Есеп пен аудит – болашағы зор мамандық
Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Оқу ордасы 83 жылдық тарихында көптеген жетістіктерге жетті. Қазір жоғары оқу орны 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2016 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген, 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет Университет ТМД университеттері арасында үшінші орында, QS рейтингісі бойынша соңғы екі жылда әлемдегі үздік университеттер қатарында саналады.
Университеттің QS рейтингісіндегі позициясы – 275 орын, Webometrics рейтінгісі бойынша университет 2016 жылы Қазақстанда 1 орынды, ал дүниежүзі бойынша 2001 орынды иеленді.Атақты халықаралық «Great Value Colleges» ұйымының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлем бойынша 50 технологиялық дамыған университеттер қатарына кіріп, рейтингте 31 орын иемденді. ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа, сонымен бiрге Сингапур, Жапония, бүкіл Азия континенті арасында қазақстандық ЖОО жалғыз өкіл екендігін айта кеткеніміз жөн.
ҚазҰУ-да UNITWIN бағдарламасына сәйкес, ЮНЕСКО кеңесімен даму бойынша Орта азиялық тұрақты даму бойынша аймақтық ЮНЕСКО хабы құрылды. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ашылды.
UNIFORM Project Халықаралық консорциум негізінде Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихында бірінші рет сирек кездесетін жоба отандық Наноспутникті әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әзірлеме басқа да жобалар сияқты Экспо-2017 көрмесінде таныстырылмақ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында «Алатау» ИТП-ның үшінші кезеңі әзірленбек. Бұл ғылыми-білім беру және инновациялық кластердің құрылуы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі «даму нүктесі» болып табылады.
Қазақ Ұлттық университетінде бүгінде 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ, алыс-жақын шетелден келген студенттер білім алады.Оқытушы-профессорлар құрамы – 2 млн. 500 мың адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар. Университетте қазіргі уақытта 14 факультет шоғырланған. Сол факультеттердің бірі «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі».
Экономика және бизнес Жоғары мектебі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ертеден танымал факультеттерінің бірі болып табылады. Экономикалық факультет 1949 жылы ашылған болатын.
2009 жылғы ақпаннан бастап факультет деканы қызметін э.ғ.к., доцент, экономика саласына елеулі еңбегін қосқан Ермекбаева Баян Жүндібайқызы атқарады. Ол еңбегі үшін алтын медальмен және Халықаралық Экономистер Конгресінің Дипломымен марапатталған. 2009 жылдан бастап
Халықаралық экономистер академиясының мүшесі, 2011 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атаққа ие болды, және сол жылы «Ең үздік оқытушы» мемлекеттік грантының иегері атанды.
Факультетіміздегі «Есеп және аудит» кафедрасы алғашқыда Экономика факультетінің «Маркетинг және жалпы пәндер кафедрасының», 2001 жылдың мамыр айынан бастап «Қаржы және аудит» кафедрасының құрамында болған. Негізінен «Есеп және аудит» кафедрасы 2004 жылғы
27 сәуірде ашылды. Содан бері «Есеп және аудит » кафедрасы халықаралық стандарттарға сай жоғары білімі бар бухгалтерлер мен аудиторларды кәсіби, білікті маман дайындаумен айналысады.
Жеке кафедра болып бөлінгеннен кейін кафедра меңгерушісі қызметін э.ғ.к., доцент Э.Т.Тулегенов атқарды. 2014 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін доцент, э.ғ.к., Б.Б.Султанова басқарды. Ал 2014 жылы кафедра меңгерушісі болып э.ғ.д., профессор Байдильдина Адиля Манатовна тағайындалып, бүгінгі күнге дейін кафедраның дамуына үлесін қосып келеді.
Кафедра жанынан құрылған сертификатталған бухгалтерлерді дайындау орталығы бар. Орталық 2012 жылдың 28 қаңтарында «Есеп және аудит» кафедрасының жанынан құрылған, директоры – э.ғ.д., профессор А.М.Байдильдина.
Орталықтың менеджері – э.ғ.к., доцент А.К.Бейсенбаева. Қазір студенттер жоғары білімді алған соң дипломдары нарық сұранысына ие болуы қажет, ол үшін студен тоқу процесiн үзбей халық-
аралық СIPA сертификация бағдарламасы САР – сертификатталған тәжірибелі бухгалтер алу мүмкіндігі бар.
CAP сертификатын еленуші маман ХҚЕС- негізделген есептерді дайындауға қабілетті болады. Бұл сертификаттар бойынша оқу жұмыстарын кафедрамыздың білімді де білікті оқытушылары жүргізеді.
Жалпы, Ұлттық университетіміздің Есеп және аудит мамандығының болашағы аса зор.
Гүлнар Нұрғалиева,
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі Есеп және
Аудит кафедрасының доценті.