«ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ОЙРАН»
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының үш жүзден аса адам жиналған акт залында жазушы Момбек Әбдәкімұлының Алматыдағы «Ел шежіре» баспасынан шыққан «Түркістан өлкесіндегі ойран» атты тарихи романының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер жиынына белгілі жазушы,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржеке, көрнекті ақын, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім, филология ғылымының докторлары Мекемтас Мырзахметов, Құлбек Ергөбек, Халықаралық «Түркі әлемі» студиясының директоры, танымал қаламгер Доқтырхан Тұрлыбек сияқты елге аттары мәшһүр бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.
тан Нұржеке «Түркістан өлкесіндегі ойран» романына жалпы сипаттама жасап, ондағы көтерілген мәселелер жөнінде кеңінен әңгіме қозғады. «Бұл кітап, – деді ол, – 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің және Түркістан Республикасы мен «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толуына һәм сталиндік қуғын-сүргіннің 80 жылдығына арналып жазылыпты. Автор 1916-1937 жылдар аралығында Түркістан өлкесінде өткен саяси уақиғаларды нақты тарихи мәліметтер мен деректер негізінде көркем әдебиет талабына сай тізбелеп, оларды кітаптағы бас кейіпкер – Мамажан Сартайұлының іс-әрекеттері мен образы арқылы нанымды түрде жазбалап шыққан. Ең маңыздысы – кітаптағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің оңтүстік өлкесінде де қатты белең алғаны, сол соғыста жергілікті қазақтардың шеккен қасіреттері мен тартқан азаптары туралы кең ауқымда берілген деректер шығарманың құнын арттырып тұр. Аталмыш еңбектің қай жағынан алғанда да, тарихи шығарма талаптарына сай жазылғаны бізді қатты қуантты».
Бұдан кейін сөз алған қаламгерлер мен ғалымдар кітапта жазылған тарихи уақиғалар мен жазушының жазу стиліне, сөз қолданысына талдау жасап, онда келтірілген Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев және басқа да қазақ қайраткерлерінің бейнелері, сондай-ақ шығарманың басты кейіпкері, түркістандық қайраткер Мамажан Сартаевтың тұлғасы сәтті суреттелгені хақында әңгімеледі. Жиынды Оңтүстік Қазақстан МПИ проректоры Баршакүл Исабекова жүргізді.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.