«МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН»
30.09.2016
1807
0

img_3638Қыркүйек айының 22 жұлдызында,  Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған  «Менің Елім – Қазақстан» фотобайқауының жеңімпаз­дарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау тақырыбы – Қазақ еліміздің табиғаты, тарихи ескерткіштері және салт-дәстүрлерін қамтыды.

Шараны ұйымдастырып, қа­тысу­шыларға демеушілік көр­сет­кен «ФОТОӨНЕР» ҚБ мен бас се­­рік­тес –«Bank RBK» АҚ, ал ақ­­­па­раттық серіктестер – «Қа­зақ­стан» ҰТРК және «National Geographic Қазақстан», NIKON Қа­зақ­стан.

Марапаттау рәсімінің алдында Қазақстан «ФОТОӨНЕР» қо­ғамдық бірлестігінің  Қазақстан фо­тожурналистикасына сіңірген еңбегі үшін берілетін «Фотоөнер қай­раткері» медалі марқұм Нұрғо­жа Жұбанов, Қайрат Мұстафин, Сиез Бәсібеков, Сайлау Перне­баев, Рахымбай Ханалы ағалары­мыз­дың отбасыларына және де биыл 75 жасқа келген Нұрманбет Қи­затұлына табысталды.

Жалпы, фотобайқауға 71 қа­тысушыдан 560 жұмыс келіп түс­ті. Сапасына әрі тақырыбына сай ке­летін суреттерді арнайы құрыл­ған әділқазылар алқасы келесі рет­те анықтады:

1-орын – «Достық шоқысы». Ав­торы – Мерей Кайнарұлы. ШҚО, Өске­мен қаласы.

2-орын – «Теңге ілу». Авторы – Ал­маз Орманов. Жамбыл облысы, Та­раз қаласы.

3-орын – «Таудан аққан тас бұ­лақ». Авторы – Тілеубек Рақым­жан. Алматы қаласы.

Сонымен қатар, бес қаты­су­шыға  ын­таландыру  сыйлықтары табыс етіл­ді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір