«Бесеудің хаты» немесе ашаршылық құрбандарының сұрауы
11.07.2017
84928
25

Осыдан сексен бес жыл уақыт бұрын, 1932 жылы, 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Коммунистік жоғары оқу орнының оқу ісі жөнін­дегі проректоры Емберген Алтынбеков пен оның орынбасары Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев хат жазады. Ашаршылықтың ауыр нәубетіне, қазақ халқы­ның бастан кешкен қиын жағдайына алаңдап, мұншама сұраусыз көз жасы мен қырғынға кінәлі адамдар неге жауап бермейді деген талап қойған бұл хат тарихта «Бесеудің хаты» деген атпен қалған еді.
Кеңес үкіметінің жаңа қағидалары қазақ қоғамына қайшылықты келіп, жалпыұлттық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды күйретіп жібергені, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар халықтың жаппай аштыққа ұшыра­уына, ауа көшуіне әкеліп соққаны баяндалған бұл хат БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алады. Сонымен қатар, елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары да егжей-тегжейлі айтылған «Бесеудің хаты» қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі деуге де болар.
«Бесеудің хатын» ұйымдастырғандардың біреуі – Мансұр Ғатаулин небары 34 жасында оққа байланып, аласапыран уақыттың құрбаны болады. Қалған төрт азаматтың да басына қара бұлт үйіріліп, қуғын-сүргін көреді.


Тұрсын Жұртбай,
жазушы, алаштанушы

Ұлттық намыстың семсері

Қазақ зиялылары жазған «Бесеудің хаты» қазақ тәуелсіздік жолындағы күре­сінде үлкен орны бар хат. Себебі, халқы миллиондап аштықтан қырылып жатқан­да, өзінің пікірі мен қарсылығын білдірген, халыққа жаны ашыған азамат нағыз зиялы. Сондықтан да бұл бес адамды халықтың рухани күші, семсері деп атауға болады. Олар адамдықтың, азаматтықтың үлгісіне айналды. Бұл бесеу жалғыз емес еді. Ашаршылық басталған кезде Алматы облыстың партия комитетінде қызмет еткен, сол кездегі Сарыөзек, қазіргі Қоңырөлең ауылының тумасы, Дайыр Әбікеев деген азамат «қазақтар қалай аштыққа ұшырады, үкімет не істеуі керек еді деп» хат жазғаны үшін, Алматы обкомының бес-алты адамы қатар ұсталған. Дайыр Әбікеев Ақыртөбеде 1937 жылы атылды. Ашаршылық кезінде, қалың қазақ миллиондап қырылып жатқан тұста мұндай ойлар әр облыста, әр қызмет орынында айтылған. Өкінішке қарай, 1932 жылғы ашаршылық кезінде қайраткерлік жасаған адамдардың тарихы аз зерттелген. «Бесеудің» аты көпшілікке ашық жетсе, есімдері жасырын қалған, алайда ашаршылық кезінде қырылған жандардың сұрауын сұраған, жоғын жоқтаған қайраткерлердің кейбірі әлі толық анықталған жоқ.
Біз өз пікірін ашық білдірген бес адамның есімін қашан да ұлттық намыстың семсері ретінде ұстауымыз керек. Олар осы бір азаматтық қадамы арқылы қазақтың ішінде де халқымен бірге ар ұяты, намысы барын көрсеткен және сол халық үшін шындықтың туын желбірете алатын тұлғалардың бар екенін дәлелдеген оқиға. Сондықтан да «бесеуді» ерекше атауымыз, «Бесеудің хатын» әр адам ұлттық шындықтың туы ретінде жоғары қоюы керек.
Ой-пікірін ашық білдіргендерді баудай қырқып түсірген билеуші партияның десінен сескенген ұлттық интеллигенция одан кейінгі бұқпалап өмір сүруге көндіккені де жанды ауыртады. Ал ұлтқа ең ауыр қасірет – осы.
Сондықтан да «Бесеудің» аты-жөнін ұлықтап, олардың әрбір идеясын насихаттап, «Бесеудің хатын» жыл сайын қайтадан жариялап, еске алып, түсіндіріп отыру – біздің парыз.


Хаттың қысқаша мазмұны:
БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекин жолдасқа!
…«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). …Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады…
…Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұрт­шылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi ода­ғының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тарт­пайды?
Мүсірепов, Ғатаулин, Дәулетқалиев, Алтынбеков, Қуанышев.


Талас Омарбеков, тарихшы

«Бесеудің хатын» халық кейін оқыды

Бұл хат туралы сол кезде, сол сәтте қазақ қоғамы то­лық білді деп айту қиын.
Бұл хаттар, әрине, Т.Рысқұловтың ықпалымен жазылды. Жалпы, сол кездегі қоғамдық ахуал туралы Ораз Исаев, Тұрар Рысқұловтар жазған, «Бесеудің хаты» сияқты тарихи құжаттар біршама баршылық. Осы хаттарға байланысты 1932 жылдың 17 қыркүйегінде, Мәскеуде «Қазақстан ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы туралы» деген арнайы қаулы қабылдауға мәжбүр болған. Хат жазушылардың мақсаты – сол кездегі қазақ қоғамындағы үлкен қиындықтарға кінәлі болған Голощекинді қызметтен кетіру еді. Ол қызметтен кетсе, Қазақстандағы жағдайды түзеуге болады. Ал оны түзейтін қазақ, демек, Голощекиннің орнын қазақ басады деп ойлады.
Қоғам 1991 жылға дейін ондай хаттардың бар екенін білген де жоқ. Бірен-саран адамдар, сол хатты жазғандардың туған-туысы «сыбырлап айтқан» әңгіме арқылы шет-жағасын білсе, білген де шығар. Бірақ тұтас қоғам хабарсыз еді. Себебі, ол қоғам жабық қоғам болатын. Ал ашаршылықты бастан кешкен халықтың жағдайын айтқан ол хаттар партия тыйым салған мәселе­лерді көтеріп отырды.
Мұндай хаттар көп жазылды. Мәселен, 1933 жыл ОК Бас хатшысы
И.Ста­лин мен Қазақ өлкекомының жаңа бірінші хатшысы Л.Мирзоянға арналған «Алтаудың хаты» да бар. Оған қол қойғандар: қызыл профессура институтының тыңдаушылары Ғатаулла Исқақов, Ильяс Қабылов, Жүсіпбек Арыстанов, Бірмұхамед Айбасов, Қазөлкеком мүшесі Ғаббас Тоғжанов, студент Оразалы Жандосов (Ораз Жандосовтың бауыры). Бұл хатта да сол уақыттағы халықтың жағдайы ашып айтылады. Атап айтқанда, қазақтардың Сібір және Орта Азия темір жол станцияларына, қалаларына, орталықтағы қалаларға, көрші республикалардың облыстарына босып кеткені, көбінің қайыршылық хал кешіп жатқаны баяндалып, оларға шұғыл көмек көрсетілмесе, көктемге қарай халық арасындағы өлім-жітім тым көбейіп кететіні хабарланды.

Әзірлеген Қ.СЕРІКҚЫЗЫ.

ПІКІРЛЕР25
Қонақ 08.04.2020 | 21:37

Керемет

Қонақ 22.04.2020 | 13:33

Жақсы!

Қонақ 29.04.2020 | 14:25

Оте жақсы

Қонақ 30.04.2020 | 11:24

Яя

Қонақ 21.05.2020 | 12:00

Рахмет

Қонақ 08.04.2021 | 21:14

Керемет!

Қонақ 14.04.2021 | 08:56

Зор

Қонақ 14.04.2021 | 08:57

Өсе бер өне бер көгере бер!

Қонақ 14.04.2021 | 13:40

😭👍🏻

Қонақ 14.04.2021 | 13:41

.

Қонақ 21.04.2021 | 11:31

Өте керемет ысын алға баса берсын

Қонақ 21.04.2021 | 11:31

Дана

Қонақ 21.04.2021 | 11:32

Өз ойларыңды жазыңдар

Қонақ 21.04.2021 | 11:33

Жасок Айнур

Қонақ 21.04.2021 | 11:34

Дана Диана

Қонақ 22.04.2021 | 01:26

jackpot 🎰 upнул 🤩 хостел🏩 homie🏡 я 😋
мой ☝🏻sold🎫 out 🚪несет 🤲 не зло 👹
главное🐺чтоб была🌍семья👨‍👩‍👦
вера 🙌🏻в чудо🔮не💸

Қонақ 13.05.2021 | 23:58

Жаксы

Қонақ 14.05.2021 | 02:10

осындай ұлыларымызды ұмытпай, олардың есімін ел есінде қалуына үлес қосып жатқандарыңызға көптен көп рахмет

Қонақ 19.05.2021 | 14:42

любить🤯таджика😷очень😍сложно🤬забыть🎁таджика💋невозможно🤔любить🤣таджика🚼это😈честь😭ведь😱не😘у😰каждой🕳девушки🍄он👨‍🦯есть😩
любить🤯таджика😷очень😍сложно🤬забыть🎁таджика💋невозможно🤔любить🤣таджика🚼это😈честь😭ведь😱не😘у😰каждой🕳девушки🍄он👨‍🦯есть😩
любить🤯таджика😷очень😍сложно🤬забыть🎁таджика💋невозможно🤔любить🤣таджика🚼это😈честь😭ведь😱не😘у😰каждой🕳девушки🍄он👨‍🦯есть😩
любить🤯таджика😷очень😍сложно🤬забыть🎁таджика💋невозможно🤔любить🤣таджика🚼это😈честь😭ведь😱не😘у😰каждой🕳девушки🍄он👨‍🦯есть😩

Қонақ 19.05.2021 | 14:43

любить🤯таджика😷очень😍сложно🤬забыть🎁таджика💋невозможно🤔любить🤣таджика🚼это😈честь😭ведь😱не😘у😰каждой🕳девушки🍄он👨‍🦯есть😩любить🤯таджика😷очень😍сложно🤬забыть🎁таджика💋невозможно🤔любить🤣таджика🚼это😈честь😭ведь😱не😘у😰каждой🕳девушки🍄он👨‍🦯есть😩любить🤯таджика😷очень😍сложно🤬забыть🎁таджика💋невозможно🤔любить🤣таджика🚼это😈честь😭ведь😱не😘у😰каждой🕳девушки🍄он👨‍🦯есть😩

Қонақ 19.05.2021 | 14:48

dick, dick, dick, DICK, im getting ripped tonight RIP that pussy ayyyyy

Қонақ 19.05.2021 | 18:02

Nicki Minaj Is The Queen Of Rap

Қонақ 19.05.2021 | 18:02

BLACKPINK IN YOUR AREA

Қонақ 19.05.2021 | 18:03

stan jisoo bitches

Қонақ 19.05.2021 | 18:04

помогите с тжб я уже заебалась

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір