ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН ҮМІТ ЗОР ЕДІ…
02.09.2016
1578
1

3627_40418351_e2a42641168ee13d7efa749f41256dc5Біз кеңестік дәуірде білім алдық, сол заманның өкілдеріміз. Оқуды «Әліппеден» бастадық, содан соң «Ана тілін» парақтадық. Ұстазымыз жақсылап санауды үйретті, сурет салуға, еңбекке баулыды. Қыздар секілді ине ұстадық, түйме қададық. Сонда төрт жыл бойы бастауыш сыныпта көргеніміз бір-ақ мұғалім. Қазір радиодан Әбілахат Есбаевтың «Ұстазым» әні орындалып жатса, көз алдыма әріп үйретіп, білім нәрімен сусындауға жол ашқан алғашқы ұстазым Моматай Стамбеков  келеді.

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ,
публицист-жазушы

Біз эксперимент дегенді білмей мек­теп бітірдік. Қай пәнді оқысақ та, алдымыздағы аға, әпке­ле­рі­міз­дің қолынан өткен нұсқада оқы­дық. Ішінара өзгерістер жасалатын, әйтпесе сол қалыптасқан, қай­таланып шығарыла беретін үл­гіде бізден кейінгілер де білім ал­ды. Бірақ солар бірдеңеден ұты­лыпты, жеткілікті білім ала алмай өкініп, опық жепті дегенді естіген емес­піз. Міне, сол ұрпақ ғылымды да өркендетті, өнерді де өрге бас­тыр­ды, техниканы да тізгіндеді. Шәм­шінің әндерін әуелете шыр­қап, Мұқағалидың жырларынан күш-қуат  алған ұрпақ – мына біз­дер  тәуелсіздік алғаннан бері экс­пе­рименттен көз аша алмай, қи­налған балаларымызға, не­ме­­ре­­лерімізге аянышпен қараймыз.

Иә,  бізде ертеңге деген үміт зор еді. Сенім бәрімізге серпіліс бе­­ре­тін. Шет тілі пәнін бесінші сы­нып­тан бастап оқыдық. Тіпті, оқы­татын мұғалімнің жоқтығынан не ағыл­шынша, не немісше, не французша әріп танымай орта мек­теп бітірген замандастарымыз  да университетте өзімізбен бірге студент атанды.

Тіл деген қажеттіліктен барып үйренетін құрал. Аса қажет пе, он­да шүршіт тілінде күштемей-ақ аз уақытта үйреніп аласың. Сон­дық­тан да «Әліппенің» бетін енді аш­қан, санауды жанадан үйрене бас­таған балғын бүлдіршіндерді бір­ден үш тілде қыспаққа алып оқыту «жаңалығы», ашығын айт­қанда, өз басыма өте ұнамайды!.. Бастауышта баланы оқуға ынталандыру қажет. Жаңартылған оқу бағдарламасы деп кейінірек те біліп үлгеретін пәндерге қатысты мәселені жөнсіз тықпалай берудің керегі қанша? Өйткені, адам өмір бойы оқиды, білем дегенін үйре­не­ді. Ал енді өте қабілетті ұландар да­раланып жатса, ондайларды сы­ныптан-сыныпқа аттатып оқы­та­тын тәжірибе бұрын да болды емес пе? Соны ұстанайық!

Эксперимент десе, үрке қа­рай­тын, өре тұратын жағдайға жеттік. Білім министрлігі осындай өзін ақ­­тамайтын тәжірибелерімен әб­ден мезі етті. Өздері содан рахатта­на­­тын сияқты. Сабақ алмайды. Мен бір­денені сезсем, мына министр кеткен соң, оның орнына кел­­ген жаңа министр және бір экспериментті шығарады. Әрине, өкі­­нішті…

 

ПІКІРЛЕР1
Құрманғазы 02.09.2016 | 10:41

Қысқа да нұсқа.
Мен енгізілмек «үштілділікке» қарсымын.
Дабыл қағып, Жерге қатысты бірігіп көтерілгендей әрекеттер жасап, тоқтату керек.
Ертең кеш болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір