Көркемдік кепілі
13.04.2026
35
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы Республика халқының арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға үлкен қоз,аушы күш болғаны белгілі.

Ел іші шынында да кеніш екен. Мемлекет басшысының сол тұжырымдамасын жүзеге асыруға ерекше ынтамен кіріскен Бақытжан Тұрлыбек бастаған азаматтардың бүгінгі басқосуда келтірген деректері шынында да керемет. Бұл Жобаны 2025 жылдың қыркүйегінде бастаған кезде оқырман санын 100 мың адамға жеткізе алар ма екенбіз деген алаң көңілдері де болған екен. Нәтижесінде, жобаға 189 мыңнан астам оқырман қатысыпты. Жобаға қатысқандардың әрқайсысы 15 кітаптан оқыпты. Демек, біз сол оқырмандардың ой-санасының қандай деңгейге көтерілгендігін болжай да аламыз.
Бұл – оқырмандардың қазіргі кезде де белсенді екендігінің көрсеткіші.
Бас қосуда сөз алған қаламгерлер Қойшығара Салғараұлы, Төлен Әбдік, Шәрбану Бейсенова, Алдан Смайыл, Роза Мұқанова, Сауытбек Абдрахманов, Мәди Айымбетов, Жанарбек Әшімжан, Қуаныш Жиенбай, Жанат Әскербекқызы, Бауыржан Бабажанұлы өз пікірлерін ортаға салды.
Енді осы Жобаның ауқымын кеңейте түсу үшін оның ақпараттандырылуына қалың көпшілік өз үлестерін қосу керек деп ойлаймын. Көркем әдебиет – жан дүние көркемдігінің кепілі. Ендеше жастарды кітап оқуға жұмылдырудың түпкі мәні – саналы да мәдениетті, мейірімді де озық ойлы ұлт тәрбиелеу. Әрбір ата-ананы алаңдатып отырған түрлі пиғылдағы ағымдардың ықпа­лынан сақтандырудың кілті де осында.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір