ЖАСТАР ТАҢДАУЫ
12.08.2016
770
0

BbigМемлекеттік білім беру гранттарының саны бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дәстүрлі түрде бірінші орынға ие болды. Осылайша, биылғы жылы мемлекеттік грант негізінде білім алатын Ұлттық университетінің студенттері 3071 жас талаппен толықты. Олардың көпшілігі «Алтын белгі», ерекше аттестат иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Халықаралық жоғары талап­тар­ға сай заманауи білім беру бағ­дар­ламалары, білім берудің озық технологиялары, инфра­құры­лы­мы дамыған бірегей студенттік кам­пус пен белсенді студенттік өмір­ жастарға сапалы білім алып, өздерінің шығармашылық мүм­кін­діктерін жүзеге асыруға жол аш­пақ.

ЖОО жалпы ұлттық рей­тин­гін­де көш бастап тұрған ҚазҰУ Қа­зақстан ЖОО арасында бірінші бо­лып әлемнің технологиялық да­мыған ең үздік 50 және әлемнің ең үздік 300 университетінің тізі­мі­не енді. Аталмыш көрсеткіш әлем­дік деңгейдегі зерттеу уни­вер­ситетіне айналғалы отырған оқу ордасы үшін таңдаған бағыты­ның дұ­рыстығының дәлелі.

Биылғы оқу жылында талап­кер­­лер мамандық таңдауда гу­ма­нитарлық және жаратылыстану-ма­тематикалық бағытына ба­­­сымдық берген. Радиотехника, электроника  және  телекоммуника­ция, ақпараттық жүйелер, ав­то­мат­тандыру және басқару, биотех­нология, аударма ісі, халықаралық қа­тынастар, заң, қаржы, есеп және аудит, экономика және халық­ара­лық құқық мамандықтарына сұ­ра­ныс жоғары.

Жұмыс берушілердің ҚазҰУ түлектерінің кәсібилігін жоғары ба­ғалауы Ұлттық университет үшін ерекше мақтаныш. Тү­лек­тер­дің сұранысқа ие табысты маман болуы университет қызметінің не­гізгі көрсеткіші.

Елдана ТОҚБАЙ.

 

ПІКІР ҚОСУ