«Өнер алды – қызыл тіл»
Ару қала Алматы шаһарындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға орай «Өнер алды – қызыл тіл» атты Республикалық студенттер айтысы өтеді.
Студент жастар арасындағы сөз сайысында қазақ айтыс өнерінің барлық жанрлары қамтылады. Атап айтқанда, ақындар өтірік өлең, қыз бен жігіт, сүре, түре, қайым, жұмбақ айтыс сияқты түрлерін жаңғыртып, сөз қағысады. Жыр додасына республикалық айтыстарда топ жарып жүрген Қанат Мырзахан, Бибігүл Тілебалдинова, Айтбек Тұрсынбаев, Мөлдір Айтбай, Айдана Қайсарбек, Алтынбек Ибрагимов, Аяулым Жұмабек, Ақниет Жұбаныш, Нұрлыбек Құрманов, Саягүл Бірлесбек, Жібек Шахмардан, Айтуған Жетебаев сияқты он екі ақын қатысады.
Сөз сайысының өтуіне ұйытқы болған: Алматы қаласының әкімдігі мен Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы.
Кеш қонақтары:
Жүрсін Ерман, Ринат Зайытов, Серік Қалиев, Қалижан Білдәшев, т.б .
Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры.
Мекен-жайы: Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында Алғабас-1, 6-үй.
Уақыты: 06.02.2017
Сағ.: 17:00.
Билеттер: «Алатау» дәстүрлі өнер театры кассасында сатылуда.
Билет бағасы: 500-1000 тенге.Байланыс телефоны:
8 (727) 398-62-44.