«XX ғасыр басындағы әдебиет және Алаш ұстанымы»
Биыл «Мектеп» баспасынан жарық көрген, ғалым Руда Зайкенованың бұл еңбегі XX ғасырдың басындағы тәуелсіздік жолында мерт болған Алаш қайраткерлерінің ұлттық ұстанымына негізделген. Мұнда XX ғасырдың басындағы әлеуметтік жағдай мен рухани өмірдегі өзгерістер және сол кезеңнің қайталанбайтын тұлғалары арқылы ұлттық дамудың көркемдік кеңістігі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сарапқа салынған.
Кітап «Қазақ әдебиеті тарихы» курсы бойынша жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістерде, семинарларда, практикалық сабақтарда пайдалануға және арнаулы курс жүргізуге көмекші құрал ретінде қазақ әдебиеті мен тарихы пәндерінің мұғалімдеріне, студенттерге, жоғары сынып оқушыларына, сондай-ақ, жалпы әдебиет сүйер қауымға арналған.
Гүлім Нұрланқызы.