ЕСЕЛІ ЕҢБЕК – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ КЕПІЛІ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету шеңберінде, адам еңбегінің беделін өсіру, еңбекті ынталандыру, мамандықтарды насихаттау және өндіріс саласына жастарды тарту, жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында елімізде «Еңбек күні» аталып өтті.
Еңбекті насихаттау, ынталандыру Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да қамтылған болатын. «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустриаландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады», – делінген 88 қадамда.
«Еңбек күні» мерекесіне арналған жұмысшылар мен еңбек династияларының облыстық форумында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, ұзақ жылдар тер төккен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады. Биылғы жылдың шілде-тамыз айлары аралығында облыста «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша байқау ұйымдастырылған болатын. Байқауға қатысқан 60-тан астам үміткер арасынан үздік шыққандар да бұл күні құрмет пен қошеметке бөленді. Мысалы, Арыс сигнализация және белгі беру дистанциясының басшысы Тазабек Жаңабаевтың отбасы облыстық конкурста «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл отбасының осы саладағы жалпы еңбек өтілі 475 жылдан асады. Қазірдің өзінде бір шаңырақтан тараған 17 жан тоғыз жолдың торабында еңбек етеді екен. Алды құрметті зейнеткер де атанған. Бүгінде Жаңабай атаның кәсібін үшінші ұрпағы жалғастырып келеді. Ал «Визит» АҚ-да жөндеу шебері болып істейтін Сергей Колохов «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атанса, «Шардара ГЭС» АҚ-ның инженері Мақсат Қанаев «Өндірістің үздік жас маманы» аталымы бойынша жеңімпаз болып танылды. Жалпы, бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 28 азаматқа «Еңбек ардагері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі және облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді. Айта кетелік, облыста 9 Социалистік Еңбек Ері бар, сондай-ақ, Қазақстанның Еңбек Ері атағына алғаш болып оңтүстік өңірінің азаматы ие болған.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім реформалар, даму» атты Жолдауында бүгінде тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті екенін атап өтті. «Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу кеңеюде», делінген Елбасы Жолдауында. Оңтүстікте бұл бағытта атқарылып жатқан тындырымды тiрлiк көп. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темiрбаеваның айтуынша, 2016 жылға арналған кешендi жоспарға сәйкес, жалпы 19 364,5 миллион теңге бөлiнiп, 57 200 адамның еңбекке орналастырылатыны жоспарланған болатын. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн 45 365 азамат әлеуметтiк қолдау шараларымен қамтылды. Бұл жылдық жоспардың 79,3 пайызын құрайды. Оның iшiнде өздiгiнше жұмысқа тұрғандар санатында 15 475 адам бар. Сөйтiп, жылдық тапсырма әзiрге 88,8 пайыз орындалып отыр. Ал жұмыссыздар ретiнде 29 890 адам тiркелген. Аз қамтамасыз етiлген 4 727 адам тiркеуде тұр. Бұл жылдық тапсырманың 105 пайызы болады. Бағдарлама аясында бөлінген қаржының 11,5 миллиард теңгесi игерiліпті. Таратып айтсақ, 1-бағыт бойынша 3,2 миллиард теңге, 2-бағыт бойынша 3,3 миллиард теңге, 3-бағыт бойынша 2,1 миллиард теңге қарастырылған болатын. Биыл бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтiк сақтандыру салаларындағы күрделi және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 541 жобаны жүзеге асыру үшiн республикалық бюджеттен 9 миллиард теңге бөлiндi. Жобаны жүзеге асыру барысында 3 579 жұмыс орнын ашу көзделiп, 1 949 адамды жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастыру жоспарланған. Жалпы, 83 инфрақұрылымға жоба аясында жөндеу жұмыстары басталды. Қосымша 1 544 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал жұмыспен қамту орталықтары есебiнен барлығы 829 адам қамтылған. 13 жоба өз жұмысын аяқтап, тапсыру актiсiмен қабылданды. Екiншi бағытқа да қыруар қаржы қарастырылған. Атап айтқанда, ауылда кәсiпкерлiктi дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тiрек ауылдарды дамытуға облыс бойынша 2016 жылға 7 247,776 миллион теңге бөлiнiптi. Оның iшiнде: 7237,5 миллион теңгесi 2 072 адамды шағын несиелендiруге жұмсалса, 10,276 миллион теңгесi 514 адамды кәсiпкерлiктiң негiздерiн оқытуға қаралған. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2016 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн жалпы 1 253 адамға 3 317,1 миллион теңге шағын несие таратылған. Оның iшiнде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» есебiнен 118 азаматқа 300 миллион теңге берiлдi. Орташа көлемi 2,6 миллион теңге. Кәсiпкерлiк негiзiнде 514 адамды оқыту жоспарланып, 529-ы оқуын аяқтады.
Елбасы Жолдауында еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс екені айтылған болатын. Осы орайда, оңтүстікте кәсiби оқыту мақсатында 2016 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс берушiлердiң сұранысы бойынша 500 адам қайта даярлау курсына жолданыпты. Ал 463 адам оқуды аяқтап, оның 447-сi тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, тамыз айынан бастап 55-64 жас аралығындағы 315 жұмыссыз азамат қайта даярлау курсына жолданған. Жұмыс берушiлерге өнеркәсiптiк кәсiпорындарда жұмыс орындарын сақтай отырып жұмысшыларын оқытуға грант бөлуге, қайта даярлау курсын ұйымдастыруға 60,3 миллион теңге бөлiнген. Айта кетелік, оқу шығынының 80 пайызын мемлекет төлейдi, ал 20 пайызын жұмыс берушi өз мойнына алады. Жұмыс орнын сақтау шартымен 18-ден 24 жас аралығындағы жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жалақы сақталмайтын қайта даярлау курсын оқытуға 86,4 миллион теңге қарастырылып, 2016 жылдың тамыз айының басынан бастап 195 жалдамалы жасқа қайта даярлау курсы ұйымдастырылған. Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, әлеуметтiк жұмыс орындарын ашу бағытында биылғы 1 қыркүйекке дейiн 627 кәсiпорынмен келiсiмшарттар түзiлiп, 4 904 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтiк жұмыс орны ашылған. Бұл жылдық жоспардың 123 пайызын құрайды. Орташа жалақы 51,5 мың теңгеден айналды. Мерзiмiнен бұрын оқуын аяқтаған 463 адамның 448 -i (96 пайызы) тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Ал жастар практикасын ұйымдастыруға 1 512 жұмыс берушiмен келiсiмшарттар түзiлген. Практикасын мерзiмiнен бұрын аяқтаған 2 526 адамның 1 879-ы (74,4 пайызы) тұрақты жұмысқа орналасқан. Биыл барлығы 8263 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жiберу жоспарланған екен, 1 қыркүйекке дейiн 5 198 адам уақытша жұмыспен қамтылыпты. Атқарылған жұмыстардың нәтижесiнде 2016 жылдың екiншi тоқсанындағы статис-тикалық мәлiметтерге сәйкес, жұмыссыздық деңгейi 5,2 пайыз болған. Сондай-ақ, биыл «Өрлеу» жобасын енгізу тәжірибесін кеңейту үшін, шартты ақшалай көмек жүйесін облыстағы барлық аудан, қалаларда енгізу жоспарланған. Жоба аясында 14927 адам 602,5 млн.теңгеге шартты ақшалай көмекпен, оның ішінде 2944 адам жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтылатын болады. Осы арада айта кетелік, Оңтүстiк Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы iске асырылуда. Осыған сәйкес, шағын өндiрiстiк жобаларды 6 млн. теңгеге дейiнгi мөлшерде несиелеуге 3,4 млрд. теңге қарастырылған. Бүгiнде 1800-ге жуық азамат осы жоба арқылы несие алуға ниет бiлдiрiп отыр.
Несие алып, шағын кәсіпкерлікпен айналысып жүргендермен қатар өңірде іске қосылып жатқан кәсіпорындардан жұмыс тауып, тұрмысын жақсартып жатқандар да аз емес. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында жаңа жұмыс орындары құрылып жатқанын айта келе, жұмыссыздардың барлығы бірдей жұмыс істеуге ұмтылмайтындығына өкініш білдірген болатын. «Өкінішке қарай, адамдар арасында жаңа біліктілікті меңгеруден гөрі базарда «такси» қызметін атқаруды қалайтын психология сақталып отыр. Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл психологиядан арылу қажет! Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, НӘПАҚА табатын жерге қарай ұмтылулары керек! Басқа елдерде адамдар жұмыс үшін алыстағы шет мемлекеттерге барып, ешбір кепілдіксіз еңбек етуде. Ал біз өз елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан жұмыс бар жерге бару керек», – деген болатын Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында. Бүгінде өңірде жұмыс істеп жатқан индустриалды аймақ жұмыс іздеген азаматтардың нәпақа табуына мүмкіндік жасауда. Оңтүстікте жеті индустриалды аймақ табысты жұмыс істеуде. Елбасының жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдында берген есебінде облыс әкімі Б.Атамқұлов Шымкент пен Кентау, Түркістан мен Созақ, Түлкібас, Мақтаарал және Казығұрттағы индустриалды аймақтар жұмысы жолға қойылғанын, мұнан бөлек, тағы 4 осындай аймақта бүгінде инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінге дейін облыстағы индустриалдық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4025 жұмыс орны құрылған. Жеті индустриалды аймақтың біріне жекелей тоқталайық. Кентау қаласындағы индустриалдық аймақта 1 419,0 млн. теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Жалпы аймақта 1 943,5 млн. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылып, 145 жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінгі таңда жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаның («ЮгЭлектроПривод», «Бесқасқа» ЖШС) құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, іске қосылды. Нәтижесінде 75 жұмыс орны ашылды. Ал 2016-2017 жылы индустриалды аймақта тағы 2 жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, индустриалды аймаққа қызығушылық танытып, алдағы уақытта орналасуға ниет білдерген 3 кәсіпкермен жұмыс атқарылуда. Жалпы 1,4 га. жер теліміне, 232 млн.теңге инвестиция тарту көзделуде. Кентауда жұмыссыздықты жою мәселесі де басты назарда. Мысалы, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 1177 азамат жұмыспен қамтылған. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде республикалық бюджет есебінен 12 жобаға 474,2 млн. теңге қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екінші бағыт бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 43 азамат несие алуға өтініш білдіріп, 8 азамат 22,5 млн. теңге несие алып, нәтижесінде 9 жаңа жұмыс орны ашылған. Үшінші бағыт бойынша 3,5 млн. теңгеге 20 азамат қайта даярлауға жолданып, 20 млн. теңгеге 106 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Жастар практикасына 27,4 млн. теңге қаралып, 128 жас маман жолданып, 6 маман тұрақты жұмыс тапты. Ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 527 азаматқа жолдама беріліп, 66 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. Нысаналы топқа жататын мүгедектер үшін 3% квота белгіленіп, 11 азамат «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-на жолданған. Тұрғындарды жұмыспен қамту облыс орталығы Шымкентте де күн тәртібінен түспеген мәселе. Бұл орайда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бергі 8 айда 12415 адам қамтылған. Аталмыш бағдарламаның берері көп болары анық. Олай дейтініміз, Елбасы Н.Назарбаев көктемде Павлодарда өткен республикалық еңбек ұжымдары форумында барлық өңірде әкімдіктер мен жетекші кәсіпорындар арасында жұмыс орындарын сақтау, жұмыс берушілердің жергілікті қайта оқыту бағдарламаларына қатысуы туралы меморандумдарға қол қойылғанын атап өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында әлеуметтік кепілдік шаралары ұсынылды, жаңа еңбек кодексі қабылданды, кәсіподақтар ролі күшейтілді. Келер жылдан бастап баршаға арналған тегін кәсіптік білім беру жөніндегі жаңа жоба іске қосылады. Соның арқасында миллиондаған қарапайым Қазақстан азаматы өмірге еңбек жолдамасын алады. Бұл – мемлекет тарапынан жастарға жасалған зор қолдау. Қарапайым адамдардың күнделікті қажеттіліктері, жаңа жұмыс орындары, лайықты еңбекақы, құқық тәртібі мен елдегі тұрақтылық – біздің дағдарысқа қарсы саясатымыздың басты назарында. Биыл менің тапсырмам бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға айтарлықтай қаражат бөлінді, бұл шамамен 60 мың адамды жұмыпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, 18 мыңнан кем емес жұмыс орны ашылады, 1 мыңға тарта инфрақұрылымдық жоба іске асырылады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Индустриалды-инновациалық даму» бағдарламасы аясында облыста 27 млрд. теңгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 азамат жұмыспен қамтылды. Нақтырақ айтсақ, «Шымкентмай» АҚ – өсімдік май өндірісін ұлғайту жобасы бойынша 26 жұмыс орны, «Lotus Food Company LLC» ЖШС – тез даярланатын азық-түлік әзірлеу жобасы бойынша 48 жұмыс орны ашылды. Өсім бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда келеді. Бағдарлама аясында бюджетке түскен салықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теңгеге артып, 5,4 млрд. теңгені құраса, 6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 384 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3 пайызға артқан. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол катасы – 2020» бағдарламасымен 6 айда 54 млрд. теңгеге 117 жоба мақұлданып, 983 жұмыс орны ашылды. Жалпы, бағдарлама қатысушылардан бюджетке 6,7 млрд. теңге салықтар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 409 млн. теңгеге артты. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен» 19 905 кәсіпкерге көмек көрсетілген. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алғашқы жартыжылдықта 33 383 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Айта кетелік, бұл республикалық көрсеткіштің 16 пайызын құрайды. Аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27 пайызға төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайыз болған. Жұмыспен қамтуда әлеуметтік нысандар құрылысы мен жөндеу жұмыстарының алар орны да ерекше. Оңтүстікте жыл басынан бері 42 мектеп пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы өңірде 37 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, балаларды қамту көрсеткіші 80,5 пайыздан 82,3 пайызға жеткен. Мұнан бөлек, 6 балабақша пайдалануға беріліп, 11 апатты жағдайдағы мен 9 үш ауысымды мектептердің құрылысы аяқталды. Ал 77 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылық саласындағы еңбеккерлердің де көрсеткіштері атап өтерліктей. Мысалы, өңірде І жартыжылдықта ауыл шаруашылығының өнім көлемі 123 млрд. теңгені құрап, 2 пайызға артқан. Ал егіс көлемі өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектар болған. Суармалы 466 мың гектар жердің 93%-ы игерілуде. Диқандардың еселі еңбегінің нәтижесінде осы жылы дәндік жүгеріден 108,4 мың тонна, көкөністен 811 мың тонна, бақшадан 1 252 мың тонна, картоптан 195 мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жиналған. Сондай-ақ, облыста алғаш рет бидайдың орташа өнімділігі 22 центнер болып, рекордтық өнім алынып отыр. Тамшылатып суғару әдісі қосымша алты мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға, ал жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жеткен. Айта кетейік, жалпы еліміз бойынша жылыжайлардың 87%-ы Оңтүстіктің үлесінде. Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.Терең қопсыту технологиясы 89 мың гектарға енгізілген. Ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 29 млрд. теңге бағытталып отыр. Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теңге көлемінде несие беріліпті. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 35 мыңнан аса мал сатып алынған. 4000-нан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 47 кооператив құрылып, 9 МТС ашылды. Инвестиция тарту мақсатында «Ontustik Invest-2016» халық-
аралық инвестициялық форумы өткізіліп, Еуропа және Азия елдеріне ресми іссапарлар ұйымдастырылуы өз жемісін берері анық. Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлардың қатысуымен өңірде жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда.
Диас НҰРКЕНҰЛЫ.
Оңтүстік Қазақстан облысы.