«Жойылып бара жатқан түркі тілдері»
Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түркі
академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) қолдауымен жарық көрген «Жойылып бара жатқан түркі тілдері» атты көптомдық еңбектің, сондай-ақ, Арал теңізінің тағдырына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
Еңбек түркиялық ғалым Суер Екердің ғылыми жетекшілігімен ағылшын тілінде жарық көрді.
Жобаға әлемнің 26 елінен 130 ғалым қатысып, барлығы 132 зерттеу топтастырылған.
Бұдан бөлек, алқалы жиында Академияның Моңғолиядағы Шивээт Улан ғұрыптық кешеніне жасаған ІІ халықаралық археологиялық экспедициясының ғылыми жаңалықтары мен қорытындылары таныстырылды.