ӨМІРГЕ БІЗДЕН СОҢ ДА КЕЛЕР АҚЫН…
18.04.2023
2342
0

Көп ұлтты елімізде Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында ұлттық әдебиеттерге, оның өркендеуіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлбетте, ол – елдегі толеранттылықты, бірлікті сақтаудың кепілі.

Қазақстан Жазушылар одағы мен әдеби қауым орыс тілді әдебиеттің өркендеуін ерекше назарда ұстаудан айныған емес. Орыс тілінде жазатын әдебиетшілердің шығармалары ешқандай алалаусыз жарық көруде.
Жыл қорытындысы бойынша баяндамада проза жанрына қатысты алдымен белгілі ақын Надежда Чернованың «Простор» журналында жарияланған «Летящие в тумане» мемуарын ерекше айтуға болады. Оны «Ан-Арыс» баспасы кітап етіп шығарды.
Шығарма барысында автор «Менің естелігім – тек ғана өз өмірбаяным емес, адам тағдыры, шығармашылығы туралы баян. Оны жазудағы мақсат – жастарға өткеннің сабағын үйрету болатын» деп баяндайды.
Проза жанрындағы тағы да бір қомақты туынды Бақытжан Момышұлының «Тропа пера и дорога меча. Сага о Бахе-афганцы» романы. Онда автор күні кешегі Ауған соғысында ерекше көзге түскен майдангер Бақытбек Смағұл туралы ой толғайды. Шығарманың жазылу ерекшелігі бірден көзге ұрады.
Сондай-ақ, айрықша атап көрсетер прозалық туындының бірі – Юрий Поминовтың «Хроника смутного времени» шығармасы. Онда да өмірдің сан-алуан қыры туралы айтылады.
Поэзия жанрына келсек, Татьяна Фроловская «Серафический восторг» шығармалар жинағын шығарды. Бұл кітапта да ерекше қолтаңба бар, әрі әдебиетіміздің алтын қорына қосылған қомақты үлес.
Тағы да бір ерекше шығармалар шоғырында тұрған Валентин Голиненконың «Яблоко в ладони» және Валерия Иванованың «Я никогда не плачу на вокзалах» жыр жинақтарын айтуға болады. Онда қос ақын да Отан, ел тағдырына байланысты жүрек толғаныстарын білдіреді.
Жыр жинақтары арасынан Валерий Михаиловтың, Любовь Медведеваның, Любовь Шашкованың, Дмитрий Вайсбеккер-Ивановтың жинақтарын айтуға болады.
Сондай-ақ орыс тілінде шыққан туындылар қатарында Илья Кулеевтің, Морис Симашконың, Шота Уәлихановтың шығармашылығына арналған кітаптарды бөліп атау керек.
Бір сөзбен айтқанда, Жазушылар одағында орыс әдебиетінің өркендеуіне үлкен өріс беріліп отыр. Әрі ол – елдегі демократия мен толеранттылықтың айқын мысалы.
Әсіресе жастар шығармашылығы басты назарда. Шығармашылық қауым «Өмірге бізден соң да келер ақын…» қағидасын берік ұстанады. Демек, елде орыс тілді әдебиетті дамытудың мүмкіндігі де зор.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір