Халық алдында есеп берді
Наурыз айының 13-і күні «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2016 жылдың он екі айы бойынша біріктірілген қаржы нәтижелері туралы баспасөз өкілдеріне есеп берді. Шараға аталған банктің басшылық құрамы мен бір топ журналистер қатысты. Өткен жылдағы банктің есептік көрсеткіші айтылып, өзге нәтижелермен салыстырмалы түрде сабақтастырыла баяндалды.Банктің 2016 жылғы жеткен жетістігіне тоқталған Қазақстан Халық Банкінің Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова: «Кредиттеудің өтімділігі мен тоқтатыла тұруының, теңгедегі жоғары мөлшерлемелердің болмауымен көрсетілген, қазақстандық коммерциялық банктердің жаппай барлығы үшін күрделі болған жылдың басына сүйене отырып, 2016 жылға жасалған болжамдардың жағымсыз болуына қарамастан, біз портфельдің тәуекелдері мен сапасына айрықша назар аударуды жалғастыра отырып, пайдалылық бойынша өз қарқынымызды сақтап қалдық, капиталға 20 % төмен емес кірістілікті қамтамасыз ете алдық» деп атап өтті.
Аталмыш шараның соңында журналистерге кезек беріліп, өткен жылдың қорытындысына және жалпы банктік қызметтің сапасына байланысты сауалдар жолданды.