РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТ­ТІ
11.06.2024
890
0

4-маусым – Рәміздер күнінде мемлекет­тік мекемелер мен аймақтарда әр қилы іс-шаралар өткізілді.

№5 қалалық перзентханасында да атаулы күнге орай ауқымды жиын өткізіліп, ұлт­тық рәміздердің қадірі мен қасиеті жайлы жан-жақты айтылды. «Мемлекет­тік рәміздер күнімен шын жүректен құт­тықтаймыз! Арайлы азат­тығымыздың кепілі – Мемлекет­тік рәміздер дүниеге келіп, Тұңғыш Президент Жарлығымен 4-маусым күні мемлекет­тік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақ­стан тарихының төрінен орын алды. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекет­тік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!» – деп бір ауыздан ақ тілектерін жеткізген ақ халат­ты абзал жандар қазақтың Туы мен Елтаңбасы турасындағы ойларын тарқата жеткізіп, Әнұранды орындады.
Перзентхана директоры Берік Жарқынбеков: «Елтаң ба мен көк байрағымыз, Әнұранымыз – елдігімізді айғақтар басты нышандар. Ұлт­тық рухымыз бен рухани болмысымызды танытар бейнеге, айбынымызды асқақтатар сөздерге тұнып тұрған рәміздеріміз қашан да көкірегімізге мақтаныш ұялатып, көңілімізге қанат бітіретіні рас. Туымыз әрдайым көкте желбірей берсін», – дей келе, мерекелі датаға байланысты лебізін білдірді. Дүние есігін ашқан сәбилердің тәт­ті үніне толы мекемеде рухты Әнұранның шырқалғаны қызметкерлерге серпіліс сыйлады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір