ЕЛ БОЛАШАҒЫ – БІЛІМДІ ЖАСТАР
28.10.2016
2501
0

zha-sylyҒасырға жуық тарихы бар Мәсімхан Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі еліміздегі іргелі оқу орындарының бірінен саналады. Колледж еліміздің ең байырғы оқу орны ретінде Қазақстанның Гиннес кітабына енгізілген. Бұл оқу орнының негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Бәсекеге қабілетті дегеніміз – бүгінгі күн сұранысына сай білімі мен білігі бар, сауатты, бірнеше шетел тілін жетік меңгерген, өз кәсібінің қыр-сырын білетін шебер, еліміздің тәуелсіздігін тұғырлы етуге өзіндік үлесін қоса алатын, елжанды азамат. Бүгінгі күні еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру, кәсіби жетілу – уақыт талабы.


Жақсылық Қасабекұлы САТЫЛҒАНОВ,
ҚазҰАУ-дің Құрметті профессоры,
Экономика ғылымының кандидаты,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры

 

Колледжде жастар он маман­дық түрі бойынша білім алуда. Атап айтқанда, жерге орналастыру, тамақтандыру, кәсіпорындар­дың өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыруы, ауыл шаруашылығын механикаландыру, электр қуатымен қамтамасыз ету, агрономия, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөн­деу және пайдалану, есептеу техникасы және бағдарламамен қам­та­масыз ету, есеп және аудит, құ­­қық­тану және ветеринария мамандықтары. Оқыту мемле­кет­тік және орыс тілдерінде жүр­гізіледі. Нарық талабын меңгере отырып, колледж базасында 25 әр түрлі қысқа мерзімді курс та ұйым­дастырылған. Алматы облысы бойынша осы оқу орны алғаш рет өз қаражатына компью­терлік класс ашып, 1989 жылдан жоғары сұраныстағы бағдарла­машы мамандарын мемлекеттік тілде дайындап, өңірдегі ауыл мектептеріне информатика саба­ғынан дәріс беріп, компьютерлік сауаттылықты арттыруға үлкен үлес қосып келеді. Колледждің 15 кабинеті интерактивті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Колледжде кітапхана, спорт залы, акт залы, асхана жұмыс істейді. Үйірме жұмыстарына арналған қосалқы бөлмелері, 360 орынды Мәдениет үйі, тренажерлік класс, 16 зертхана, 4 шеберхана, медици­налық кабинет пен тіс емдеу ка­бинетімен қамтамасыз етілген. Колледжде оқытылатын ма­ман­дықтарға ветеринария мамандығы кейін қосылғандықтан студент­тердің бұл мамандықты жетік меңгерулеріне жағдай жасалып, жаңа заманға сай ветеринария кабинеті  ашылып, керек-жарақ­пен жабдықталған.

«Адамның адамшылығы жақ­сы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, білімді ұрпақты тәр­биелейтін білікті ұстаздар колледжде жұмысты жандандырып, жа­ңа заманға сай маман даярлау үшін жоғары мамандандырылған кадрлармен толықтырылған. Оқу орнында білім беру бағдарла­ма­ларын меңгеру үшін барлық жағ­дайлар жасалған. Лицензия­ландырылған мамандықтарға күндізгі бөлімге оқушыларды қабылдау сапалы түрде ұйым­дас­тырылады. Мамандықтардың жиынтығы бойынша оқу-әдісте­мелік дайындамалар жиынтық жоспар бойынша қарастырылған. Оқу және тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстар концепциясын ұйым­дастыру барысында студенттердің  шығармашылық,  рухани-адам­гершілік ізденістерін  дамыту мен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға арнал­ған ғылыми жұмыстар ұйымдас­тырылып келеді.

Бүгінде колледж қабырғасында 114 мұғалім қызмет етеді. Олардың 30 пайызы жоғары санатты болса, 50 пайызы бірінші санатты. Ал қал­ғандары екінші санаттағы ең­бек жолын енді бастаған жас мамандар. Білімді де білікті оқыту­шылар шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, өздері де ізденіс үстінде жүреді. Оқытушылар мен өндіріс­тік оқыту шеберлері жүйелі түрде педагогикалық деңгейлерін, кә­сіби біліктіліктерін көтеру мақсатында біліктілікті арттыру курстарына, әр түрлі білім сайыс­тарына қатысып отырады. Колледж оқытушылары республика, облыс, аймақ көлемінде өткен іс-шаралардың бәріне белсене қаты­сып, түрлі марапаттарға ие болуда. Атап айтқанда, «Техника­лық жә­не кәсіптік білім берудегі инновация, ізденіс, шешім» атты Тех­ни­калық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің III облыс­тық педагогикалық оқуларына 16 оқыту­шы қатысып, мақалалары жинаққа енсе,  «Дуальді-бағдар­лық білім беру жағдайында мек­теп-колледж-жоғары оқу орны іс-әрекеттерінің интеграциясы» атты ғалымдар мен мұғалімдердің  I республикалық конференциясына Г.С.Талдыбаева, Г.­И.Бай­мұ­хано­валар қатысып, арнайы сер­ти­фикатқа ие болды.  «Білім берудегі инновация мен тәжірибе уа­қыт талабы» атты II респу­бли­калық педагогикалық оқуларына 8 оқытушы қатысып, баяндамалары конференция жинағында жарық көрді. 2015 жылдың 10 жел­тоқсанында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республи­ка­лық  ғылыми-әдістемелік орталы­ғы» Акционерлік қоғамының 10 жылдық мерейтойына арналған «XXI ғасырдың білікті бәсекеге қабілетті адами капиталы» тақы­рыбындағы ғылыми-практикалық видеоинтернет конференциясына 16 оқытушы қатысып, баяндамалары конференция жинағына енгізілді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына арналған Алматы облыстық ұстаздар арасында өт­кен волейбол жарысында Талғар аудандық әйелдер командасы жеңіске жетсе, соның ішінде колледж оқытушысы Жұлдыз Дюсембаева 1 орынға ие болды. Алматы қаласының 1000 жылдығына ар­нал­ған ЖОО және АОО оқыту­шылары арасында өткен волейбол жарысында колледждің әйелдер құрамасы 1 орынды жеңіп алды.

Өткен  оқу жылында Талғар аг­робизнес және менеджмент кол­леджінде 1226 студент күндізгі оқу бөлімінде білім алса, 330 студент сырттай оқу бөлімінде мамандық игерді. Олардың 290-ы оқуды аяқ­тап, үлкен өмірге жолдама алды.

Білімді жастар – тәуелсіз елі­міз­­дің болашағы. Ал олардың ақыл-ой қуаты баға жетпес резерв. Ұлы ғұлама Әл-Фараби: «Адамға ең бі­рінші білім емес, тәрбие бе­рі­луі керек, тәрбиесіз  берілген  білім адамзаттың қас жауы» деген екен. Ал Елбасы Н.Назарбаев: «Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағ­дай жасау әр адам­ның ең елеулі борыштары­ның бірі» деген болатын. Талғар аг­робизнес және менеджмент колледжі өскелең ұр­пақ­ты тәр­бие­леуде жалпы адам­заттық және ұлттық құн­ды­лықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамы­ған тұлға тәрбиелеу мақсатында жұмыс атқаруда. Оқу орнындағы тәрбие жұмысы Қазақ­стан Респуб­ликасы Білім және ғы­лым ми­нис­трінің  «Тәр­биенің тұжырым­да­малық негізіне» сү­йе­не отырып, қазақстандық пат­рио­тизм және азаматтық, құқықтық, рухани-адамгершілік, ұлттық, отбасы тәр­биесі, еңбек, эконо­ми­калық және экологиялық, көп­мәде­ниетті және көркем-эстети­калық, зият­кер­лік, ақпараттық мәдениет тәрбиесі мен дене тәр­биесі, сала­уатты өмір салты бағыт­тары бо­йынша жүргізіледі. Осы тұжырым­дама­ның сегіз бағыты бойынша колледж қабырғасында мерекелік кештер, дебаттар, кездесулер, тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, түрлі байқаулар ұйым­дас­ты­ры­лады.  Тек бір бағыт бойынша бір оқу жылында жиырмадан аса іс-шара өткізіледі. Ал әрбір бағыт бойынша жұмыс жасаған ұстаздар қауымы жастарға тәрбие­лік мәні зор, мағынасы терең екі жүзге жуық іс-шара ұйымдас­тырып, тә­лімді тәрбиенің барлық саласын қамтуға тырысады. Оқу орнының қабырғасында аудандық қана емес, облыстық, респуб­лика­лық шаралар да өз дәрежесінде асқан шеберлікпен ұйымдас­ты­ры­лып, көптің көңілінен шығып келеді. Елбасының жыл сайынғы Қазақ­с­тан халқына арнаған Жолдауын қолдаудан бастап, мемле­кеттік тілдің мәртебесін көтеру, салауатты өмір салтын қалып­тас­тыру, қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты шаралар, мәдени-көп­шілік шаралары мен елге танымал қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, өнер адамдарымен кездесулердің жас ұрпақ тәрбие­сін­де алар орны ерекше. Студент жастардың рухани жан дүниесін байытып, мәдениеттілікке тәр­биелеу мақсатында  театрлар мен мұражайларға апарып, аймағы­мыз­дағы демалыс орындарына серуенге шығарады.

Биыл Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғын атап өткелі отырған елі­міз­дің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты да­мыған, рухани бай тұлғаның ала­тын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте, кәсіби-те­х­ни­калық білім беретін оқу орын­да­рының үлесі ұшан-теңіз. Отандық білім жүйесін дүниежүзілік білім үлгісіне жеткізу бүгінгі таңда ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан еліміздің оқу орындарында даярланатын бола­шақ мамандардың кәсіби дайын­дығына қойылатын талаптар  да арта түсті. «Білімнің қуа­тына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім – тек ғы­лымның ір­гетасы ғана емес, сонымен бірге, тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет бо­лу­дың күре тамыры, ел дамуы­ның  алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды», – деген еді Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев кә­сіп­тік және техникалық білім беруге ерекше назар аударып. Ма­ман­дық таңдау – болашақты таң­дау. Жердің де, елдің де иесі жас­тар сапалы білім алып, білікті ма­ман болып, туған елінің өсіп-өр­кендеуіне өз үлес­терін қосып, халқына қызмет етуі тиіс.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір