«Алтын папирус» құтты болсын!
05.08.2026
21
0

Жуырда қазақтың көрнек­ті ақыны Ұлықбек Есдәулет Мысыр елінің беделді «Алтын Папирус» (Golden Papyrus) халықаралық поэзия сыйлығын қанжығасына байлап қайтты.

Мысыр поэзия қауымдастығы мен халықаралық ұйымдардың шешімімен осы сыйлық табысталған кезде ереже бойынша барлығы үш лауреат таңдалды. Олар Ашраф Абул-Язид – атақты мысырлық ақын, жазушы, журналист Египет поэзия қауымдастығының төрағасы және Цао Шуй – қытайлық белгілі ақын,романшы, сценарист.
«Алтын Папирус» сыйлығы (Golden Papyrus) – Мысырда және халықаралық деңгейдегі әдебиет және өнер қайраткерлеріне, ақындарға да беріліп жүрген беделді марапаттардың бірі. Ол көбінесе халықаралық поэзия фестивальдері мен әдеби шаралар аясында, соның ішінде Жібек жолы халықаралық ақындар федерациясы тарапынан табысталады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір