ТЕАТР ҰЖЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ
21.05.2024
178
0

Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық театр күніне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында «Сараң» спектаклі ұсынылды. Сондай-ақ Облыстық кәсіподақтар орталығы­ның төрағасы Ерік Нұрақаев пен мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлнәр Қасымова өнер иелерін мерекемен құттықтап, арнайы лебіздерін білдірді.

Айтулы күннің қарсаңында театрдың бас есепшісі Зейнеш Сабырова, үй күтуші Гүлмира Көшербаева мен дарынды актриса Мақпал Серкебаева «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталып, осы ұжымда 20 жылдан аса қызмет атқарып келе жатқан Ақтілек Балқыбекова, Самал Емелева, Гүлназ Гайнулиналарға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді. «Театр жанашыры» аталымында Бекзат Сәрсекей, «Үздік қызметкер» аталымында Елена Рейзвих, «Театрға қосқан үлесі үшін» номинациясында Әсел Джимбекова үздік деп танылса, Ботагөз Ахметоваға «Шығармашылық жетістіктері үшін» аталымының, Ислам Жақсылыққа «Үздік эпизодтық рөл» аталымының жүлдесі берілді. «Үмітті» Дильназ Қабдырова, «Көрермен көзайымын» Эланар Кенжебеков, «Екінші пландағы үздік актрисаны» Құртқа Мусина қанжығасына байласа, «Екінші пландағы үздік актер» аталымында Ернұр Аралтаев, «Ең үздік актрисада» Жанар Насырова, «Ең үздік актер» номинациясында Асылхан Разиев бәйгені еншіледі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір