Атам менің мақтанышым
27.11.2023
281
0

«Атасын сыйлаған абыройға бөленер» дегендей өмір бойы атамды көрмесемде, атамды мақтан тұтқан едім. Неше түрлі адамдардың атам туралы сөздерін естіп өскен, балалық шағым өмірімнің бар мәнісін алғандай. Ата туралы әңгімелер бір әдемі ертегі секілді естілетін. Сенің атаң мықты болған, сенің атаң ақылды болған, деген сөздердің өзі атаны бір ертегі әлеміндегі кейкіпкер қылатын. Осындай абыройы жоғары адам бұндай қатігез, бірін бірін алдайтын өмірде өмір сүргенінің өзі әлде қайда мақтаныш алып келеді. Бірақта әдемі ертегінің де өзінің соңы болады дейді. Солай да менің атамның ертегісі ерте аяқталды. 2000 жылы қатерлі ісікке шалдығып,«ауру айтып келмейді» дегендей 2001 жылы наурыз айында алпыс жасында дүниеден өтті. Ата қайтыс болғаннан кейін, шаңырағымыз шайқалғандай болды. Әжемнің айтуы бойынша, өзі дүниеден біраз жылдар бұрын озса да, ізі әлі күнге дейін «тайға таңба басқандай» анық қалған атам жайлы болмақшы.

Менің атам Ажбомбет Құрманбек Игенұлы 1941 жылы 8 қаңтарда Алматы облысы, Жетіген ауылында дүниеге келген. Ол ата анасының көп жылдар бойы сағына күтіп, Алладан сұрап алған жалғыз перзентті болды. Жастайынан алғыр бала болып өсті. Атам өте еңбекқор адам болған. Әркез адал еңбек етіңдер, еңбек еш уақытта өлмейді деп ұлдарына еңбек етуге тәрбиелейтін. Атамның тағы бір қасиетінің бірі ол мейірімді жүрегі. Үнемі ауыл адамдарына көмек көрсетіп, жақсылық жасап отыратын. Осы еңбекқорлығымен қамқорлығының арқасында қай жерде жүрсе де, құрметке бөленіп жүрді. Атамның қолы сәл бос бола қалса, кітап оқитын еді, көбіне тарихи романдар. Жетіген ауылында бастауыш мектепте оқып жүріп, 1951 жылы Теміржолшылар интернатына ауыстырылды. Интернатта оқып жүріп, Алматы қаласындағы, Түрксіб ауданындағы №46 мектепте (қазіргі таңдағы №59 мектеп гимназиясын)  төртінші сыныптан оныншы сыныпбын тәмәмдәді. Әскерге баратын жасқа толғандықтан, әскери борышын өтеуге Ресей мемлекетіндегі, Зымыран әскерінде (Ракетные войска) төрт жылдық борышын өтеді. Қайсарлықпен қайраттылықты қанат еткен адам, өмірге деген құлшыныстың арқасынды төрт жылдық борыншын өтеп келді. Қазақ мемлекеттік университеті. С. М. Киров атындағы Школа милиция оқуына түсті. 1969 жылы достарымен сабақтан кейін, саябаққа қыдыруға барғанда менің әжемді кездестірді. 1970 жылы Алланың қалауымен, екі бірдей соққан жүрек, он жас айырмашылыққа қарамастан кішігірім той жасап, шаңырақ құрды. Дүниеге төрт әдемі, қайратты, бойы ұзын ұлдарды алып келді. Алғашқы ұлы туылған мезетте, ата өзінің отбасын асырау үшін еңбек етуге қол ұшын созды. 1971 жылы Алғаш перзенті дүниеге келді. Соның араларында Школа миллицияны лейтенант атағымен аятап, Линейный отдел полицияға жұмысқа орналасты. Полиция қызметкері болу үшін білімде, білікте, сабырмен төзім және шапшандықпен жылдам әрекет ете білу кабілеті полицияға қажетті басты қасиеттердің бірі. Ұстамды болу, азаматтардың тіл табыса білуі, сыпайы болу да аса маңызды болған. Сондай қасиеттердің болуы және жұмысын таза әрі тез атқарған үшін, бастығының көзіне түсіне ішкі істер министірлігіне ауыстырылды.Ерен еңбегі үшін лауазымына мерзімінен бұрын көтерілді. Жұмыс барысымен Ресей, Қырғыстан, Өзбекістан, Башқұртстан көптеген мемлекеттерге сьезге қатысу үшін ұшып жүрді. Жақсы қызметі үшін үкіметтік наградалармен марапатталған. «Ана алдында — құрмет, Ата алдында — қызмет» дегендей генерал лауазымына келіп, зейнетке шықты. Менің атам өте мейірімді жан болыпты. Мен атамды көрмесем де әжемнің айтуы бойынша оның өте ақкөңіл, адал, мейірімді екенін білемін. Естеліктерін оқи отырып атамның қажырлы, қайсар, еңбекқор, адалдықты пір тұтқан жан екенін ұқтым. Суреттеріне қарасам атам мені еркелете күлімсірей қарап тұрғандай болады.

Ләйлә Ажбомбет,
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен
әлем тілдері» университетінің
журналистика мамандығының 1 курс студентті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір