«МЕНІҢ ӘУЕЗОВІМ»
05.08.2016
3205
0

Құрметті 9-11 сынып оқушысы!

Егер сіз қазақ тілін жетік меңгерген, М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасымен жете танысқан болсаңыз, онда Сізге өз біліміңізді сынап, талабыңызды ұштауға бірегей мүмкіндік беріледі!

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2012 жылдан бері «Менің Әуезовім» атты дарынды оқушылардың шығармашылық конкурсын өткізіп келеді. Конкурс келесі мақсаттарды көздейді: Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын жастар арасында насихаттау, жасөспірімдерді көркем әдебиетке баулу, ғылыми зерттеу жүргізудің дағды-машықтарын қалыптастыру және мемлекеттік тілді дамыту.

Конкурсқа ұсынылатын шығармаларға қойылатын талаптар:

– шығарма мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) жазылуы тиіс;

– шығарма конкурсқа қатысушының дербес ғылыми-шығармашылық ізденістерінің нәтижесі болуы тиіс;

– шығарма авторы 9-11 сынып оқушысы болуы керек;

– шығарма көлемі А4 форматында (қаріп – Times New Roman, 14 кегль, жол аралығы – 1) 3-5 беттен аспауы тиіс;

– шығарма мәтінінің жоғарғы оң жағында талапкердің толық аты-жөні мен нақты мекен-жайы (байланыс телефон міндетті түрде), сынып, мектеп атауы толық көрсетілуі тиіс.

Талапкер шығарманы М.Әуезов және әлем әдебиеті бағыты бойынша еркін тақырыпта жаза алады.

Конкурсқа ұсынылған шығармалар 2016 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Комиссия конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздарды келесі ретпен анықтайды:

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен, ал оларға жетекшілік жасаған ұстаздар арнайы сертификатпен марапатталады.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жетекші ұстаздары 2016 жылдың 28 қыркүйегінде өтетін жас ғалымдардың «ХІV  М.О.Әуезов оқулары» ғылыми-практикалық конференциясында марапатталады. Үздік шығармалар конференция материалдарының жинағында жарияланады.

Комиссия қорытындылары «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттерінде жарияланады.

Конкурсқа қатысатын оқушылар өз жұмыстарын келесі мекен-жайға жіберуі тиіс:  050010, Алматы қаласы, М.Төлебаев көшесі, 185, «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы.

Сіздерден М.О.Әуезов мұрасы жайлы қайталанбас, бірегей шығармаларды күтеміз! Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Біздің байланыс телефондарымыз:  +7 (727) 261-22-27; +7 (727) 261-74-41; +7 (727) 390-06-16.     

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір