«ҒҰМЫР-ДАРИЯ»
Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық Мәдениет үйінде жазушы Дүкенбай Досжанның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғұмыр-дария» атты облыстық әдеби оқулар байқауы өтті.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға қала мен аудандардан жалпы 16 өнерпаз қатысты.
Жиында аудан әкімі Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау қорытындысы бойынша жаңақорғандық 17 жасар Ыдырыс Дәулетхан бас жүлдені иеленді.