«ӘБІШ ӘЛЕМІ»
Елордадағы Маңғыстау облысының күндері аясында халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Әбіш әлемі» журналының тұсауы кесілді.
Тұсаукесер шымылдығы Әбіш Кекілбайұлының толғаныстары жинақталған бейнетоптамамен ашылды. Тұсаукесерге жазушының көзі тірісінде сындас аға, сырлас дос болған замандастары мен қаламдас інілері жиналды.
Қоғам қайраткері Зейнолла Алшынбаев: «Әбіш әлемі жатқан мұхит. Біз жаңа ғана білуге тырысып жатырмыз. Әбіш еңбектерін түсіну үшін үлкен дайындық керек. Сондықтан «Әбіш әлемі» атты журналдың маңыздылығы осында. Басқа қырларынан айтпай-ақ қояйық. Тәуелсіздік алғаннан бергі еңбектерінің барлығы тәуелсіздікке қаланған жәй ғана кірпіш емес. Бұл – гранит. Мығым, үлкен дүние», – деді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Аңызға айналған Абыз» атты кітап және «Ұлы дала Абызы» тақырыбындағы жылжымалы ақпараттық көрме ұйымдастырылды. «Жаңғырған Маңғыстаудан – Жасампаз Астанаға» деп аталған шара Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесімен қорытындыланды.
Журналдың тұсауын ғалым, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков пен жары Клара Жұмабай кесті.
Шарадан соң жиылған қауым Әбіш Кекілбайұлының зиратына барып, құран бағыштады.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.