ЖЕТПІСТЕГІ ТЕАТР
21.10.2016
1308
0

dsc_8073Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академия­лық Балалар мен жасөспірімдер театры өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті.

Театр ұжымы жетпіс жылдық мерейтойы қар­саңында өздері жайлы: «Жетпіс жылда жемісі жерге иілген жеміс ағашы сияқты, тағ­дырына тағзым жасап тұрған театрдың иесі мен киесі, ол – өз тарихының өне бо­йын­­да өміршең қалпын сақтап қалатын қа­сиетінде. Уақыт озбайды. Біз уақыттан оза­мыз. Актерлар да, театр тізгінін ұстаған аза­маттар да театр тарихының бір-бір парағы боп қалар… Ал театр өнері – мәңгілік елдің мәң­гілік мәртебесіне айналып, Тегеурінді мем­лекеттің рухани темірқазығы болып тұ­ра­ры Хақ!», – дейді. Мемлекеттің рухани те­мірқазығы болу жолында түрлі мәдени іс-шара­лардың ұйытқысы болып жүрген театр ме­рей­той қарсаңында да түрлі ірі шараларды өткізді.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 70 жылдық тарихына арналған ғылыми-та­ным­дық конференция драматург-авторлар, театр­танушы, өнертанушы ғалымдардың қа­тысуымен, «Жастар театрының бүгіні мен болашағы» тақырыбында ұйымдастырылды.Бұдан соң мерейтойға келген көрермен Қа­зақ­стан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы мен театрдың 70 жылдығына арнайы жасақталған музей-көрмелермен, «Кейіп­керлер» галереясымен (перформанс) танысты. Мерейтойлық іс-шара «ТӘУЕЛ­СІЗ­ДІК – ТҰҒЫРЫМ, ТЕАТР – МЕНІҢ ҒҰ­МЫ­РЫМ» атты театрландырылған кон­церт­тік, салтанатты кешке ұласты. Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік хатшысы Әб­діхалықова Гүлшара Наушақызының құт­­тықтауын Қазақстан Республикасы Мә­де­ниет және спорт вице-министрі Райым­құлова Ақтоты Рахметоллақызы жеткізді.Құт­тықтауда: «70 жылдық тарихында театр қан­шама таланттарды танытты, талантты жазу­шылардың танымал шығармалары сах­наланды, дарынды актер мен актрисалардың алтын бесігіне айналды. Бұл театр – халық­тың ыстық ықыласына бөленген өнер ордасы. Қазақтың  театр  өнерінің киелі мекені» делінген.

Сонымен қатар, Ғ.Мүсірепов атындағы қа­зақ мемлекеттік  академиялық Балалар мен жасөспірімдер театр ұжымын М.Әуезов атын­дағы қазақ мемлекеттік академиялық дра­ма театрының, М.Лермонтов атындағы мем­лекеттік академиялық орыс драма теат­рының, Н.Сац атындағы мемлекеттік ака­демия­лық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының және т.б. театрлардың басшылары құттықтады. Театрландырылған-кон­церт­тік бағдарламада театрдың құрылуынан бас­тап бүгіне дейінгі сәттерді қамтыған та­ри­хи фильмнен үзінді көрсетілді. Салтанатты кештің бағдарламасында театрдың бар­лық жанрлары қамтылған қойылымдар ұсы­нылды. Барлық қойылымдарды театрдың бү­гін­гі артистері мен бұрын осы театрда қыз­мет етіп, бүгінде еліміздің мақтаныштарына ай­налған актер-актрисалар орындады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір