1-ШІ ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ
02.09.2016
1853
0

14111998_1806775469603749_1456601082_nБұл күн халықаралық мереке болып белгіленгенімен, Жер ша­рындағы барлық елдерде оқу жы­лы дәл осы күні басталмайды. Мә­селен, Норвегияда оқу жылы сәуір айының аяғында, ал Үн­діс­танда Білім күні – 1 маусым күні, Жа­понияда жаңа оқу жылы сәуір­дің басталуымен тұспа-тұс ке­леді екен. Польша, Испания сын­ды Батыс Еуропа елдерінде Бі­лім күні – 1 қазанда атап өті­леді. Олардың кейбірінде нақты күн белгіленбеген. Ал көршілес Қы­тай елінде тегін оқу орындары мүлдем жоқ көрінеді.Бұл жүйе­ге Аспанасты елінің халқы еш­бір қиналыссыз қарайтын се­кілді. Ал біз мектептегі оқыту бағ­­дарламасының  қиындығымен қоса, оқу орындарында оқу ақы­сы­ның да өте қымбат екенін айтып қамығамыз. Одан бөлек, ба­лаларға мектеп формасы мен оқу­ға керекті құрал жабдық­тар­мен қамтамасыз етудің де аса оңай болмайтындығын айтамыз. Ен­ді бір елдерде арнаулы мектеп фор­малары жоқ, есесіне сапалы бі­лім беруге көңіл бөледі екен. Әрине, әр елдің, әр уақыттың өзіндік ерек­шелігі бар. Ойын қуған дала ба­ласы мен еңкейген кәрі де мектепке қарай ағылатын Білім күні – баршамызға өзгеше­лігімен есте қалатын күн. Алғаш мектеп табалдырығын аттап, көкірегін қуа­ныш кернеген жас бүл­дір­шін­нің шалқыған көңілі мен пе­р­зен­тінің әр қадамына сәттілік тілеп, іш­тей шүкіршілік еткен ата-ана­ның толқуы екі бөлек сезім. Бүл­діршін үлкен өмірге қадам бас­қанына шаттанса, ата-ана ұр­­пағының ертеңіне алаң­дай­ды. Осы орайда еш­ қиын­дықтарға қарамас­тан, өз негізімізден ажырамай, бі­лімнің шыңына самғайтын са­налы ұрпақ тәрбиелеу үшін не іс­теуіміз керек? Кешегі ата-ана­ның ұрпақ болашағына алаңдауы мен бүгінгі ата-ананың ойындағы уайымның аражігі қандай деген көңілде жүрген сауалдарға  жауап іздеп көрген едік…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір