ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21.10.2016
1079
0

acd_1995Қызылорда облыстық жастар форумы аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастар ұйымдарының көшбасшыларымен және жастар қозғалыстарының  мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Қызыл­-орда өңіріндегі жастардың жұмыс­сыз­дығы, білім беру мен кәсіптік бі­­лімді игеру мәселелері талқы­лан­ды.

– Біздің мақсатымыз – ау­мақ­тағы белсенді жастарды жинап, кестеге сай шара өткізу ғана емес, жас­тардың нақты мәселелерін тал­қылап, оларды шешу жолдарын айқындау. Форум жұмысы төрт секциялық бағытта өтеді. Мы­салы, NEET (білімі және жұ­мы­сы жоқ) санатындағы жастармен жұмыс істеу мәселелері қа­рал­ды, – деп атап өтті аймақ бас­шысы  Қ.Көшербаев өз сөзін­де.

Жастардың өз бетінше дамуы үшін Қызылордада еңбек ресурс­та­рының балансы жасалды. Оған сәйкес, еңбек нарығына қажетті ма­мандар даярланады. Бұдан бө­лек, ЖОО бітірушілеріне де арнайы бағдарлама қарастырылған. Бү­гінде 391 қызылордалық РФ Үкі­метінің гранты есебінен Ре­сей­дің алдыңғы қатарлы жоғар­ғы оқу орындарында оқиды. Төрт мың­ға жуық  студент «Серпін» бағ­дарламасы бойынша білім алып жүр. Тағы 512 жас Қызылорда об­лы­сы әкімінің грантын жеңіп ал­ды.

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов Қызылорда облысының еңбек ресурстарының балансын әзірлеу және маргинал жастармен жұмыс жасау тәжірибесін Қазақстан бойынша таратудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар жас­тар­дың қоғамдық-мәдени өмірін қа­лыптастыруға байланысты бір­қа­тар ұсыныс-тілектерін жет­кіз­ді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір