«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ»
21.10.2016
2277
0

14813531_1831656600448969_758225529_n(РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, үстіміздегі жылдың қазан айының 22-27 күндері, Орал қаласында, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Облыстық Мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы, БҚО Қазақ драма театрының ұйымдастыруымен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш»  және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр мүшәйрасының Бас жүлдегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев) «Мәңгілік Елдің Алтын Адамы» атты Республикалық Театрлар  Фестивалі өтеді.

Фестивальға кең байтақ қазақ елінің түпкір-түпкірінен келіп қатысатын көптеген театрлардың сан алуан («Абылай», «Адасқан Бақ Құсы», «Фатима», «Естайдың Қорланы», «Аждаһаның Әлегі», «Қорқыттың Көрі», «Махамбет», «Мен ішпеген у бар ма?!», «Ән-Мұхит», «Мәңгілік Елдің Алтын Адамы», т.б.) қойылымдары салтанатты сахналық бой түзейді.

Бір қызығы, Әділқазылар алқасының «жарты-дені» – Шетелдік Театр Мамандары…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір