Жастар мен спорт жетістіктері
11.10.2025
128
0

Күнсұлу ҚҰРМАНҒАЛИ, КазХҚжӘТУ университетінің журналистика факультетінің 1-курс студенті

Бүгінгі таңда спорт – салауатты өмір салтының ажырамас бөлігіне айналған. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастар үшін спорттың орны ерекше. Себебі спорт тек денені шынықтырып қана қоймай, адамның рухани және моральдық дамуына әсер етеді.

Жастар – ел болашағының айнасы. Олар дені сау, білімді, мақсатшыл болса ғана мемлекетіміздің келешегі де жарқын болмақ. Ал спорт – сол биік мақсатқа жетудің ең тиімді жолдарының бірі. Спортпен шұғылдану арқылы жас ұрпақ табандылыққа, жеңіске деген жігерге, тәртіпке және еңбекқорлыққа үйренеді.

Қазақстанда спорт саласы жыл сайын дамып келеді. Жас спортшылар халықаралық аренада еліміздің атын асқақтатып жүр. Олимпиада, Азия ойындары және әлем чемпионаттарында топ жарып жүрген спортшыларымыздың жетістігі – мемлекеттің қолдауы мен жастардың еңбегінің жемісі. Бұл табыстар жастарға үлгі болып, жаңа буынның спортқа деген қызығушылығын арттыра түсуде.

Сонымен қатар спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Спортпен айналысатын жастар зиянды әдеттерден алыс болып, өмірге белсенді көзқарас қалыптастырады. Бұл – қоғам үшін де, мемлекет үшін де үлкен игілік.

Қорытындылай келе, жастар мен спорт – егіз ұғым. Әр жас спортты өз өмірінің бір бөлігіне айналдырса, еліміздің болашағы да мықты, дені сау және рухы биік ұрпақтың қолында болмақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір