Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті
Ахметжан Ашири,
Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері,
жазушы-драматург,
Ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы өте маңызды құжат. Құжатта 25 жыл ішінде барлық жетістіктер мен табыстар, ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің жемісі ерекше аталған. Бұл – Президентімізге қолдау көрсетіп, тірек болып келе жатқан Қазақстан халқының, Тәуелсіз Қазақстан ұлттар жазушыларының береке-бірлігінің нәтижесі деп білеміз.
Осы мезгіл ішінде… Ата Заңымыз бекітілді, Семей ядролық полигоны жабылды, бизнестің жол картасы – 2020, агробизнес-2020, жұмыспен қамту – 2020, Нұрлы жол бағдарламасы жүзеге асып жатыр.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы бірлігін нығайтудың Конституциялық мәртебесі бар айрықша институтты – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды.
Тәуелсіздігімізді нығайту үшін жүзеге асырылып жатқан табыстарды көріп, еркінде өркендеген елде өмір сүру біз үшін үлкен бақыт.
Мен Тұңғыш Президенті күнінде Сіздерге қуанышпен айтайын: Президентіміз алдында сөйледім. Кейін жылы жүрегіммен мақала жаздым. Елбасының «Өмір өткелдері» романын оқып, пікір жаздым.
Елбасы 25 жыл ішінде қазақстандықтар өтетін алтын көпір салды, Тәуелсіздік жолына миуалы ағаш екті, шөлде құдық қазып, зәмзәм суын берген инсани кәміл.
Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті-әлеуметтік, азаматтық тәжірибеге бай, идеялық жағынан әбден шыныққан, кәсіби шеберлігі өскен үлкен әдебиет. Қазіргі ұйғыр әдебиетінде шебер шығармашылық өкілдері, нағыз талантты прозашылар, шайырлар, драматургтер, сыншы-әдебиеттанушылар бар. Ұйғыр қаламгерлері елдегі тұрақтылықты, тыныштықты, ынтымақ-бірлікті, бейбітшілік пен достықты, рухани келісімдерді нығайтуға өз септігін тигізіп жүр деп сенімді айта аламыз.
Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті жаңа бір дәуірге сенімді қадам басты. Бұл әдеби бағытта мен қазақ-ұйғыр халықтарының достығын баяндайтын көркем шығармалар: «Ялғуз ялпуз», «Нур ана» роман повестерін жаздым. Қазақстан Тәуелсіздігі жылдары ежелгі ұйғырдың Идиқут мемлекеті туралы «Идиқут», «Баурчуқ Арт текин» романдары арқылы үлкен саяси-әлеуметтік және мәдени бір дәуірдің тұжырымдамасын жасадым. Менің «Идиқут» роман-эпопеям (2015 ж.) түрік тілінде жарық көрді. Бұл ұлттық көркем әдебиетіміздің үлкен табысы деп есептеймін. Қазақстандық іскер, кәсіпкер ұйғыр хақында жазылған «Ділі зия» роман-эссем ұйғыр, қазақ, орыс тілінде жарық көрді. Тәуелсіз жылдар ішінде қойылған «Идиқут» тарихи драмам, ұлттар достығын көрсететін «Жалғыз жалбыз» драмаларым Қазақстандағы ұйғыр драматургиясына қосқан үлесім деп білем.
Тәуелсіздік жылдарында М.Абдурахмановтың «Аманисахан» музыкалық драмасы,
Д.Машурованың «Ана мирос» драмасы, Т.Тохтамовтың «Назигум», А.Ахметовтың «Махмут Қашқари» драмасы көрермендер алғысына ие болғанын ерекше айтуға болады. Тәуелсіздік тұсында қазақстандық ұйғыр жазушылары проза және поэзияда біршама табыстарға қол жеткізді. А.Бавдиновтың «Мәһбус» (Тұтқын), «Жаду» (Кеспелтек), «Отнә аләм» (Өтпелі әлем), М.Яқуповтың «Оғузхан» романдары, Т.Нурахуновтың «Сәрадин кәлгән жигит» (Ауылдан келген жігіт), Д.Машурованың «Ана мирасы» повестері, Г.Аутованың кітаптары қазіргі оқырмандардың рухын көтерген шығармалар. А.Масимов балаларға арналған «Апта және он екі ай», «Бес күн бос екі күн дем алу», «Ақ бұлт» кітаптары оның балалар әдебиетінің хас шебері қамқоршысы екенін көрсетеді.
Қазақстан Тәуелсіздігі әдебиетінің гүлденіп дамуына ұйғыр шайырлары да өз үлесін қосуда. Д.Ясеновтың «Тәшналиқ» (Ынтызарлық), Р.Розиевтың «Роһлардин мәдәт» (Рухтардан медет), М.Һәмраевтың «Мени вәслиңгә иәткүзгин» (Мені көруге жеткіз), А.Дөләтовтың «Һәй дуния, дуния» (Әй, дүние, дүние), «Авайи сөйгү» (Жабайы сезім), «Мән сөйгән һаят» (Мен сүйген өмір), «Роһлар сөзләйду» (Рухтар сөйлейді), А.Ғәниевтың «Мен бир деңиз давалғуған» (Мен бір теңізбін толқыған), И.Һошуровтың «Сениң намиңдин сөзләймән» (Сенің атыңнан сөйлестік), «Ейтсам тилим көйиду, айтмисам – дилим» (Айтсам тілім күйеді, айтпасам ділім күйеді», «Өмурнамә» (Өмір өткелдері), И.Жалиловтың «Вәсийәт» (Өсиет), Ж.Розахуновтың «Ой тамчилири» (Ой тамшылары), «Кәңликни кинәймән» (Ұлғаю), Т.Нурахуновтың «Көзләр һәм жүрәк» (Көз бен жүрек), И.Тохтияровтың «Тумарим» (Тұмарым), «Күзги бағлар» (Күзгі бақ), талантты шаир П.Махсатованың «Диянәт» (Көлеңкесіз көңіл), «Жүрәктин төкүлгән яш» (Жүректен төгілген жас), «Сегиниш муңи» (Сағыныш мұңы), «Өзіңе сенем» (қазақ тілінде жарық көрген кітап) жыр жинақтары. Қазіргі ұйғыр қаламгерлері әдебиетті мазмұн мен түр жағынан байытып жатқанына көзіміз жетті.
Қазақстанның ұйғыр әдебиетіне қосылған көркем әдебиетті, ұлттық әдебиетті жанымен сүйетін жоғары білімді-білікті ұйғыр жастары: А.Ахметов, Г.Хошаева, М.Тохтахунов, Г.Азнабақиева, Ш.Баратова, В.Молутов, А.Азнабақиев, Г.Разиева, З.Исидуллаева, А.Дәвлетов М.Амансопиева, З.Абдуллаева, А.Әметова, Р.Аблизов, Н.Назаровалар бар. Олар бірнеше ұлттық рухпен жазылған кітаптардың иесі.
Ұйғыр әдебиетінің жанашырлары ғалымдар-жазушылар:
Ш.Елеукенов, У.Қалижан, Г.Орда, А.Хамраев, С.Ананьева, А.Ахетов, Н.Ақыш проза, поэзия, драматургиямызға әділ бағасын берді. Рахмет! Жазушы-аудармашылар: Д.Әшімханұлы, Қ.Ысқақ, М.Айтқожа, Ә.Нұршайықов, Т.Молдағалиев, Иран-Ғайып, Ж.Қорғасбек, Н.Қазыбеков, Ж.Бөдешұлы, У.Қыдырханұлы, Ш.Сариев; М.Отарбаев, Ж.Әшімжан, М.Ысқақ, М.Әуезов. Д.Байтұрсынұлы, Ж.Ахмади, Т.Тебегенов, Ж.Шаштайұлы, Ұ.Есдәулетов, Ғ.Жайлыбай, Қ.Бақбергенов, Қали Сәрсенбай атты азаматтарға алғыс!
Тәуелсіз Қазақстан ұйғыр әдебиеті проблемаларын айтатын болсақ, ұйғыр жазушыларының кітаптары мемлекеттік тапсырыспен басылмайды. Басылып жатқан кітаптар тек мейірімді демеушілер арқылы жарық көруде.
Қазақстан ұйғыр шайырларының балалар әдебиеті қазақ тіліне тәржімаланды. Қашан қазақ оқырмандарының қолына тиеді, бір Алла біледі.
Қазақстан ұлттар әдебиетін, өнерін, бағалауда мемлекет тарапынан сап әділдік қашан болады екен?! Әйтеуір тосқауыл қойылады. Бұл жайында Ақордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықоваға баяндаған едім…
Сіздерді, алтын қалам иелері, бірінші желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ұйғыр жазушылар атынан шын жүректен құттықтаймын! «Рухани шабуылға ұшырап жатқан дәл қазіргі қоғамда, халық, әдебиеттен рухты әңгімелер күтеді… Қалай бай болуды үйрететін әдебиетіміз болмаса да, рухани кедей болмауды үйрететін әдебиетіміз аман болсын!», – дейді мәшһүр жазушы Шерхан Мұртаза.
Иә, әдебиетіміз аман болсын!