Қазіргі аналар бейнесі
Бүгінгі күні қазақстандық әйелдер белсенді қоғамдық және саяси позицияларды иеленуде. Қазақстан әйелдері отбасының ошағын сақтаумен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік өмірге белсенді қатысуымен ерекшеленеді.
Экономика саласындағы жұмысшылардың жартысына жуығы – әйелдер. Олардың ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, шағын бизнес, қызмет көрсету, мәдениет, спорт саласының өкілдері бар. Бүгінгі таңда менеджерлер, оның ішінде мемлекеттік қызмет басшылары арасында әйелдер өте көп. Одан басқа, қазақстандықтардың қоғамдық санасында ерлермен қатар бизнесті бағындырған іскер әйелдің бейнесі қалыптасып келеді.
«Әйелдерде үлкен адамгершілік күш бар, олардың этникалық нормасы мен адамдармен жақсы қарым-қатынас ұстай алып және қолдайтын, яғни нағыз саяси тұлғаның ерекше қабілеті бар». Парламентаризмнің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, егер заң шығарушы органда әйелдердің саны 10%-дан кем болса, ол балаларды қорғаудағы заңды қабылдауда қиындық туғызады. Кейбір адамдар өмір сүру үшін жұмыс жасайды. Ал саясаткер әйелдер жұмыс істеу үшін өмір сүреді. Олар «менің қолымнан келмейді» немесе «бұл өте қиын» деген сияқты сөздерді мойындамайды.
Бүгінде, әйелдің иығына түскен үлкен психологиялық жүктемелер оның алдына жаңа міндеттер қояды: тік тұру, өмір сүру, өзінің балаларына және жақындарына жәрдемдесу, оларды ықтимал болатын қауіп-қатер мен шым-шытырықтан қорғау. Бұл жерде оның руханилығы мен адамгершілік қағидасында сипатталатын жоғары күшке деген сенімі мен рухани күші маңызды зор рольді ойнайды.
Қазақ қашан да қыз-келіншектерді құрмет тұтып, алақанына салып, ардақтап келген. «Бір қолымен бесік тербеткен аналар бір қолымен әлемді тербетеді» деседі дана халық. Қазақ әйелдері ғана ошақ қасындағы тіршіліктен бір уақыт бой түзеп, ел бірлігі мен болашағы үшін маңызды істерге атсалысуда.
Әйел-ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты артып, мерейінің үстем, абыройының асқақ болуында нәзік жандардың еңселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Расында, ықылым заманнан әйелдердің мойнына артылған ауыр жауапкершілік. Қылықты қыз болу, ибалы келін атану, аяулы жар болу, бала сүю, қызметте абыройға кенелу, ардақты әже атану, саналы ұрпақ тәрбиелеу…
Осындай міндетті нәзік иығымен көтеріп жүрген әйелдерге қандай мақтау айтсақ та, құрмет көрсетсек те жарасады. Ақиқатында, Алла Тағала әйел баласын сүйген жарының өрісін кеңейтіп, ұрпағын өрбіту үшін жаратты емес пе? Сол себепті, мен үшін де мінсіз әйел ол – шаңырағының шамшырағына айналған адал жар, көп балалы ана, қызметте белсенді маман. Қазіргі заманның әйелі ширақ болуы керек. Сонда ғана отбасы бірлігін сақтап, қоғамның дамуына сүбелі үлесін қосады.
Гаухар Әбдіхалыққызы,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.