Өмірге ғашық жүрекпен
18.11.2016
2110
0

Қазақ деген аңқылдаған ақкөйлек халықтың жыр әлемінде сонау 80-ші жылдары бір жарық жұлдыз туып еді. Жамбыл облысының қасиетті Жуалы жерінде дүниеге келген ақын Бауыржан Мұқанұлы Үсенов өлең көгіне өзіндік үнімен, әншілігімен, айтыс ақындығымен, сазгерлігімен танылған сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі болатын. Өмірге – өлеңге ғашық еді.

Бала Бауыржан атқа мініп көсілте шабу­ды жақсы көрген екен. Өзінің де меншіктеп, ойнатып, үйретіп жүрген көк құнаны болады. Бірақ бірде Мұқаң ақсақал білместік жасап, баласының құнанын біреуге сатып жібереді. Оны есті­ген Бауыржан бірнеше күн тамақ ішпей, жылап-еңіреп жатып қалады. Тау асып сатылып кеткен құнанды қайтара алмай әкесі де қатты абдырайды. Кімге сатқанын, алған кісінің қайда тұратынын есіне түсіре алмай әбден шаршайды. Сүйікті жүйрігі қайтып оралмайтынына көзі әбден жеткенде, бала ақын басын әнтек көте­ріп, арнау өлең жаза бастаған. Құлы­нынан айырылған биенің сормаңдай тағдырына көңіл айтқандай:

Тағдыры көңілін қалдырған,
Түбінде жап-жасыл бауырдың,
Құлынын қасқырға алдырған
Кер бие кісінеп шауып жүр.

Дауыстап егіле шыңғырған,
Далаға тарап тұр сұмдық мұң.
Жігерін шыдатпай құм қылған,
Жас толы көзін-ай мұңлықтың.

Кеудесін толтырып зар-мұңға,
Қимасы қасқырға бұйырды-ау.
Тәуелді тағының алдында,
Тілдей ме тағдырын қиындау?!

Кер бие жүргендей түс көріп,
Қиналды-ау шөлсіз-ақ қаталап.
Қасиетің не деген күшті еді,
Дариға-ай, аналық махаббат!
Күлдір-күлдір кісінеген алғашқы өл­ең­де­рі жан айқайы болып өмірге осылай келсе керек.
Алматыдағы университеттің жур­на­лис­тер дайындайтын бөліміне оқуға түс­кенде Бауыржанның қуанышында шек болмады. Жүрек қалауымен түскен жо­ғары оқу орнында табиғи да тарпаң, тұлпар тек­тес жырларын жазуды одан әрі жалғас­тырады. Әдебиет теориясы пәнінен ақиық Қадыр Мырза-Әлінің өзі дәріс береді. Әр сөзін шегелеп айтып, миына ойып құятын ақын Қадыр көп нәрсеге көкірек көздерін ашады, шеберліктерін ұштайды. «Ұстазы мық­тының – ұстанымы мықты» деген қанатты сөздің жаны бар. Бауыржанның адам бойы­нан үнемі жақсылық іздейтін қасие­тіне, таңқалдыратын еңбекқорлығы мен ақындық шеберлігіне ол кісінің де көзі жетіп, жанына жақын тартып, үлкен үміт артады. Сүйікті шәкіртіне айналады. Болайын деп тұрған балапан ақынның бағы ашылып, қанаттанып, қыран құстың кейпіне енген еді.
***
Бауыржан Мұқанұлы домбыраны шебер шертетін, әнді де аспандатып айтатын еді. Сазгерлігі өз алдына бір әлем. Өзінің шығарған немесе күйші композиторлардың әдемі күйлерін домбырада шертіп отырып, ақындық санасынан төгілген өлмес жырлары туындап, жүрегін тербетіп шыққан әндері бірінен соң бірі дүниеге келіпжатты. «Найзағай келіншек», «Ақ шағала», «Көк­тем қызы», «Тымырсық әндері» университет қалашығы студенттерінің бірігіп салатын сүйікті әніне айналды. Кәнігі әнші­лерше ән салудан өзі де шаршамайтын. Тыңдай бергің келетін қоңыр даусы бар еді. Бауыржанның бұл әндері нотаға түсіріліп, жұртшылық арасында кең шыр­қал­уы керек еді. Қас талант пен пысықтық о бастан қоңсы қона бермейді ғой. «Қайда қашар дейсің, шығады да», – дейтін ылғи. Жастайынан ғұмырына серік болған сол домбыра соңында қалды.
Мұқанұлы лықсып келген сезімін лезде өлең жолдарына айналдырып өре қоюға шебер ақын. Ағайын-туыс, дос-жаранда­рына жазған хаттарын да көркем етіп өлеңмен кестелейтін. Бірде студенттер жиналып, демалыс күні зиратқа барып, Мұқағалидың қабірін іздейді. Жота-жо­таны өрлеп жүріп, бейітін тауып, ұлы тұлғаның рухына тағзым ете, көзін жұмып отырған Бауыржан болмысынан мына жолдар туып, күбірлеп отырады:
Сен өлеңде ғаламат кеңдік аштың,
Кеңдік аштың 45-ақ белді бастың.
Сол тентектік қалпыңмен, қайран аға,
Жатырмысың шулатып жердің астын.

***
Қысқасы, оның өлеңі өмірі, өмірі өлеңі еді. Иә, солай, өлең дегенде өзегін суырып беруге әзір, өндір таланттың соңында өл­мес мұралары қалды. Нағыз ақын екенін жырлары дәлелдеді. Ол жүрегі соншалықты жұмсақ, мейірбан, лирик ақын. Өлеңдері бір-біріне ұқсас сөз тіркестері емес, түсінген адамның жүрегінің дертіне шипа болардай сезімнен өрілген тылсым сыр. Ақындық ойдың қорғасындай ауыр салмағынан мерзімінен бұрын жанып кеткен. Жаны нәзік, қарапайым, бала ақын, кіндік қаны тамған топырақтың асыл­дығын қастерлейді. Құмы мен желін, қурайы мен бәйтерегін, төбесі мен тауына дейін сағына жырлайды.
Жуалыдағы кішкентай ауылын қалай жақсы көрсе, білім алып, саналы өмірі өткен, отау тігіп, бала сүйіп, сөз зергері еке­нін мойындатқан аяулы Алматысын да солай жақсы көрді.
Бөлек-бөлек параққа жазылып, қо­бырап жүрген әндерін жариялауға да асық­пады. Түбінде бір қайта оралып соғар­мын деген сенім-үмітпен жинай бер­ген. Алуан бәйгелерге жырларын да ұсынбады, көзінің тірісінде пышақтың қырындай кітабын көру де бұйырмады. Жалған-ай!
Тек талант табиғаты тыным таптырмай жаза берген, жаза берген. Кейін «Жалын­ның» жабық бәйгесі жарияланғанда Желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбеков­тің рухына арналған поэмасы аламан бәйгеде үздік орынды иеленді.

***
Аз жыл өмір сүрсе де бір ғұмырға татитын өлең қалдыруы Бауыржан ақынның шыққан биігі. Мұраларының молдығы көңілге қуаныш, дәтке қуат. Ұзақ өмір сүрген көп адамның қолынан келмеген тіршілігін тындырып үлгерген сияқты. Табиғат құбылысын жырлағанда қорша­ған орта мен тіршілік арасындағы екінің бірі аңғара бермейтін жалғастықты дөп басып, өлең етіп өреді.

***
Құдіретті сөз әлемінде бір ғана орын бар. Ол әркімнің өз орны, тек соның өзіне ғана лайық орын. Жалпы, өнер атаулыда өзгенің орнына өз орны жоқ адам ғана қызығады. Қызғаныш дарынсыздардың дарбазасын күзетеді, талантты аяғынан шалады.
Үзіліп түскен гүл де, көзі бітелген бас­тау да, қанаты сынған балапан да, жылаған сәби үні де Бауыржан жүрегіне қасірет уын құятындай, ақынның жанын күйзел­теді. Ақын атаулының сезімтал да ерке жүрегі айналасындағы адамдардың өздерін дұрыс түсінуін тілеп тұратындығы. Олай болмаса ақынға одан ауыр соққы жоқ. Асылы, адамзат болмысында ақынның жаратылысы бөлек. Әлемнің жетістігі мен қырсыздығы олардың жүрегін жаралап, тілгілеп шыққан шығармаларынан біздің санамызға жететіні кішкентай бір бөлігі болар.
Ауру айтып келмейді ғой. Жассың ба, кәрісің бе, ол арсызға бәрібір. Тағдырдың тілсіз тауқыметін тартқан Бауыржан айықпас ауруға шалдығып, азып-тозып қиналса да қайғыны ақылға жеңдіреді. Өзінің мәңгілік өмірі сол жырларында қалатынын түсініп, көңіліне соны медет тұтады, қанаттанады. «Ақын адам өлмейді, жыры аманда», – деп өзіне-өзі басу айтады. Оның өмірге, өлеңге деген іңкәрлігі – жырларының өзегі.
БҮЙРЕК туралы жыр
Бір өксік алқымыма кеп тұрады,
Шулайды көңілімнің көк құрағы.
Бұйығып бүйрегімде бүлкілдеген,
Бүйрегім түбі мені жеп тынады.

Бұл жағдай айқын болды атқан таңдай,
Жүрсем де тірлік кешіп саптан қалмай.
Қараймын болашаққа күдікпенен,
Алдымда күтіп жатқан қақпан бардай.

Әйтеуір, бір келеді қаза деген,
Кетеді соны ойласам, маза менен.
Әйтсе де, мойынсұнбай,
Қаламсабым
Қолымнан түскенінше жаза берем.

Бас та өлең, бауыр да өлең, бүйрек те өлең,
Ақынды ажалың да күйретпеген.
Кеудемде жүрек – бұлбұл шыр-шыр етіп,
Көшімді Күншығысқа сүйреп келем…
Табиғат суретін өлеңмен өрнектегенде Үсеновтің шеберлігі шексіз, нанымды. Өлеңдерінде бедірейген қара тасқа да жан бітіп, ағыл-тегіл бусанып, айнала әндетіп жатады. Қызықтап қана қоймайды, оның ішкі драмасына, арпалыс болмысына үңіледі. Тамылжыған теңеулері мен шеберлігіне тәнті етеді. Сұлулық эстетикасына шомылып, сол әсем табиғатпен қол ұстасып, серуендеп жүргендей боласың.

***
Ақыннан айырылып қалдық…
Бұл тым жұмсақ айтылған сөз. Бұл өлім өте ерте, орынсыз келген өлім. Ақында жас болмайды, тер мен қан тамшылаған уақыт, оқырман жүрегіндегі орны, еліне танымал аты ғана болады.
Саттар Ерубаев – жиырма үш жаста,
Сұлтанмахмұд Торайғыров –
жиырма жеті жаста,
Төлеген Айбергенов – отызында,
Сәбит Дөнентаев –
отыз тоғыз жасында көз жұмды.
Қасым Аманжолов, Иса Байзақов, Мұқа­ғали Мақатаев, Жұмекен Нәжіме­денов, Кеңшілік Мырзабеков, Жұматай Жақыпбаев, Нұрлан Мәукенұлы, тағы басқа да көптеген ірі ақындарымыз елу жылдығын да тойламай дүниеден өткен жоқ па? Бұл табиғаттың қасіретті құбы­лысы. Осы ірілердің биік тұғырында сенің де заңды орның бар, Бауыржан! Мәңгілік­ке. Өзіңнің маңдайыңа жазылған мәңгілі­гің. Адамда үлкен сезім болғанда ғана мәңгілік болмақ. Сен мәңгіліктің не екенін ұғындың. Мәңгілікте қалу тек на­ғыз адамға бұйырған. Осы шоқжұлдыздар­дың арасында, жанбай жатып сөнген, отыз бір жасында, орда бұзар шағында бұ дүниемен біржола қоштасып, барын түгел бере алмай, арманда кеткен ақын бауырым!
Бірге оқыған қатарластары, қазірде аттары елге танымал ақындарымыз, құйрықты жұлдыздай ағып түскен ақын Бауыржанға қимас өлендерін арнаған. Таныса салып дос болып, ағалы-інідей сыйласқан ақын Есенқұл Жақыпбек Ба­уыржан Үсеновтің бақилық болғанын естігенде сене алмай, отырып қалады. Ақтық сапарға шығарып салуға қатысып, кері қайтар жолда «Жұлдыздар бәрін болжайды» әні жарық көреді.
Аспанда жұлдыз, айтады бәрін,
Жұлдыздар бәрін болжайды.
Қай жерде кімдер, айтарын әнін,
Кімдерге бақыт орнайды.
Жұлдыздар, жұлдыздар!
Жұлдыздар бәрін, жұлдыздар бәрін,
Болжайды.
Армандап жанын, адамды сүйсең
Басына бақыт орнайды.
Басталса жерде шапқындар кейде,
Ұмытқан иман, құдайды.
Сыңары өлген аққудай бейне,
Жұлдыздар жерге құлайды.
Жұлдыздар, жұлдыздар,
Жәудіреп тұрған сендерді көрсем,
Жүрегім неге жылайды?
Жұлдыздай биік, жұлдыздай нәзік,
Өмірде біреу ұнайды.
Шырқырап жерге шаншылып тамған,
Жұлдыздар жанын біліңдер.
Шаң менен мұңға малтығып қалған,
Жүрегім менің жұмыр жер.
Мөлдіреп жаның, мөлдіреп бәрің,
Ұл-қыздар аман жүріңдер.
Шаң менен мұңға малтығып қалған,
Жүрегім менің жұмыр жер.
Жұлдыздай биік, жұлдыздай нәзік,
Ұл-қыздар аман жүріңдер.

Ұлжан Пармашқызы Сағындық,
ардагер диктор, Жуалы ауданының Құрметті азаматы.

йретіп жүрген көк құнаны болады. Бірақ бірде Мұқаң ақсақал білместік жасап, баласының құнанын біреуге сатып жібереді. Оны есті­ген Бауыржан бірнеше күн тамақ ішпей, жылап-еңіреп жатып қалады. Тау асып сатылып кеткен құнанды қайтара алмай әкесі де қатты абдырайды. Кімге сатқанын, алған кісінің қайда тұратынын есіне түсіре алмай әбден шаршайды. Сүйікті жүйрігі қайтып оралмайтынына көзі әбден жеткенде, бала ақын басын әнтек көте­ріп, арнау өлең жаза бастаған. Құлы­нынан айырылған биенің сормаңдай тағдырына көңіл айтқандай:

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір