Қариннің қадамы оң болсын!
Саясаттанушы-ғалым әрі мықты менеджер Ерлан Тынымбайұлы Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпо-рациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары, Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры, «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы секілді белді қызметтер атқарған Ерлан Қариннің телеарна басшылығына келуі қуантарлық жайт және ендігі жұмыс ұлттық идеологиялық һәм интеллектуалды бағытта жүргізіледі деген сенім мол.
Ерлан Тынымбайұлының қадамы құт болып, Мемлекеттік арна жұмысын жандандыруын тілейміз!