«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс шараға шақырамыз
Пресс-релиз
Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен қарттардың күнделікті өміріне жаңа бояулар беруге мүмкіндік беретін бірнеше бағдарламалар әзірленді. Белсенді ұзақ өмір орталықтарын құру егде жастағы азаматтарға қоғам өмірінің әр түрлі салаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, белсенді азаматтардың санын арттыруға, олардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға көп мүмкіндік берді. Биылғы жылы ақпан айында қалалық орталықтың 2 бөлімшесі ашылды. Жалпы Алматыда 14 белсенді ұзақ өмір орталықтары бар, соның ішінде 11 үкіметтік емес ұйымдарда әлеуметтік жобалар жүзеге асыралады.
Белсенді ұзақ өмір орталықтарында смартфон және компьютерлік сауаттылық, классикалық және заманауи билер, скандинавиялық серуендеу, шахмат, тоғызқұмалақ, сурет салу, кескіндеме және графика, қолмен жұмыс (тоқу, киізден, кептірілген өсімдіктерден қолөнер бұйымдары), есте сақтауды нығайту техникасы, психологтардың өзін-өзі сауықтыру жүйесі бойынша тренингтер, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық консультациялар, ағылшын және қазақ тілдерін оқыту сияқты қызмет көрсету түрлері қарастырылған.
Белсенді ұзақ өмір орталығы қартарымыздың қоғамдық өмірге белсене араласу мүмкіндіктері, қартарымыздың өмірлерін жаңа белестерге жетелеп, жақсы әсер алуына жағдай жасалуда.
2024 жылдың 19 наурызы сағат 11.00де Алматы қаласы, Гоголь көшесі №1 мекенжайында орналасқан Орталық демалыс саябағында Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір орталығы», Медеу және Бостандық бөлімшелерімен бірге Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс шара өткізеді. Мерекелік бағдарламада қызмет алушылар ұйымдастырған домбыра, хор және би ансамбльдері, ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады. Қонақтарға Наурыз көже мен бауырсақтар ұсынылады.
Концерттік бағдарлама Қыдыр атамыздың батасымен басталып, балалар мен жастардың музыкалық коллективтерінің өнері, театрлық қойылымдар мен басқа да қызықты көріністермен жалғасады.
Қонақтар қатарында Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, Ардагерлер кеңесі және Белсенді ұзақ өмір орталықтарының басшылары болады.
Іс-шара өтетін күні: 19 наурыз 2024 ж.
Басталуы: сағат 11:00-де.
Өтетін орны: Орталық мәдени және демалыс саябағы.
Тел. 8 777 685 48 88 Даяна Сарбасова