КІТАПТЫ ЕШТЕҢЕ ДЕ АЙЫРБАСТАЙ АЛМАЙДЫ
08.07.2016
2166
0

Баяғыда деген әңгімені қазір көп айтамыз. Бізде баяғыда оқырман көөп болған. Тіпті, сыртқы есікті жауып тастайтынбыз. Кітаптарды тележкімен тасушы едік… Кітапханашы апайлар «болашақ жазушы, ақын, актер, әншілерің осы» деп тыным таппай оқырмандармен кездестіріп, жүздестіріп жататын азаматтардың көбі қазір елімізге танымал болды. Сол кезде де «дағдарыс» болды, бірақ адамдардың оқуға, білімге құштарлығы жоғары еді.


Газиза апайҒазиза ҚҰДАЙБЕРГЕН,
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі.


Бізде осы күні де елге елеулі, мемлекетке маңы­зы бар тақырып назардан тыс қалмайды. Кі­таппен қосып газет-журналдарды да на­сихаттаймыз. Арнайы басылым күндерін өт­кіземіз. Жас ақын, болмаса жазушының кітабы жарық көріпті десе құлағымыз түрік жүреді. Кейінгі шыққан толқынның бәрі кездесуге келді десем, артық айтқаным емес.

«Төлегеннің «тақпағын» айта отырып, өзім­­нің жақында ғана жарық көрген, сарайда жиналып тұрған «Құдіретке жүгіну» кі­та­бымды есіме алдым. Қырық жыл бұрын өмір­­­ден өтіп кеткен сұрапыл ақын Айбергенов Бақанастың қалың құмына енді жетіп жат­­са, менің тақпақтарымның күні не болар екен?…» дейді айтулы Жүрсін Ерман («Алыс­тан және жақыннан»). Қаламгерлер де кітап­ха­н­аға бас сұғып, кітаптары бар ма, оның оқылуы, насихатталуы қалай екен деп анда-санда бас сұғып тұрса дейсің.

Қазір де оқырмандарымыз бұрынғыдай есік жауып тастамасақ та көп. Кейінгі кезде оқу залында орын болмай қалып жүр. Қуа­на­мыз. Бізде бәрі тегін ғой. Тегіңді ғана сұ­рай­­мыз. Келсең болды.

Қорымыз күшті. Ескі кітапқа менсінбей қа­рамаңыз, ол енді сирек кітап болады, ондай кітаптар енді басылып шықпайды. Ға­лам­тор тегін, сол сайттарды жасап жатқандар оқы­ған, тоқығаны бар, сол оқығанын түйгені бар адамдар, электронды кітапты ана кітап­тан көшірмесе жан қалтасынан алып салып жатқан жоқ қой деймін ылғи.

Ана балаларыңызды, бауырларыңызды жалт-жұлт еткен автоматы көп, құлақтың пер­несін үзетін дабыра музыкасы бар, ақ­ша­ны суша соратын жерге апара бермей, мұра­жай, театр, кітапханаға әкеліп тұрыңыздар. Осы жазбаны оқитындар да кітап оқитындар ғой. Үйде де, түзде де әй, кітап оқыңдар деп ай­та жүріңіздер. Мектеп пен үйдің ортасында уақытын тиімді өткізетін жер осы кі­тап­хана ғой. Бізде оқырман таусылмайды, есті ұр­пақ көбейсе деген тілек қой біздікі. Сол ма­мандықтан басталып еді ғой әңгіме. Қы­зым Бекзаданың есі кіріп қалды: «мама, жұ­мы­сың әдемі» дегенде, тіпті қуандым. Ботам, сен кітапты сүй, оқы, бірақ кітап­хана­шы бол­май-ақ деймін, сол баяғы бізде мәдениеттің ай­лығы мандымаған.

Кітапты ештеңе де айырбастай алмайды. Ай­падтан ба, планшеттан, дискіден бе, телефоннан ба – қайдан оқысаңыздар да кітап оқыңыздар, кітапханаға келіңіздер!

…Кеше ғана құрылыс саласында істейтін бір оқырманым келіп кітап алып кетті: «Миың бар, бірақ сиыңа да жұмыс істету керек. Кітап оқысаң дұрыс болар еді» деп­ кеңес беріпті мамандар.

Кітаптың физиологиялық тұрғыдан да пай­дасы бар екен. Соны зерттейтін мамандар да керек екен-ау.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір