Адам қалай жаратылды?
16.06.2020
46310
22

 Дін мен ғылым айқасы

 «Алдымен өзіңді өзің таны» дейді атақты Сократ дана. Рим саясаткері және әйгілі шешені Цицеронның «Сократ тұңғыш рет филсофияны аспаннан жерге түсірді» деп баға беретіні де осы сөзі үшін екені даусыз. Иә, адам Тәңірдің ерекше жаратылысы. Адамзат өзінің кемел ақыл-парасатымен барлық әлемді меңгерсе де, өзінің адам ретіндегі сыры мен құпияларына тереңдей алған жоқ. Демек, адамтану ғылымы ешқашан аяқталмайды деген сөз. Десе де адам өзін-өзі тануға барынша әрекеттеніп, ол талпынысынан бір сәт бас тартқан емес. Өйткені, Абайша айтқанда, адам баласы әрқашан «білсем екен демекілікпен» өмір сүріп келеді. Әрі соның жолында «не көрсе соған талпынумен» тіршілік кешуде. Бұл да адам баласына тән хикмет.

Адам өзінің өткенінен сабақ алып, болашағын жоспарлай алуымен ғана адам болып тұрған жоқ па?! Тіршілік иелері ішінде адам ғана өзінің бастауын танып, болмысын білуге құштарлық таныта алады. Сол себепті адам өзінің қашан, қалай әрі неден жаралғанын білгісі келеді. Бірақ бұл жағынан әртүрлі жорамал айтылып, пікір алуандығы туатыны заңды. Сондықтан адам баласының жаратылысы туралы толғанып, соны зерттеуге өмірін сарп еткен ғұламалардың қатары көп. Бүгінде адамның жаратылуы туралы пікірлер мен көзқарастар баршылық. Барлық жорамалдар мен зерттеулерді саралай келе нақты үш түрлі болжамның аясына топтастыруға болады.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ, тарих ғылымдарының магистрі


Адамды Құдай жаратты ма?

Ең әуелгі көзқарас – жоқтан бар қыла­тын Құдайдың құдіреті арқасында пайда болдық әрі еш өзгерместен осы қалпымызда жаратылдық деп санайтын Жаратушылық теориясы. Ғылыми тілде креационизм деп аталады. Бұл көзқарас өте ескіден келе жатқанымен, ғылым мен білімі дамыған қазіргі заманда да өз өзектілігін жойған жоқ. Ғасырлар бойы адамның жүрегінде орнығып, сеніміне айналған бұл көзқарасты мансұқ ету қиынның қиыны. Әрине, адамды Жаратқанның қалай жасағаны турасында да бірізді пікір жоқ. Оның басты себебі адамдардың діни сенімдерінің әртүрлі болуында жатыр. Тіптен өздерінің шығу тегін жануарлармен байланыстыратын халықтар да бар. Мәселен, қытайлар айдаһарды өздерінің арғы ата-бабалары деп есептесе, Африкада өмір сүретін тайпалардың бірі түпкі тегін пілден таратады. Біздің бабаларымыз түркілерде де өзінің шығу тегін қасқырмен байланыстыратын аңыз болған. Бір айырмашылығы тікелей жануардан емес, адам мен қасқырдың некесі арқылы өмірге келген баладан тарағандарына сенген. Қазіргі біздер үшін бұл сенімдердің күлкілі болып көрінетіні рас. Бірақ бұл сол кездегі адамдар үшін талассыз ақиқат болып есептелген. Кейін келе адамдар арасында жаңа әрі жүйеленген діндердің пайда болуына байланысты өздерінің шығу тегін жануарлармен байланыстыратын тотемдік сенімдер ығысып, оның орнын біршама жүйелі әрі күрделенген жаңа сенімдер алмастырды. Енді адамдарды Құдайдың қалай жаратқаны турасында киелі кітаптарға сілтеме жасай отырып дәлелдеуге мүмкіндік туды. Дегенмен әлі де жер бетіндегі діндердің қатары аз емес. Әрбір дін адамның жаратылуын өзінше пайымдап, дінге сенушілерге өз тәсілдері арқылы түсіндіреді. Біз де олардың бәріне тоқталып жатпай, өзіміздің сенімімізге айналған ибраһимдік діндердің пайымдары бойынша талдау жасағанды жөн көрдік.

Ислам, христиан, иудей діндерінің барлығы дерлік адамзаттың топырақтан жаратылғанын бірауыздан қолдайды. Бұл турасында тәураттың «Жаратылыстың басталуы» атты бірінші тарауында: «Құдай енді: «Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін», – деді.

Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты. Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» – деді», – десе, қасиетті құранның «Мүминун» сүресінің 12-14 аяттарында: «Адамды біз топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға – (жатырға) орналастырдық. Одан әлгі ұрықты ұйыған қанға айналдыр­дық, ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған (жан кіргізіп) басқадай жаратылысқа айналдырдық», – деп адамның пайда болуын жан-жақты түсіндіріп береді.

Ал діни аңыз бойынша Құдай жер бе­тінде өзінен кейінгі қожасы ретінде тағы бір тіршілік иесін жаратпақшы болады. Осылайша ол тіршілік иесін жасайтын затты іздей бастайды. Өздерінен жаңа тіршілік иесі әрі жай тіршілік иесі емес, Құдайдан кейінгі әлем қожасының жасалуын көздеген алтын, күміс, лағыл секілді асыл тастар мен басқа да жақсы қасиеттерге ие үміткерлер өздерінің керемет жерлерін айтып таласқа түседі. Тек топырақ қана мендей сұрықсыз, аяққа тапталып жататын нәрсені көзге іле қоймас деп таласқа түспей, сабырлылық таны­тады. Топырақтың осын­дай кішіпейілдігіне риза бол­ған Жаратушы Ие Адам Атаны басқадан емес, то­пы­рақтан жасапты деседі. Кейін­нен Адамның жалғыз­сыра­мауы үшін оған серік ретінде ұйықтап жатқанда қабырғасынан Хауа Ананы жаратыпты. Осылайша олардан жер бетіндегі барша халықтар тараған екен дейді.

Әрине, діни көзқарас идеалистік жолмен түсінді­рілетіндіктен, ғылыми-мате­р­иалистік жолмен пайым­дауға қиын тиетіні рас. Кейде түсініксіз тұйыққа қамалып, дәлелсіз догмаға тіреліп те жата­ды. Оның соңы күмән мен күдік­ке жетелейтіні даусыз. Бірақ дін өз ұстанымдарына күмәндануға жол бермейді. Ал аналитикалық ойлайтын, қарсы шығатын пенделерді Құдайдан безген күнәһар ретінде жазалайтыны тағы шындық. Тарихтағы Бруноның отқа жағылып, Галилейдің сотқа тартылуына да, Ұлықбектің атақты обсерваториясының шаңырағы ортасына түсіп, өзінің түбіне жеткенде осы діни догматиктердің таяз түсінігі себеп болғанын жақсы білеміз.

Дегенмен дінді ғылыммен қабыспай­тын логикадан жұрдай әлем ретінде қабыл­дасаңыз, үлкен қателікке ұрынасыз. Дін ғұламаларының тастай логикасының алдында кейде ғылымның өзі тізе бүгіп жатады. Олар әлемді, оның ішінде адамның бір жаратушының құдіретімен жаратылғанын жоққа шығару, табиғаттың заңдылығын жоққа шығарумен бірдей екенін алға тартады. Мәселен сия өз-өзінен қағаз бетіне ша­шылып, одан керемет бір роман пайда болды дегенге сенбейтініңіз рас. Демек алғашқы адамды да бір күш жаратқан. Ол күш – құдіретті Құдай ғана. Ал топырақтан жаратылғанын дәлелдеуде дін ғылымның өзіне жүгінуде. Адам денесі мен топырақтың құрамы өте ұқсас. Топырақта кездесетін әрбір элементтер мен минералдар адам денесінде де бір мөлшерде кездеседі. Шындығында, бұл аналитик діндарлардың пікірі. Бірақ соқыр сенімді қару еткен догматик­тер де жоқ емес. Әйткенмен бұл дәлелдер де мате­риалистердің көңілін көншіте қойған жоқ.

Дін өзіне деген күмән тудыруымен де құнды. Өйткені күмән туған жерде ғылым пайда болады. Ең қызығы, ғылымда төңкеріс жасаған ғұламалардың көбі діни білім алғандар. Олардың қатарында Ч.Дарвин де бар. Атақты Эйнштейннің «Дінсіз ғылым соқыр, ғылымсыз дін ақсақ» дегені осыны меңзесе керек.

Шумер аңыздары не дейді?

Бүгінде адамзаттың пайда болуы туралы ғылыми дәлелденбеген пікір болса да, талай зерттеушілерді өзіне магниттей тартып, тіптен осыған шексіз иланатын әрі қолдайтын көптеген топтары бар ағым бар. Бұл адам баласы жерге басқа планетадан келді деп санайтын, яғни «сыртқы себептердің ықпалы туралы» теория. Бұл көзқарас ғылыми түрде дәлелденбеді десек те, оған көңіл аудартуға жетелейтін өзіндік фактілері бар. Соның бірі шумерден жеткен сына жазумен жазылған қыш кітап. Осы жазба туралы Қ.Жамаловтың «Әлемдік өркениет іздері: Ежелгі Шығыс» атты кітабында көрсетілген. Онда адамның жаратылуы туралы жан-жақты сөз болады.

Шумер мәтіндерінде ғаламның пайда болуы, күн жүйесінің құрылымы мен дамуы, соның ішінде планеталар тізімі мен сипаттамасы туралы да мәліметтер берілген. Соның бірі күн жүйесін бейне­лейтін сурет. Онда күн бүгінгі ғылымға белгілі барлық он екі планетаның ортасына орналасқан. Дегенмен суретте, Күн жүйесінің бүгінгі түсінігінен басқа мәліметтер де кездеседі. Олардың екеуі өзіне көңіл аудартпай қоймайды. Онда шумерлер плутонды сатурнның жанына орналастырып, оны үлкен планетаның дербестікке кейін ие болған серігі ретінде сипаттаған. Плутонның айналым жолының ұзарғанын, орбитасының созылғанын, қозғалыс кезінде кейде нептунмен салыстырғанда күнге жақын келетінін де байқаған. Екінші айырмашылығы – белгісіз үлкен планетаны марс пен юпитер ортасына орналастыруы. Осы құпия планетаны шумерлер Нибиру деп атаған. Аудармасы «айқыш-ұйқыш қиылысатын» дегенді білдіреді.

Күнді айналып жүретін орбитасы қатты созылған Нибиру 3600 жылда бір рет марс пен юпитер арасына қайта оралып келеді. Аңыз бойынша, адамды жасаған және оған аса маңызды білім негіздерін беретін жұмбақ тіршілік иелері осы планетадан келеді. Шумерлердің айтуынша, адамға барлық білімді берген осы – аннунактар деп аталатын тіршілік иелері. Шумерлердің «ан-нун-на-ки» сөзі «аспаннан жерге түскен, сол елу» дегенді білдіреді. Аннунактар жерге шамамен 445 мың жыл бұрын келген. Олар Парсы шығанағы жағалауын таңдап, Тигр мен Евфрат өзендерінің атырауына түскен. Осыдан кейін аннунактар әрбір 3600 жыл сайын келіп тұрған.

Нибирудегі аннунактардың түп атасы – Аспан Иесі Ан (немесе Ану) және оның жұбайы Анту, яғни Аспан Ханшасы. Анудың бұйрығымен, оның үлкен баласы Эа (Энки) басшылығымен 50 аннунак күн жүйесін аралауға шығады.

Шумер мәтіндері Нибирудың эколо­гиялық түйткілді мәселелерге кезіккенін де мәлімдейді. Өз планетасының жұқарып бара жатқан ауа қабатын сақтау үшін аннунактар алтын бөлшектерден ерекше қорған жасаған. Ең қызығы, бүгінде радиациядан қорғану үшін ғарыш кемелері мен ғарышкерлердің ғарышта киетін киімдеріне де осындай әдіс қолданылады. Осы себептен аннунактарға алтын керек болады. Шумер дерегінше, ол жетінші планетадан, яғни жерден табылған.

Ғарыштан келгендер Оңтүстік Шығыс Африкада шахталық тәсілмен алтын өндіруге кіріскен. Шамамен, осыдан 300 мың жыл бұрын алтын өндіретін аннунактар көтеріліс жасаған. Сонда өзге планета оқымыстылары гендік инженерия көмегі және будандастыру (клондау) арқылы «адамах» немесе «жұмысшы адамдарды» өмірге әкелген. «Адамах» – «жер» және «қан» деп аударылады. Бұлар шумерлер мен барлық адамзаттың түпатасы болған. Аңызда гендік ота сипаты, адамды жасау егжей-тегжейлі баяндалады. Ол бүгінгі ген инженерлігінің мамандарын да қатты таңырқатқан. Ғалым, генетик Уэсли Браунның барлық адамның бір ата мен бір анадан тарайтынын дәлелдеген жаңалығы да шумер аңызын айғақтай түскені анық.

Археологиялық зерттеулер ежелгі дәуірде Оңтүстік Африкада тау-кен жұмыстарының жүргізілгенін дәлелдейді. 1970 жылы археологтар Свазиленнен тереңдігі 20 метр болатын, алтын өндірілген үлкен шахта тапты. 1988 жылы физиктердің халықаралық тобы шахтаның осыдан 80 не 100 мың жыл бұрын жұмыс істегенін анықтады. Зулу тайпасының аңыздарында осы шахталарда «алғашқы адамдардың» жан мен тәннен тұратын жасанды құлдары жұмыс істегені айтылады. Жойылып кеткен Нибиру планетасының өмір сүргенін, оның жарықшақтарының 3600 жылда бір рет Жерге жақын келетінін америкалық астрономдар да дәлелдеген.

Әрі қарай аңызда Энки жердегі алғашқы басқарушы болғаны айтылады. Ол Жердегі өмірді реттеумен айналысқан. Сонымен даналық пен білімді аннунактар адамдарға сыйға береді. Осы мәліметтерді тарату және кейінгіге беру үшін абыздар таңдалып, арнайы дайындалған. Абыздарды «тазалар», немесе «нұр түскендер» деп те атаған. «Құдайдың нұры түскен» деген тіркес осыдан қалса керек. Шумерлердің салтында Құдайлармен сұхбаттаса алатын Абыз дәрежесі ұрпақтарына мұраға қалып отырған.

Аңыз Энкидің күнтізбе, математика мен жазу өнері туралы білімін өзінің кіші ұлы Нингишзидке, ал үлкені Мардукке медицина және өлгендерді тірілту білімін бергенін жеткізеді. Энкидің жерліктерге берген білімі құтқару, Нибиру планетасының Күн жүйесіне әкелуі мүмкін апаттарға қарсы тұру, құтылу мүмкіндігін де бағамдайды. Майя күнтізбесі оның Жерге кезекті жақындауын 2012 жылдың 21 желтоқсаны деп белгілесе, қазіргі заман оқымыстылары 2060-2158 жылдар аралығында күту керектігін болжайды. Нибирудың келесі қайтып оралуы жер­ге қатер әкеле ме, әлде қуаныш әкеле ме, ол жағы белгісіз. Дегенмен Энки­дің жерліктерге берген білімі, құдай­лармен тең дәрежеде сөйлесу мүм­кіндігін тұспалдаған.

Тағы бір таң қаларлығы, шумерлердің Месопотамия жеріне қайдан, қалай келгені белгісіз. Сонымен қатар ғылым мен білімді, мәдениет пен өнерді кімнен, қалай үйренгені де түсініксіз. Өйткені Қос­өзенде шумерлерден бұрын өмір сүрген убайдтар әлі тас ғасырына тән мә­де­ниет­пен тіршілік еткен. Яғни, шумерлердің кенеттен пайда болып, үлкен өркениет қалыптастыруының өзі құпия­ларға толы.

Эволюция ақиқат па, әлде адасу ма?

Идеалистер тұрғысынан діни көз­қарас бойынша Жаратушының әлемді жоқтан бар жасауының еш сөкеттігі жоқ. Алайда материалистер үшін болмыстың төркінін материядан іздеу аса маңызды. Сондықтан екі ағым өкілдерінің басы бір қазанға сыйған емес. Бұл жөнінде грек ойшылы Парменидтің «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» деп кесіп айтқаны діни түсінікке томпақ келетіні тағы бар. Ал А.Лавуазье болса бұл ұстанымды «еш нәрсе бардан жоққа айналмайды немесе жоқтан бар пайда болмайды» деп тіптен арыға кетті. Нақты материалдық дәлел болмаса, киелі кітаптардың дегеніне илана қоймайтындар үшін, әсіресе, адамның неден жаратылғанын түсіну тіптен күрделі мәселе. Олар үшін ғылыми болжамсыз, нақты тәжірибесіз діни мәтіндер арқылы теория жасауға тағы болмайды. Осылай тынымсыз ғылыми ізденістерден соң үшінші көзқарас – эволюциялық теория өмірге келді.

Бұл теория бойынша адам баласы жер бетіндегі басқа тіршілік иелері секілді ұзақ және біртіндеп дамудың арқасында, сатылап өзгере отырып қалыптасқан. Аталған көзқарас Ч.Дарвиннің ілімі негізінде қалыптасса да, одан бұрын негізі қаланып қойған ағым болатын. Бүгінгі барша ғылыми оқулықтар да осы теория негізінде жасалған. Алғаш Дарвин ғылыми ортаға аталмыш ілімін жария еткенде қарсы болғандар да, қолдағандар да көп болыпты. Әрине, шіркеу ең бірінші болып қарсы шықты. Себебі бұл ілім діни түсінік бойынша адам топырақтан жаратылды әрі түрлер өзгермейді деген қос бірдей сеніміне қарсы келген күпір ой еді.

Шіркеу қаншалықты қарсы болғаны­мен, ғылыми ортада қызу қолдауға ие болды. Қолдағандардың қатарында әйгілі философ Маркс та бар. «Адамды адам еткен – еңбек» деп жар салған Маркстың идеясымен жаңа теория қабыса кеткен соң қолдамай қайтсын. Ал Ф.Гальтон «Чарльз Дарвинның 1859 жылы жарық көрген «Түрлердің сұрыпталуы мен шығу тегі» кітабы – менің ғана емес, бүкіл адамзат ақыл-ойы дамуының аса зор белесі болды», – деп жоғары баға берген.

Дарвин ілімі бойынша адам баласының арғы тегі маймылдардан, маймыл болғанда да қазіргі маймылдардан мүлдем бөлек гоминид деген өзгеше тектен бастау алады. Біртіндеп дами келе 14-9 миллион жылдар арасында рамапитек деген жаңа сатыға көтеріліппіз. Десе де олардың аталары секілді қолына ілінгенін талғажау етіп күн көретін кәдімгі маймылдан соншалықты айырмашылығы болмапты. Сосын Шығыс Африкадан 5-2 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдардың сүйегі табылады. Ғалымдар зерттей келе оның алғаш еңбек құралдарын пайдаланған адамдар екенін біліп, оған хомо хабилис (шебер адам) деген баға беріп, автралопитек деп ат қояды. Одан кейін 1 миллион жыл бұрын питекантроп, ал 500-200 мың жыл бұрын синантроп деген жаңа сатыға көтеріліппіз. Бұл адамдардың басты ерекшелігі тік жүретіндігі. Сондықтан ғалымдар бұл адамдарды хомо эректус (тік жүретін адам) деп атаған. Енді даму белесіміз 200-35 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамында көрініс тауыпты. Осылайша 40-35 мың жылдар арасында дамудың соңғы сатысы краманьон адамы болыппыз. Бұл дегеніңіз қазіргі хомо сапиенстің (саналы адам) тікелей аталары. Мінеки адамзат дамуының қысқаша хронологиясы осылай.

Қызығы, сырттай қарағанда адамдардың үзіліссіз көрінетін даму сатылары мінсіз емес. Тіптен бір-бірінен алшақтата түсетін тұстары көп әрі байланыстыратын жерлері аз. Ч.Дарвинның өзі бар екеніне зор сенім білдіріп кеткен аралық түрлер де әлі күнге табыла қойған жоқ. «Таптық» деп сенсация жасағандардың алаяқтық жасағаны кейіннен белгілі болды. Осы себептерден кейін Ч.Дарвинның әйгілі теориясына күдікпен қарайтындардың қатары көбейді әрі күннен күнге артып келеді. Тіптен бұл теорияны оқытудан бас тартқан елдер де бар.

Соңғы кездерде мүйізі қарағайдай ғалымдар арасында да эволюция теория­сына қарсы сын пікірлер жиі айтылуда. Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері Э.Чейн: «Тіршіліктің бастауы туралы ойлаудың соңы тығырыққа тірейтінін айтып келемін. Ең қарапайым деген тірі ағзаның өзі қарабайыр химиямен үлкен зерттеуді қажет еткенде, ғалымдар миллиард жыл бұрынғы оқиғаны анықтағысы келеді. Құдайдың құ­діретінің шексіздігін ғылыммен тү­сіну мүмкін емес», – десе, биология ғылымдарының докторы, профессор Л.Бунур: «Эволюция – үлкендердің ертегісі. Бұл теория ғылымның дамуына ештеңеде қосқан жоқ. Ол түкке тұрмайды», – деп оны мүлдем жоққа шығарады.

Әрине, эволюция теориясының ғылым үшін маңызы зор. Өйткені, жалған болсын не ақиқат болсын, осының жолында қан­шама ғалымның ақыл-зердесі мен өлшеусіз еңбегі жатыр. Қанша жерден бұл теорияның жалған екеніне көз жеткізсек те, Дарвинның бұл болжамы оның ашқан басқа ғылыми жаңалықтарына көлеңке түсіре алмайтыны анық. Дегенмен адамзат қоғамы мен ғылымда жаңа сұрақтардың туындайтыны заңды.

Адам қалай жаратылды екен?! Бұл мәңгілік сұрақ…

ПІКІРЛЕР22
Қонақ 18.06.2020 | 22:22

«Адам қалай жаратылды екен?! Бұл мәңгілік сұрақ…»

Деп айтумен, өзіңізде адамды алла жаратты дегенге күмәнмен қарайтыныңызды, ал күманнің түбі адасу, ал адасу….

Қонақ 14.08.2020 | 01:16

Адам түгіл жаратылыс қалай табылды дегеннің уәжін Құраннан табуға болады ау. Алла тағала өз кітабінде бүкіл ғаламды аяттар деп атайды. Аят деген құбылысты айтамыз. Ал бұларды әркез хикметінше құбылтып тұр. Сонымен жоқтан бар қылды деу керек емес. Қалаберді жер бетінде Адамды өз орынбасары деп таңдапты. Бұл жарықтық мұндай ауырды көтере алсын деп аспандарды да Оған сәйкестірген.

Қонақ 18.08.2020 | 22:26

Керемет мақала!

Қонақ 29.08.2020 | 16:49

Нұрсерік керемет мақала

Қонақ 09.06.2021 | 23:32

👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

Қонақ 09.06.2021 | 23:34

.

Қонақ 25.06.2021 | 19:28

Адам маймылдар жаратылама? Əлде алладан ба ?

Қонақ 05.09.2021 | 14:17

Адам атадан тарағанбыз

Қонақ 28.09.2021 | 22:44

Адам қай жерде пайда болады

Қонақ 02.10.2021 | 09:15

Құдай Хауа ананы жаратып одан адамдар пайда болған

Қонақ 12.10.2021 | 20:42

Бір жаратушы бір алланың бары хақ бір алла маймылды жаратып

Қонақ 12.10.2021 | 20:43

Маймылдан адамды жаратуы мүкүн аллах тағала

Қонақ 04.10.2023 | 21:08

Алла Тағаламыз жаратты.

Қонақ 23.10.2023 | 18:56

Маймылдың адамнан пайда болғаны Құран Кәрімде айқын көрсетілген.
«65. Әрі сендер өздеріңнің сенбі күніне қатысты шектен шыққандарды білдіңдер. Біз оларға: «Жексұрын маймыл болыңдар», — дедік» (Әл-Бақара сүресі. 65 аят).
Тәпсір: Исраилдықтардың бір қауымына (Айлы тұрғындарына) сенбі күні балық аулауға тыйым салынған еді. Сол күні балықтар жағаға еркін келетін. Олар торды жұма күні салып, жексенбі күні алумен сырт көзге білдірмей айла-тәсілмен тыйымды бұзған қулықтары үшін, аса ұлы Алла оларды маймылға айналдырып жіберді. Ибн Касир.
«163. (Ей, Мұхаммед!) Олардан теңіз маңында болған ауыл туралы сұра. Сол кезде олар сенбі күнгі тыйымға қатысты шектен шығушы еді. Оларға сенбі күні балықтар ашық келіп, ал сенбі күнгі тыйымды ұстанбайтын өзге күндері келмейтін еді. Біз оларды бұзық болғандықтары (бойсұнбағандықтары) үшін осылай сынаймыз» (Әл-Аъраф сүресі. 163 аят).
Тәпсір: Аса ұлы Алла исраилдықтарға сенбі күнін демалыс етіп, ал олардан болған бір кентке сенбі күні балық аулауға тыйым салды. Ал, сол күні балықтар жағаға қаптап келетін болған. Ауыл тұрғындарының бір бұзық бөлігі қулық істеп, жұма күні тор құрып, ал жексенбі күні балық толған торды жинап алатын болған. Аса ұлы Алла оларды жазалап, маймылдарға айналдырып жіберді. Ибн Касир.
«154. … «және оларға сенбі күні шектен шықпаңдар» — дедік» (Ән-Ниса сүресі. 154 аят).
«60. Тағы да айт (Мұхаммед) «сендерге Алланың қасында тұрған бұл сыйлықтан басқа сорақысын (яғни, сенбі күнін өзгерткендер, қараңыз: 2 сура, 65 – аят) хабарлайын ба?» — деп. Алла біреуді қарғап, оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар және пұтқа табынатындар жасаса, міне, солардікі жауыздырақ орын және тура жолдан адасушылық» (Әл-Мәйда сүресі. 60 аят).
«124. Ақиқатында, «сенбі күн» — ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді» (Ән-Нахл сүресі. 124 аят).
Тәпсір: Аса ұлы Алла әрбір үмметке аптаның жұма күнін бойсұнушылардың бірге жиналып, құлшылық етулері үшін бекітті. Мұса пайғамбар, оған Алланың сәлемі болсын, осыны жеткізген кезде, иудейлер Мұса пайғамбарды тыңдамай, жұма күнінен бас тартып, сенбі күнін сұрап, аса ұлы Алла оны оларға бекітіп берді. Ибн Касир. Бұл иудейлердің Мұхаммед пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сенбі күніне қатысты Ибраһимның жолын ұстанбайсың деп айыптауына қатысты. А. Саъди.
«3. Ақиқатында, сендердің Раббың – Алла, ол Аспандарды және жерді алты күнде жаратқан» делінген (Жүнүс сүресі. 3 аят).
Демек, Алланың тыйымдарын бұзсаң осылай жазаланасың деген сөз. Ұлы Жаратушымен өлексе, аққан қан, доңыз еті, Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың еті және арақ арам етіліп, тыйым салынды. Демек, осы тыйымдардан өзіңді тыйып, аптаның алты күнінде тынымсыз еңбек етіп, Сембі күні (жетінші) демалу Алланың қалауы. Қазақ үшін Сембі сәтті күндер қатарында саналмайды. Ал, Семиттер бұл күнді сәтсіз күн деп есептемейді. Себебі, олар (бөлінушілер, бөлушілер және бүлдірушілер) осы күннің атын иемденіп отыр. Бұл күн атауының авторлық құқығы солардікі.
Түсініктеме: Айлы тұрғындары – Ай ауылының тұрғындары деген мағына береді. Ай сөзі аналық текке жатады. Адай дегенімізде Ад және Ай болып, Ай екінші буында тұр. Ад – Адам, Ай – Әйел деген мағына береді. Аспанда Ай жердің, жерде әйел ердің серігі. Ай мен Ева синоним.

Қонақ 24.10.2023 | 20:59

Маймыл болса қазір неге маймылдан адамдар шықпайды?)

Қонақ 24.10.2023 | 21:00

Магнитке келетін болсақ жансыз зат қой ұрып сындырып тастай аласың
Бізді Алла ғана ғана жаратты

Қонақ 25.10.2023 | 20:50

👍🏻👍🏻👍🏻

Қонақ 04.12.2023 | 07:26

Әр жаратылыс иесін алла тағала өзі дем беріп жаратты деп ойлаймын жануарды жануар етіп ,адамды адаша жаратты деп ойлаймын алланың құдіреті шексіз ғой әр нәрсеге әр түрлі атау беріп алла өзі жеке жеке жаратты деп ойлаймын.

Қонақ 14.02.2024 | 13:17

Бәрі маймылдар жаратылды деп жатыр ал маймылдар кім жаратты соған жауап барма?сіздер біліп алып сөйлейтіндер ауыздарыңызға келгенінде оттамай бүткіл тіпті бір уыс құмға да дейін Аллах тағала жаратты қайдағы өтірікші адамдарға сенбей!!!!

Қонақ 05.05.2024 | 18:16

Ең бірінші тауық болды ма,әлде жұмыртқа пайда болды ма ?

Қонақ 10.09.2024 | 20:13

Қотақбас адам неден жаратылды өзі

Қонақ 22.09.2024 | 16:54

Жер бетінде Адам ғ.с атамыз ұрпақтары мен адамтектестер өмір сүреді деп айтылды емес пе, соны түсінбейтін адамтектестердің бірі өздерің емес пе шулап жатқан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір