Жастар зиялы қауым өкілдерІмен кездесті
04.11.2025
95
0

Қазақ–Британ техникалық университеті ғимаратында 25 қазан – Республика күніне орай зиялы қауым өкілдерінің алматылық жастармен, студенттермен кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұрат Жұрынов, ғалым, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев, филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнертану институтының директоры Кенжехан Матыжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет, әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор, академик Серік Сейдуманов қатысты.
Кездесуге Кенжехан Матыжанов модераторлық етті.
Шара барысында Алматы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің мән-мазмұнына тоқталды.
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов Тәуелсіздік декларациясы – Қазақстанның дербес даму жолын айқындаған тарихи құжат екендігін, ол мемлекетіміздің егемендігін нығайтып, тәуелсіздіктің конституциялық және саяси негізін қалаған маңызды тарихи шешім болғанын атап өтті: «Бұл – тәуелсіздігіміздің берік негізін айқындаған, ел бірлігі мен рухының мерекесі. Бүгінгі табысымыз – кешегі ұрпақтың еңбегі мен ерлігі, ал ертеңгі жарқын болашағымыз – білімді, намысты, отаншыл жастардың қолында. Біз жастарға зор сенім артып отырмыз. Республикамыздың болашағын қалайтындар да, даңқын шығаратындар да – жастар!» – деді М.Құлкенов.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір