«Көктем рапсодиясы» атты Алматы зейнеткерлерінің шығармашылық көрмесі

Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік мұражайда «Көктем рапсодиясы» атты зейнеткерлердің шығармашылық көрмесінің ашылуына байланысты
Баспасөз релизі
2025 жылдың 26 ақпанында сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік мұражайда «Көктем рапсодиясы» атты зейнеткерлердің шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» бастамасымен, Қазақстан мен Грузияның Суретшілер одағының мүшесі, график, акварелист, ҚР Суретшілер академиясының вице-президенті, Қазақстанның өнер қайраткері Марлан Нысанбаевтың қолдауымен ұйымдастырылады.
Көрмеде 61-85 жас аралығындағы зейнеткерлердің 96 шығармашылық жұмысы ұсынылады. Жұмыстар түрлі техникада орындалған: акварель, гуашь, акрил және майлы бояулар. Шығармалардың тақырыптық және жанрлық түрлері өте бай: гүлдер, пейзаждар, натюрморттар, абстракциялар, интерьерлік композициялар және графика.
Бұл көрме кез келген жаста шығармашылық жұмыс жасауға болатынын дәлелдейді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары үшін бейнелеу өнері тек өз-өзін көрсету ғана емес, сонымен қатар қуатты арт-терапия құралына айналды.
Көрме зейнеткерлерге бейнелеу өнері дағдыларын үйретіп, пленэрлер, шеберлік сабақтары, мұражайлар мен көркем галереяларға баруды ұйымдастырған педагог Марлан Кенесұлы Нысанбаевтың арқасында өтуде. Көптеген зейнеткерлер тек үйренуге деген ықыласымен ғана келді, ал сурет салуды мүлдем білмейтін еді. Бірақ олардың алғашқы жұмыстарына мақтау естігенде, қуаныштан жарқыраған жүздерін көру керек еді. Олар осы орталыққа келіп, бейнелеу өнерімен шындап айналыса бастады. Нысанбаев Марлан тек шығармашылыққа шабыттандырып қана қоймай, олардың дамуына қолдау көрсетіп, олардың өзін-өзі жүзеге асыру мен жетістіктерге қол жеткізу үшін орын жасайды. Өткен жылы Алматы мұражайында өткен Қарттар күніне арналған «Күзгі блюз» көрмесінде 90 зейнеткердің жұмысы ұсынылды.
Құрметті БАҚ өкілдері, «Көктем рапсодиясы» көрмесінің ашылу салтанатына шақырамыз.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Самал-1, 44 үй.
Қосымша ақпарат: М. Нысанбаев,
+7 747 287 7406
Instagram: Cad_almaty