БІЗДІҢ ЗАМАННЫҢ АТЫМТАЙ ЖОМАРТЫ
25.11.2016
13889
57

1-1Қиын-қыстау кезеңде халқына пана болып, бейбіт заманда ақыны мен батырын әспеттеп, төбесіне көтерген қазақтың қалталы азаматтары әр кезеңде болған. Өнерлісін еркелете төбесіне көтеріп, білімдісін жасына қарамай төрге оздыратын бабаларымыз рухани байлықтың бағасы өзге дүниеден басым екенін о бастан-ақ терең түсінген. Бабадан жалғасқан осы дәстүрді ары қарай дамытып, қазақ әдебиеті мен өнерінің төл туындыларын дүниежүзіне танытуға атсалысып жүрген қандасымыз Медғат Құлжановты бүгінгі заманның нағыз Атымтай Жомарты деп атасақ, жаңылмайтын секілдіміз. Осы жылдың 24 желтоқсанында жетпіс жасқа толғалы отырған қазақ даласының қайырымды перзенті жайында кімнен пікір сұрасақ та, туған елінің рухани мұраларына ғашық, шын жанашыр, жүрегі жылы азаматтың кісілік тұлғасын тебірене сөз етеді.


 Кімдер, қалай меценатқа айналады? Елімізде былтыр ғана өткен «Абай–Шәкәрім» концертінде танысудың сәті түскен бизнесмен, құрылысшы, мұнайшы отандасымыз Медғат Құлжанов туралы белігілі қоғам қайраткері Мұрат Әуезов те жылы лебізін білдірген еді. Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің ел ішінде және шетелдерде кең танылуына ықпал етіп жүрген отандасымыз туралы сөзін: «Меценат – ол белгілі тарихи уақытта рухани қажеттілікке айналатын этикалық категория, – деп бастаған мәдениеттанушы-ғалым – Ол Абай мен Шәкәрімді дүниеге әкелген қасиетті Семей топырағының тумасы. Күллі қазақтың рухани дүниесін байытып, талғамын дұрыс қалыптастыруға  үлкен үлес қосып, тұлғалар еңбегін дәріптеуді мақсат тұтқан  меценат бұл жолда аянбай еңбек етіп келеді. Шыңғыс тауы, аңқыған жусанның иісі, ядролық полигон – бұлардың барлығы туған өлкенің естен кетпес сипаты ретінде әкесі Медғат пен ұлы Шыңғыстың көз алдынан еш кеткен емес. Абай қазақ халқын ХХ ғасырдағы тар жол тайғақ кешулер – революцияға, драмалық әлеуметтік тәжірибелерге, коллективтендіруге, халықтың үштен бір бөлігін жалмаған ашаршылыққа, репрессияға, қатыгез қантөгіс соғыс қасіретіне психологиялық тұрғыда дайындады. Ұлтының рухани дүниесінің кемел болуын қалады.  Бұл да қазақтың бас ақыны тарапынан жасалған қайырымдылық нышаны деп санауға болады. Меценат дегеніміз – тек қиын шақтарда материалдық көмек көрсететін адам емес, ол жер бетіне имандылық пен сенім ұялатып, адамзатты рухани қауіп-қатерден сақтандыру жолында бар күшін салатын жебеуші іспеттес. Сондықтан мен меценаттарға, әсіресе Медғат Құлжанов пен оның ұлы Шыңғысқа аса құрметпен ризашылығымды білдіремін», – деп ағынан жарылды.
М.Құлжанов – әкесі Мұхамедкәрім Исағалиұлы жасырын тыңдайтын Шәкәрім әндерінің әлдиімен ержеткен азамат. Әні түгіл атын атауға тыйым салынған тұста әлі ақталмаған ақынның туындыларын ұрпағына таныстырып, ән-жырын бойына сіңіріп өсірген әке еңбегі еш кеткен жоқ. Сол бала жүрек есейе келе елінің төл мәдениетін ұлықтайтын дана жүрекке айналды. Ол қазақ халқының басына түскен зобалаң заманда, 1931 жылы жазықсыз жала жабылып, құрбан болған ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының үш томдығының тасқа басылуына мұрындық болды. Сондай-ақ ағартушының шығармашылығы туралы монографиялар мен зерттеу жұмыстарының жарық көруіне, таралуына демеушілік көрсетті. Мұнымен тоқтамай, мол мұрасын ұлықтау мақсатында Ұлыбританиялық композитор Карл Джекинске ақын шығармалары негізінде сюита жазуға ұсыныс жасады. Британ композиторы бұл ұсынысқа қуана келісімін берді.
Туынды дүниеге келгеннен кейін, қазақстандық музыканттардың ораторийін жазу үшін ұлттық аспаптарда ойнайтын оркестрді Лондондағы Abbey Road студиясына алып барды. Сөйтіп, 2010 жылдың 31 қазанында композитор Карл Джекинстің басқаруымен Ұлыбританиядағы ең үздік концерт залындарының бірі – Royal Festival Hall-де «Шәкәрім» сюитасының дүниежүзілік премьерасы қойылды. Британ ұлттық жастар хоры мен қазақтың фольклорлық музыканттарының бірлесуімен орындалған шығармаға үш мың адамға лық толған зал тегіс қошемет көрсетіп, таңданыспен қол соқты. Білікті заманауи композиторлардың бірі К.Джекинстің тамаша оранжировкасымен әрленген қазақтың дәстүрлі әуендерін қазақ тілінде орындаған британдық хордың шеберлігі жиналғандарды ерекше сезімге бөледі. Бұл – М.Кәрімұлының талайғы арманының орындалған сәті еді.
«Қазақстан әлемге тек мұнай мен газының арқасында ғана емес, ұлттық мәдениеті, Абай мен Шәкәрім музыкасының құдыреттілігі арқылы танылуы тиіс. Қазіргі жастар еуропаланған музыканың жетегіне көп ереді, оларға ата-бабамыздың мол музыкалық мұрасын таныстырып, дәстүрлі әндеріміздің қасиетін ұқтырып, ұлттық әуендерге көңіл бөлуіне ықпал етуіміз тиіс», – дейтін Медғат Құлжанов сол ойын жүзеге асыруға барын салып келеді.
Халқының рухани ұстазы – Абай әндерін қастерлейтін меценат өзінің табысты жобасын ары қарай жалғастырып, Джекинске ұлы ақын музыкасы негізінде екінші сюита жазуға кеңес береді. Бұған дейін де М. Құлжановтың бастамасымен Абай шығармашылығына арналған көптеген іс-шаралар өткізілген болатын. 2005 жылы Астанада, 160 жылдығы қарсаңында ұлы ойшылдың шығармашылығына арналған ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысына бәйге жариялаған.
Қазақстан Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің айтуынша, Медғат Құлжанов – ұлы Абайдың арғы атасы батыр, би, үш ағайынды Ырғызбайдың кенже інісі Топайдан тараған. Қазақ тарихында Айдос-Ырғызбай тегі Абай мен Шәкәрім және олардың арғы аталары, дала билеушілері – Өскенбай мен Құнанбай секілді тұлғаларымен белгілі. Құнанбай қажының, Абай мен Шәкәрімнің халқына жасаған қайырымды істері жалпыға аян. Арғы атасынан берілген тектілік пен ақсүйектік Абайша айтқанда, нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайраты, адамгершілігі мен интеллектуалдық биіктігі, қарапайымдылығы мен ұлтына деген ұлы сезімі Медғат Құлжановты басқалардан өзгешелеп тұрады.
Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, ешкіммен сөз таластырмайтын меценаттың сабырлы, үлкен-кішіге қамқор мейірімді келбеті туралы айналасындағылар ықыласпен әңгімелейді. Заңгер Тілек Байғабылов ол кісінің өзекті мәселелерді іске асыру жолында ұсақ-түйекке мән бермейтін ірілігін, шиеленіскен мәселелерді шешудегі кісілігін, бәрімен тең сөйлесетін  кішілігі мен қарапайымдылығын баса айтады.
«Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков бірнеше жыл бұрын Медғат Құлжановтан Абай туралы фильмнің маңызды эпизодына түсуін өтініпті. Сюжет бойынша ол кісі кадрда жазық дала төсіндегі жусанды жұлып алып, иіскеуі қажет екен. Медғат Кәрімұлы бәрін ойдағыдай орындапты. Бірақ жарыққа және басқа да факторларға тәуелді операторлар жұмысының салдарынан бұл эпизодты қайталап түсіруге тура келген көрінеді. «Кенет жусанды иіскегені сол еді туған анасының құшағына сағына жеткен сәбидің көз жасындай, кейіпкеріміздің көзіне жас үйірілгенін байқадық. Бұл көрініске тәнті болып тұрғанда, Медғат Кәрімұлы бұл жерден тез арада кеткісі келетінін айтты. Сөйтсек, ол кісінің жусанға аллергиясы бар екен. Соған қарамастан, түсірілімді үзбей, аяғына дейін шыдап, біздің өтінішімізді орындаған азаматтың адамдық тұлғасына тәнті болмай қайтейік. М.Құлжанов біздің мамандығымыздың қыр-сырына қанық болғаны сондай, кейін ол кісімен өз әріптесіміздей ентене тіл табысып кеттік. Біздің абыр-сабыр тірлігімізге түсіністікпен қарауы жұмысымызды жеңілдеткендей болды. Ол кісінің өз ісіне деген жауапкершілігіне, туған мәдениетіне деген ерекше ықыласына риза болдық», – дейді режиссер таңданысын жасыра алмай.
Шыңғыс Құлжанов та әке дәстүрін жалғастырып, өз елінің мәдениеті мен әдебиетін өзге елдерге танытуға жанын салып, қаржылай қолдау көрсетіп жүрген азамат. Ол қазақстандық режиссер Катя Суворованың Арал теңізі туралы картинасын үлкен экранға шығаруға көмектесті. 2016 жылы 6 тамызда Арал қасіретіне байланысты түсірген бұл  толықметражды фильмнің премьерасы өтті. Кейін осы фильм Локарнодағы «Сыншылар апталығы» Халықаралық фестивалінің арнайы бағдарламасына енді. Ал бұдан бірнеше жыл бұрын Валерий Михайловтың қазақ тарихының ақтаңдақ беттері туралы жазылған «Ұлы жұт» кітабын қазақ тілінде (Қазақстанда), орыс тілінде (Ресейде), ағылшын тілінде (Ұлыбританияда) бастыруға қолдау көрсетті.
Құлжановтар отбасының ел руханиятын қолдау жолындағы  қажырлы еңбегі туған жерінен жырақта жүрген барлық адамға тән Отанға деген құрмет мен сағыныш сезімінің айнасы іспеттес. Туған жерге деген махаббаты туралы сұрағанымызда? «Әрине, туған жер өзіне тартады», – деп терең күрсінді біздің заманымыздың Атымтай Жомарты. Сол сөзінің дәлелі болар, қазір Қазақстаннан жер телімін алып, үй салып жатыр екен. Отбасын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында сол жерге егін егіп, мал өсіруді көздейді меценат. «Табиғи таза өнімге зәрулік бүкіл дүниежүзінде өзекті мәселеге айналған бүгінгі күні топырағы құнарлы, шөбі шүйгін қазақ жерінде табиғи өнім өндіру ісін қолға алмау – күнә секілді көрінеді. Дәл біздегідей таза тағамдарды еш жерден таппайсыз. Ал біз өз байлығымыз бен мүмкіндігімізді ескеріп, бағалай білмейміз», – дейді ол.
Жыл өткен сайын түрлі тараптардың әуеніне төңкерілуден  «шаршаған» меценат 2009 жылы Мұнай компаниясын сатып, бизнестен қол үзеді. Қазіргі таңда ол көп уақытын Ұлыбританияда өткізеді. Қазақстанға да жиі-жиі келіп тұрады. «Мен нағыз көшпенділер ұрпағымын. Бір орында ұзақ отыра алмаймын», – деп мойындаған  Медғат Құлжанов ендігі уақытын ел көріп, жер тануға жұмсағысы келетінін айтады.
Мұрат Әуезов айтқандай мұндай адамдар үнемі елеп, ескеріп, игі істерін ұлықтап отыруға әбден лайық. Олар туралы біліп, игілікті істерінен өнеге алып, үлгі тұтып өскен ұрпақ еліміздің ертеңгі экономикалық, мәдени өрлеуіне, ұлттық құндылықтарымыздың дәріптелуіне үлесін қосатын, ел тізгінін берік ұстайтын нағыз отансүйгіш азамат болып қалыптасатыны анық.
Сонымен «Кімдер, қалай меценатқа айналады?» деген сөз басындағы сұраққа қайта оралайық. Меніңше, туған әдебиетінің қайнар бұлағымен сусындап өскен және сол мұраны өзгелерге паш ету жолында аянбайтын жанды – туған халқының жебеушісі деп атау артық болмайтын секілді. Бүгінгі бейбіт өмірімізде халықтың көркем туындыларын насихаттап, әлем назарына ұсынатын ұлтының шын жанашыр, қамқор ұлдары көп болуы тиіс. Ал біз олардың жақсылықтарын  жастарға үлгі ете отырып, ұлықтап, қолымыздан келгенше солардың ісін жалғастыруға тырысуымыз керек. Бұл ұлтын сүйген әр азаматтың парызы деп ойлаймын.

Айна Жұмабай.

ПІКІРЛЕР57
Жанарыс 31.01.2017 | 19:41

Жақсы бірақ маған сол кісінің өмірбаяны дегендей туған жылы керек еді!Сол туралы жіберсеңіздер жақсы болар еді!!!

Еруебұлан 13.11.2018 | 20:17

Мынау əңгіме өте күшті

Алина 20.12.2018 | 22:21

Туган жылы 1946
Болды))

Алина 20.12.2018 | 22:26

24желтоксан 1946 жылы туды

Аноним 12.11.2019 | 23:10

Мал

Аноним 12.11.2019 | 23:11

Rrrrachlwtchaotmovs

Аноним 25.11.2019 | 14:32

с і г і л

Аноним 26.11.2019 | 20:32

Әңгімеде соз жок күшті жазылған

Аноним 27.11.2019 | 21:34

👍👍👍👍👍👍

Аноним 30.11.2019 | 18:31

Әңгіме күшті екен!

Аноним 02.12.2019 | 17:30

Баксы берак маган малимет керек

Аноним 03.12.2019 | 12:12

Маган ұнады ия просты Атымтаи жомарт туралы жоккои ішінде

Аноним 03.12.2019 | 12:21

Соны айтам казирги Атымтай Жомарт жоккк

Аноним 04.12.2019 | 17:24

Атымтай жомарт туралы ештеңе жоққой? 🤔🤔

Аноним 04.12.2019 | 19:00

ЖАСЫ КЕРЕМЕТ+

Аноним 04.12.2019 | 20:15

Атымтай жомарт қайда

Аноним 04.12.2019 | 20:23

Маган вообще бизнесмен туралы керек

Аноним 04.12.2019 | 22:19

Кушти екен

Аноним 05.12.2019 | 10:11

кет

Аноним 05.12.2019 | 10:12

атымтай жомарт

Аноним 05.12.2019 | 10:13

где

Аноним 05.12.2019 | 10:52

Маған 😕

Аноним 05.12.2019 | 19:02

Күшті бірақ бұнда атымтай жомарт вабшеь жоқ

Аноним 07.12.2019 | 17:05

Маған Атымтай жомарт туралы керек

Аноним 08.12.2019 | 16:01

Керемет болыпты əңгіме

Аноним 09.12.2019 | 17:04

Разы болсын

Аноним 09.12.2019 | 17:48

Маган казырги заманда атымтай жомарт сиякты адам барма деген керек

Аноним 09.12.2019 | 18:49

Маган атымтай жомарт туралы керек бірақ рахмет

Аноним 09.12.2019 | 20:16

Маған керек болғаны Жомарт адам осы күні бар ма деген сөздер жазу керек комек керек комек керек отінемін көмектесіндершііі 🙏🙏🙏🙏60-70 сөздер жазу керек комек керек комек керек комек керек комек

Аноним 09.12.2019 | 20:35

Өте керемет 😍😍😍

Аноним 09.12.2019 | 21:41

Керемет 👍

Аноним 09.12.2019 | 21:50

Маған қазіргі заманның атымтай жомарты туралы эссе керек

Аноним 10.12.2019 | 01:24

Бугинги Аманда Атымдай жомпртты кандай адамдар ? Деген пикир керек 🙏🙏🙏

Аноним 10.12.2019 | 19:07

Атымтай жок 😞😞

Аноним 10.12.2019 | 21:15

Маған кəзіргі заманның атымай
Жомарты керек

Аноним 10.12.2019 | 21:50

Мында Атымтай жомарт туралы жоқ!

Аноним 11.12.2019 | 09:39

Өте тамаша 👏

Аноним 11.12.2019 | 21:51

Мұның ішінде атымтай жомарт жоқ қой

Аноним 12.12.2019 | 10:18

Атымтай жомарт жокой пазор😲😒😒😒😡😡

Аноним 12.12.2019 | 15:11

Әдемі жазыпсың тамаша 👍🏻👍🏻👌👍🏻👍🏻👍🏻

Аноним 12.12.2019 | 19:53

Саламатсызба казирги Атымтаи Жомарттын нактысын аитынызшы🙏🙏🙏🙏🙏🙏

Аноним 12.12.2019 | 21:51

Маған Атымтайдың ерлігі кажет еді

Аноним 13.12.2019 | 12:06

Маган бул ангiме катты унады

Аноним 13.12.2019 | 12:08

Катакбас тыныш отырындар

Аноним 17.12.2019 | 19:33

Күшті😊

Аноним 18.12.2019 | 20:02

Маган атымтай жомарты кандай

Аноним 18.12.2019 | 20:30

Айбай

Аноним 18.12.2019 | 20:30

Ауырып кетті

Аноним 18.12.2019 | 20:44

Белім аса

Аноним 18.12.2019 | 21:06

Ия полно

Аноним 18.12.2019 | 21:07

Момо

Аноним 19.12.2019 | 10:35

Жаман

Аноним 19.12.2019 | 11:36

👍👍👍👍

Аноним 19.12.2019 | 14:09

❤️❤️❤️👍👍Кушты екен

Аноним 20.12.2019 | 12:05

Маған қазіргінің Атымтай жомарты қандай деген эссе керек еді

Аноним 26.12.2019 | 10:51

Атымтаи жомарт туралы керек мунда ештене жоко

Аноним 03.01.2020 | 18:39

Я не понела в второй

ПІКІР ҚОСУ