«Жалын – 2026» – жастардың спорт мерекесі
04.08.2026
36
0

Амангелді ауданында жалынды жастардың басын қосқан үлкен спорт мерекесі өтті.


«Жалын – 2026» аудандық жазғы спартакиадасы тек жарыс алаңы емес, жастардың жігерін, бірлігін және туған жерге деген сүйіспеншілігін айшықтаған ерекше шараға айналды.
Салтанатты ашылу рәсімінде ауылдық округтерден келген спортшылардың шеруі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бір мақсатқа жұмылған жас­тар­­дың нық қадамы мен көтеріңкі рухы ауданның жарқын болашағын аңғарт­қандай әсер қалдырды.
Спорт алаңдарында тартысты бәсеке өрбіп, әр қатысушы өз мүмкіндігін барын­­ша көрсетуге тырысты. Жеңіске деген құлшыныс, достық пен өзара қол­дау жарыстың басты құндылығына айналды.
Осындай игі бастамалар жастарды салауат­ты өмір салтына баулып қана қоймай, ел бірлігін нығайтып, ауыл­дардың арасын жақындастыра түседі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір