«Аспан неге жылайды?..»
28.08.2026
68
0

Осындай атаумен Алматы қаласындағы баспалардың бірінен жақында оралдық жас ақын Дәурен Шамұратовтың алғашқы жыр жинағы жарық көрді.

Бұл шығармашылық жоба Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Үшбу кітап «Тамыр», «Қара қағаз» және «Сезім хаттары» атты үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде туған жер мен туған ел алдындағы перзенттік парызды өзек қылған өлең-жырлар топтастырылса, «Қара қағазда» Отанымыз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі қиын-қыстау жағдайларға қатысты өлеңдер өткеннен сабақ алу мақсатында оқырман қауымның назарына ұсынылған. Ал «Сезім хаттарында» атауы айтып тұрғандай махаббат лирикасы арқылы ғашықтық ғаламшарына сапар шегіп, сезім патшалығына саяхат жасап, махаббат мегаполисін армансыз аралайсыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір