БҰҰ-ның ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 30 ЖЫЛ ҚЫЗМЕТІ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗ-ҚАРАСЫ

Бейсенбі, 16 ақпан күні БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігінде БҰҰ-ның Қазақстандағы алғашқы өкілдігінің ашылу күніне арналған «БҰҰ-ның Қазақстандағы 30 жылы: жастардың көз-қарасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны Алматы қаласындағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ туралы Академиялық аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты-Үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханым, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұнғыш Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының экс-министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Арыстанбекова ханым; Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігінің Алматыдағы өкілдігі басшысының орынбасары Исламбек Райымов мырза; Қазақстандағы БҰҰ Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джастин Рашид мырза қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторлары-Алматы қаласындағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек мырза және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ туралы Академиялық Аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының директоры Деловарова Лейла Федоровна.әл-Фраби.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ туралы Академиялық Аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының командасы, БҰҰ моделінің командасы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Халықаралық қатынастар» мамандығының бітіруші курсының 20 студенті Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметінің болашақтағы көзқарасы мен Тұрақты Даму Мақсаттары бойынша өз жобаларын көрсетті.
Мақала жолдаушы: Маулит Бақытнұр