Әлем ақындарының ұлы құрылтайына шақырамыз
07.04.2017
955
0

Әлемдегі барша ақындар!
Адамзат бүгінгі таңда үлкен сы­­­нақтың алдында тұр. Біздің Жер-анамыз тұмса қалпынан күн озған сайын айырылып, өзен-сулар лас­танып, жер қыртысының тозуы, жер сілкінісі, теңіз дауылы, құрғақ­шы­лық, табиғаттың қатері тоқтау­сыз етек алып барады. Жерасты бай­лықтарды аса жылдамдықпен пай­даланып сарқудан, жер бетіндегі өсім­дік, жануарлар аймағы да жойылу­да. Адамзатқа табиғаттан бұйыр­­ған тәңірлік қасиеттері бар­ған сайын құрып, адамдар ақпарат толтырушы сауыт сияқты бағдар­ла­маланып, Жер-анамен тамырласты­ғын ұмытып барады. Осындай ал­ма­­ғайып тұста біз не істеуіміз ке­рек?
Ақындар – өлшеусіз уақыттың ой-санасын жеткізуші, адамзаттың тіл мәдениетінің елшісі, табиғатпен бітеқайнасқан түйсіктерді сездіруші себепті қазіргі әлемге сіздердің өлең­деріңіз арқылы жететін алдас­пан сөздеріңіз аса қажет. Табиғат ана мен адамзаттың дәстүрлі ырғағы үзілуге тиіс емес.
Біз бүгінгі таңда поэзия арқылы та­биғаттың ақыл-ойын тыңдап, сөз­дің әсем ырғағымен адамдардың та­биғи көңіл пернесін дөп баса жыр­лауымыз керек. Табиғат анамыз бен адамзаттың арасын жалғаушы – көңіл пернелері үзілсе болмайды.
Бүгін біз поэзия арқылы таби­ғат­тың көңіл-күй, жан-тынысын тоқ­таусыз тыңдап, асыл сөз мар­жаны­мен адамдардың табиғи сана­сын­да бұғып жатқан сазды ырғақ­тар­ды көркемдік арқылы жырлауға тиіс­піз.
Осы ұғымда, біз әлемдегі ақын­дарды Моңғолияның астанасы Ұлан­­батырда бас қосып, өлең-жыр­ла­рын оқып, оған қоса Моң­ғолия­ның шөлейттеріне саяхаттап; ж­а­қын сырласып, көңілдегі ойларын ортаға салып, сырарғалық жасау, тә­жірибелер алмасып, дауыстарды біріктіру мақсатында: 2017. 08.16–22 аралығында «Табиғаттың ақыл-ойы және адамдардың жан-табиғаты» деген поэзия күндеріне қатысуға шақырамыз. Ақындар ғана емес, ұлт-ұлыстардың ақыл-ойының кө­пірі болған өлең-сөздің аудармашы­лары, әдебиет зерттеушілерінің де қатысуларын қалаймыз. Бұл ретте сіздерді астанадан 500 шақырым қа­шықтықтағы шөл /гоби/ өлке­лер­ге аралатып, ХІХ ғасырдағы Моң­­ғол ақыны, ағартушы, будда ді­нінің оқымыстысы Данзанравжа­ның рухы сіңген жеріне барып, шөлдің ерекше табиғаты, көшпен­ді­лердің қызықты болмысымен та­ны­сып, түнгі аспан астында ақын­дық шабыттарыңызды шақыруға мүмкіндік жасап отырмыз.
Ақын достар, бүгінгі таңда дү­ниежүзінде экономикалық жағ­дай қолайсыз, соның арасында Моң­ғо­лия елі экономикалық ауыр жағ­дай­ды бастан кешіріп жатқанын сіз­дер де түсінеді деп сенеміз. Біз бар мүмкіндігімізбен аса бір мол болмаса да, қызықты әсем поэзия кеш­тер өткізу жобасын шамамыздың кел­генінше сіздерге арнап дайындап жатырмыз. Сонымен сіздердің баршаңызды біздің қысқаша жобамызбен танысуларыңызды сұраймыз.
Құрылтай төлемі: WCP 37-г Моң­ғолияда 6 түн, 7 күн болуға жос­пар­ладық. Және 500 шақырым­да­ғы шөлге (гоби) саяхаттау. Құрыл­тайға қатысу бағасы 750$ және сізге гобиға саяхаттау уақыт ұзақ, қиын се­зілсе, Ұланбатыр қаласының маңын­дағы «Тэрэлж» ұлттық паркі­не саяхаттау маршрутын таңдауыңыз­ға болады (5 түн, 6 күн 650$) .
Қадірлі ақындар! Табиғаттың ақыл-ойын тыңдап, адамдардың жан-табиғатын ашайық!

Құрметпен, моңғол ақыны
Г.Мэнд-Ооёо.


ӘЛЕМ АҚЫНДАРЫНЫҢ 37-ші ҰЛЫ ҚҰРЫЛТАЙЫ

Моңғолиядағы Әлем Поэзия күндерінің кестесі
16 – 22 тамыз, 2017 жыл.
Монгол Улс, Улаанбаатар. Говь
Тақырып: ТАБИҒАТТЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫ ЖӘНЕ АДАМДАРДЫҢ ЖАН-ТАБИҒАТЫ
16.08.2017 жыл.
• Қонақтарды қарсы алу, тізімдеу;
• Халықаралық ақындардың танысу кеші.
17.08.2017 жыл.
• Әлем ақындарының 37-ші ұлы құрылтайының ашылу салтанаты: Құрыл­тайдың тақырыбы: «Табиғаттың ақыл-ойы және адамдардың жан-та­биғаты»;
• Әлем ақындары антологиясының тұсаукесері;
• Тайуанның ақыны Юй Си-дің құсни жазбасы, жазу мәдениетінің көрмесінің ашылуы;
• Поэзия оқылымы.
18.08.2017 жыл.
«Жан табиғаты» халықаралық поэзия фестивалі;
• Моңғол ақыны В.Инжиннаши – 80 (1837-1882), Г.Сэр-Од – 100 (1917-1940), Ч.Лхамсүрэн – 100, Ч.Чимид – 80 (1927-1980), Д.Нямсүрэн – 70 (1947-2002), О.Дашбалбар – 60 (1957-1999) секілді белгілі ақындардың атаулы жылдығына арналған салтанатты шара.
19.08.2017 жыл.
• “Табиғаттың ақыл-ойын ұғыну” халықаралық ақындардың шығарма­шы­лық саяхаты;
/ “XIX ғасырдың Моңғолдың даңқты ақыны, ағартушы, оқымысты Данзанравжаның мемориалды жерлері;
«Хамарын хийд, Шамбал, Хүслийн таулары /Маршрут: Улаанбаатар – Дорноговь/.
20.08.2017 жыл.
• Гоби саяхатының жалғасы;
• Поэзия оқылымы;
• Жаңа кітап, журналдардың таныстырылуы;
• Көшпенділер тірлігімен танысу;
• Жұлдыздар астындағы түнгі поэзия оқылымы.
21.08.2017 жыл.
• Уланбатырға қайтып келу;
• Жабылу салтанаты;
22.08.2017 жыл.
Қонақтарды аттандыру.

Қазақ тіліне аударған Жүкел ХАМАЙ.

ПІКІР ҚОСУ