ЖАСТАР ҚОҒАМДЫ ҚОЗҒАЙДЫ
30.09.2016
1519
0

gadilbek-akim

 

Ғаділбек ӘКІМ,
әлеуметтанушы

 

  1. Қазақстандағы бүгінгі діни ахуалдың жай-күйін қалай бағалауға болады?
  2. Жастар діни уағыз-насихаттарды талдап-таразыламай, кез келгенге құлақ асуы, әсіресе, радикалды ағым өкілінің айтқанына еріп кетуі – біздегі діни насихаттың кемшіндігі ме, болмаса оның басқа да себептері бар ма?
  3. Діни уағыздарды орыс тілінде де айту мәселесі көтерілгенін, оның қоғамда кереғар пікірлер тудырғанынан хабардар боларсыз. Бұл туралы пікіріңіз қандай?

 

  1. Еліміздегі бүгінгі күнгі діни жағдайды өте ауыр деп бағалар едім. Себебі, тәуелсіздік алған жылдардан бергі осы саладағы жинақталып, қордаланып қалған проблемалар енді-енді бетке қалқып, өзінің зиянын шектіріп жатыр.Менің ойымша, алдын-алмаса бұл әрі қарай жалғас беретін секілді. Бір сөзбен айтқанда, діни ахуал көңіл көншітетін деңгейде емес, оны байқау үшін діни маман болудың қажеті жоқ, көрер көзге, байқар жанға барлығы анық.
  2. Қоғамдағы түйткілді мәселелер – негізі бірінші кезекте жастарға әсер етеді, жастар арқылы күллі қоғамды қозғайды. Жастар – идеологиялық жағынан алғанда қоғамның әлсіз топтарының бірі. Жастар талдап-таразыламай әр түрлі деструктивті ағымдарға еріп кете беру үрдісі бізде бар. Бұл мәселенің тамыры терең, себеп-салдары да көп. Менің ойымша, мемлекет және құзырлы мемлекеттік органдар бұл мәселені қолға алғандары дұрыс.Жастар саясатын қайта қарап, жастар саясатын осы мәселемен де байланыстыратын жолдарды іздеу керек. Бүгінгі күнде жастар саясатына қатысты ештеңе жасалмай жатыр деп айтсақ, жаңсақ болар. Жат ағымдармен күресті күшейткен жөн және мүфтият, діни зерттеу орталықтары бірігіп жұмыс жасағаны жөн. Кей кезде, әр түрлі құзырлы органдар арасында үйлестіру жұмыстары жетіспейтін сияқты. Жалпы, бұл проблема туралы айта берсе көп айтуға, көп жазуға болады, бастысы, мемлекет бұл проблеманы өз құзырынан шығармағаны жөн.
  3. Менің ойымша, мешіттерге баратын жамағат – негізінен қазақтар, қазақтілділер. Алайда, мысалы, солтүстік аймақтарда орыстілді азаматтар көп, олардың ішінде қазақша түсінбейтіндері де бар шығар, оларға, бәлкім, орыс тілінде уағыз жүргізген дұрыс болар. Біздің имамдар, жамағатпен жұмыс жасайтын дін мамандары қазақ тілінен бөлек, басқа тілдерді де меңгергендері ең алдымен өздеріне жақсы деп ойлаймын.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір