ТАРИХТАҒЫ МАНАШ ЖОЛЫ
28.10.2016
2448
0

mkozybayev25 қазан күні ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті көрнекті тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың 85 жасқа толуына орай «Академик М.Қозыбаев және Отан тарихын зерттеудің инновациялық тұжырымдары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Ғылыми жиынды белгілі ака­демик Мұрат Жұрынов сөз сөйлеп ашып, Білім және ғылым ми­нис­т­­рі Ерлан Сағадиевтің құт­тық­­тау ха­­тын оқыды. Министрдің құт­тық­тауында: «Академик Манаш Қозыбаев – әйгілі ғалым, көр­­некті қоғам қайраткері. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында оның есімі Кеңес елінде үлкен құр­метке бө­ле­ніп, ұлтымыздың ру­хани дү­ние­леріне, отандық та­рихтың өр­кен­деуіне, халықтың  та­рихи са­н­а­сы­ның қалыптасуына көп еңбек сіңірді» делінген. Мұ­рат Жұрынов тарих ғы­лымына өл­шеусіз еңбек сіңірген, кең жү­рек­ті, дарқан көңілді аға­мыз­ды ес­ке алып, осындай конференция өткізіп отырған министрлік ұжы­мына, отбасына рақметімді айт­­қым келеді деді. Әйгілі ға­лым, көр­некті қоғам және мемле­кет қай­раткері М.Қозыбаевтың есімі Қа­зақ­стан тарихында ерекше құрметті орынға ие. Ол өзінің бар ғұмырында Отан­дық тарихты зерттеп қана қой­май, өзінің мол еңбектері арқы­лы қазақ хал­қы­ның тарихи санасын қайта жаң­ғырту жолында қыруар  іс тын­дырды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен тарихшы ға­лым­­дар жиналған конференцияда көр­­некті ғалымның отандық та­рих ғы­лымын дамытудағы ролі мен ор­ны, ғылыми және қоғам­дық қыз­­метінің кезеңдері, тарихи ­зерт­теулерді ұйымдастырудағы қыз­­­меті, Қазақстан тарихының «ақ­­таңдақтарын» жоюдағы акаде­мик М.Қозыбаевтың үлесі сынды өзекті мәселелер талқыланып, ака­де­мик М.Қозыбаевтың екі тілде жа­рық көрген кітаптары мен ғалым ту­ралы кітаптың тұсауы кесілді. Қа­зақстанның ғылымы мен бі­лімі­не, өнері мен мәдениетіне айтулы үлес қосқан ірі тұлғалар туралы «Өне­гелі өмір» сериясының кезекті шы­ғарылымы Манаш Қозыбаевқа ар­налған екен. Конференцияны тарих және этнология институ­ты­ның директоры, ҚР ҰҒА мүше-кор­респонденті Хангелді Әбжанов жүр­гізіп, «Академик аманаты және «Отан тарихы» атты баяндама жа­са­­ды. Сонымен қатар, осы инс­ти­туттың ғылыми қызметкері, тарих ғы­лымының кандидаты Қай­дар Ал­да­жұманов «Академик М. Қозы­баев еңбектеріндегі 1941-1945 жыл­дар­дағы соғыс тарихы», Л.Гу­ми­лев атындағы ЕҰУ-нің факультет деканы, тарих ғылымының  док­торы, профессер Тілеген Са­ды­қов «Астана тарихшыларының Отан тарихын зерттеудегі үлесі» ат­ты баянда­маларын оқыды. 40-қа жуық баян­дама оқылған басқосу барысында М.Қозыбаевтың еңбек жо­лы ғана емес, бүгінгі тарих ғы­лы­мын­дағы көптеген мәселелер тал­қы­ланды. Манаш Қозы­баев ө­мірі­нің біраз кезеңі әл-Фараби атын­­дағы Қазақ Ұлттық универ­си­те­тімен тығыз  байланысты. ҚазҰУ-­дың рек­торы Ғалымқайыр Мұта­нов: «Манаш Қозыбаев туралы академик Серік Қирабаев: «Қо­зы­баев та Бекмаханов секілді есімі ал­тын әріп­термен жазылатын тұл­ға­лар­дың бірі» деп жазған екен. Ра­сында да, Манаш аға Бекмахановтан кейінгі тарих саласына ерек­ше үлес қосқан тұл­ға­лары­мыз­дың бірі. Егер әрбір азамат өзінің өмір жолын қазақтың дамуына, ұлт­тың қалыптасуына сарп ететін бол­са, онда ол қай­рат­керлік ең­бе­гі­нің шы­ңына жет­кен­дігі. Манаш Қо­зы­баев еліміз тәуел­сіздік алған алғаш­қы жылдары отандық та­рих­тың дамуына еңбек сіңіре білген үл­кен азамат. Қазақ ғылымында ағарту­шылық қызмет атқарған тұл­ға. Ұлт­тың руханияты қандай болу керектігін, ұлттың мәдениеті мен тарихы қандай болуы ке­рек­ті­гін зерттеп-зерделеп берген қай­рат­кер десек, артық айтқандық бол­мас», – дейді. Ал академик Серік Қи­рабаев: «Менің өмі­рімде екі адам­ның бейнесі ерек­­ше есте қа­лып қойды. Оның ­бірі – Ермұхан Бек­маханов болса, екін­шісі – Манаш Қозыбаев. Екеуі­нің заманы екі бө­лек болса да, тағ­дыры бір, таңдауы бір. Екеуі де ұлт­тың тарихын зерт­теді. Ұлттың та­ри­хының қа­лып­та­суына үлес­ қосты. Осы жол­­да қиын­дықты да бастан өт­керді. Бірақ өз таңдауынан бас тарт­қан жоқ», – деді.

Бұл конференция білім мен ғы­лым жолындағы табанды ең­бектің бағасын сездіріп қана қой­май, ұлттың болашағы жолында ең­­бек еткен «ғалымның хаты өл­мей­тіндігін» тағы бір дәлелдеп бер­ді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір