетелдерге, атап өтсек Түркия, Еуропа елдеріне тегін іс сапарларға апарып, журналисттерге қолдау білдіріп жүр. Айталық, осы жылы Ақтөбе қаласында өткен семинарға барлығы 42 адам қатысты. Семинар барысында ең алғашқы болып айтылған мәселе — ол халықтың осал тұсын пайдаланып, сан соқтырған интернеттегі алаяқтық тақырыбы болды. Бұл тақырыпта Halyk Bank Ақтөбе қаласының филиалының басшысы Гүлжахан Байтерекова баяндама жасады. Ол алаяқтар адамдарды алдап, арбау тәсілдерін жаңаша түрлендіріп отыратынын ескертті. Сондықтан қоңырау шалған абонентке ешқандай құпия сөзді, жекеңізге келген кодты жарияламау қажеттігіне егжей-тегжейлі тоқталды. Себебі банк қызметкерлері ешбір жағдайда «Несие рәсімдейсіз бе, шотыңызды біреу бұзды. Жасырын кодты айтыңыз» деген сынды мәліметпен хабарласуға құқығы жоқ. Осындай оқиғаға тап болсаңыз, еш жауап қайтармай, дереу банкке бару және ресми байланыс нөмірлерге хабарласу қажет», деп отыр.

Сондай-ақ алаяқтар мемлекеттік тіл емес орыс тілінде хабарласады деп ескертті, алайда болашақта қазақ тілінде де хабарласуы мүмкін.«Қазақстан Халық Банкі» АҚ нарықта 100 жылдан аса табысты жұмыс істейтін және негізгі көрсеткіштер бойынша елдегі көшбасшы саналатын ірі коммерциялық банк болып саналады.

Ал «Іскерлік журналистика: ашық дереккөздермен жұмыс» туралы айтқан Түркітілдес журналистер қорының президенті, медиа тренер Нәзия Жоямергенқызы журналистерге топтық зерттеу жасатып, ондағы кем тұстары мен ақпаратты қайдан алу жолдарын нақты түсіндірді. Сонымен қатар жасанды интеллект, Chat GPT қолдану туралы, «AI: инфографика турасында білімді әрі жас медиа тренерлер өте керемет етіп айтып түсіндірді. Журналистерге пайдалы қосымшалардың қандай маңызы барын көрсетті. Журналисттер жаңа дүниелерді ноутбук және телефон арқылы қолданудың қаншалықты керек екенін байқап ғана қоймай, уақыт ұтатындарын және жұмыстарының жеңілдейтіні туралы түсінді. Бұдан бөлек, YouTube. әлеуметтік желі туралы, Рейтинг және монетизация тақырыбында медиа тренерлер қызықты әрі пайдалы инсайттар мен ақпараттарды жеткізді.

Қалам ұстаған қауымның қаржы тақырыбында қалам тербеп қана қоймай, халықтың көзін ашып, қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған семинар биыл еліміздің алты бірдей қаласында ұйымдастырылды. Оның ішінде Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда,Шымкент қалалары мен Түркістан облысындағы медиамамандардың біліктілігін арттырып, заман талабына сай жасанды интеллектіні қолданудың тың тәсілдерін үйретті. Шындығы сол, бұл семинар-тренинг журналистерге жаңа серпіліс берді. Тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, мұндай тегін әрі сапалы білім беретін семинар тренингтер алаяқтарға алданып, сан соғып жатқан аңқау халықтың да сауатын ашуға серпін берері анық.

Айтпақшы, биыл 11-12 қарашасында «Түркітілдес журналистер қоры» «Шеврон» компаниясының серіктестігінде Қазақстанның Алматы қаласында өтетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады. Медиа форумға Қазақстан, Еуропа елдері, Түркия, Орталық Азияның БАҚ басшылары, журналистер, ақпарат және туризм саласына қатысты мемлекеттік органдар, депутаттар PR менеджерлер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері, туризм саласының мамандары, ЖОО журналистика факультеттерінің декандары, оқытушылары мен студенттері, қоғам қайраткерлері қатысады.

Түркі әлемінің медиа саласындағы маңызды мәселелерді талқыға салатын халықаралық алаң – «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбындағы медиа форумда дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиа кеңістікке әсері, жасанды интеллектті ақпарат жинау, сараптамалық мәліметтер, контент қалыптастыруда пайдалану, БАҚ-та жасанды интеллектті қолданудың этикалық қыры, болашақта үстемдік құратын контенттің тиімді форматы, VR/AR, интерактивтік медиа, медиа компаниялар медиа нарықтағы жаңа форматтар мен платформалар, контентті монетизациялау, туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту мақсатында түркі мемлекеттерінде PR және маркетинг құралдарын тиімді пайдалану арқылы туризм секторының дамуына ықпал ету, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың туристік PR-ды дамытудағы рөлін нақтылау, туристік маркетинг саласындағы мамандарды оқыту және кәсіби білігін арттыру секілді тақырыптарда пікір алмаспақ.

Ең маңыздысы сол, халықаралық жиынның соңында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ «Шеврон» компаниясы мен Halyk Bank серіктестігінде өткізген «Әлеумет – қоғам айнасы»-2024, «Еркін сөз»-2024, «Туған жерім – тұғырым»-2024 шығармашылық байқауларының жеңімпаздары марапатталатын болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір