«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ЖАЗУШЫСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
01.04.2026
177
0

Жалпы ереже

1.1. «Қазақстанның жас жазушысы» республикалық дәстүрлі байқауы (бұдан әрі — Байқау) әдеби шығармашылыққа қызығушылық танытатын балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі.

1.2. Конкурс 2026 жыл – «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасы мен 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру аясында, тіл саясатын ескере отырып, оқуды насихаттау, білімге ұмтылысты арттыру және білімнің беделін көтеру мақсатында, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына орай өткізіледі.

1.3. Байқауды ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

«Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ;

«Өркен» балалар әдебиетін дамытуды қолдау қоғамдық қоры;

ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы.

1.4. Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі және республикалық мәртебеге ие.

1.5. Осы Ереже Байқаудың мақсат­тары мен міндеттерін, қатысу шарт­тарын, оны ұйымдастыру және өткізу тәртібін, байқау жұмыстарының бағалау критерийлерін, сондай-ақ ұйымдастырушылардың, қазылар алқасы мүшелерінің және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Мақсаты:

Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру;

Балалар мен жасөспірімдер арасында оқуға және әдеби шығармашылыққа тұрақты қызығушылық қалыптастыру;

Оқушылардың сауаттылық деңгейін және оқырмандық мәдениетін арттыру;

Жастарды қазақстандық және әлемдік әдебиетті оқып-үйренуге тарту;

Талантты жас авторларды анықтау, қолдау және сүйемелдеу;

Шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруға және кәсіби бағдарлануға жағдай жасау;

Байқауға қатысушылардың жаңа әдеби шығармаларын кеңінен насихаттау.

2.2. Міндеті:

Оқушыларға көркем шығармаларды оқу және жазуға ынталандыру;

Талантты жас авторларды анықтау және қолдау;

Қазақстан Республикасының білім беру және мәдениет мекемелері арасында Байқау туралы ақпаратты тарату;

Байқауды республикалық деңгейде өткізу және қорытындысын шығару;

Байқаудың үздік жұмыстарының жинағын шығару.

3. Байқауға қатысу шарттары

3.1. Байқауға Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарының 14–17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады;

3.2. Байқауға қатысу тегін және ерікті түрде жүзеге асырылады;

3.3. Қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: өтінім (Қосымша № 1); дербес деректерді өңдеуге келісім (Қосымшалар № 2, 3);

3.4.Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған, түпнұсқа жұмыстар қабылданады;

3.5. Әр қатысушы бір ғана жұмыс ұсына алады;

3.6. Жұмыстың көлемі 10 бетке дейін;

3.7. Форматы: doc немесе docx, қаріп Times New Roman, өлшемі 12, жоларалық интервал — 1.

3.8. Төмендегі жұмыстар қабылданбайды:

  • плагиат анықталған;
  • интернетте бұрын жарияланған;
  • белгіленген мерзімнен кейін ұсынылған;
  • жасанды интеллектті пайдалану арқылы жазылған;
  • алауыздықты насихаттайтын.

4. Номинациялар мен тақырыбы

4.1. Байқау «эссе» номинациясы бойынша өткізіледі.

4.2. 2026 жылғы байқау тақырыптары:

1. Ақын Олжас Сүлейменовтің әдеби шығармашылығы, ақындық жолы;

2. Қоғамдық-саяси қызметі және «Невада – Семей» қозғалысы туралы;

3. Олжас Сүлейменов шығармашылығындағы халықтар достығы.

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мен мерзімдері

5.1. Конкурс екі кезеңде өткізіледі.

I кезең – облыстық деңгей:

9 ақпан – 15 сәуір жұмыстарды қабылдау (онлайн форматта);

15 – 20 сәуір қазылар алқасының отырысы, қорытындылау;

20 — 23 сәуір «Ұлттық кітап» күніне орай облыстық кезеңнің жеңімпаздарын жариялау және салтанатты түрде марапаттау;

25 сәуір – 25 мамыр жеңімпаздардың жұмыстарын республикалық кезеңге жолдау.

II кезең – республикалық деңгей:

25 – 30 мамыр – республикалық деңгейде жұмыстарды бағалау;

1 маусым – «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай Алматы қаласында марапаттау рәсімі.

5.2. Облыстық деңгейде конкурстық жұмыстар жергілікті ұйымдастырушы ұйымның (мекеменің) поштасына жіберіледі. Ол үшін осы байқау бойынша облыс деңгейінде жауапты ұйым өзінің поштасын осы жерге жазып көрсетуі тиіс.

5.3. Республикалық конкурстық жұмыстар orken_fond2026@mail.ru поштасына жіберіледі.

6. Байқауды ұйымдастыру

6.1. Жұмыстарды бағалауды әдеби қауымдастық өкілдері, педагогтар және мәдениет саласының мамандарынан тұратын қазылар алқасы жүзеге асырады;

6.2. Қазылар алқасының құрамын «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ филиал, Басқарма басшылары бекітеді;

6.3. Облыстық деңгейде 1,2,3 — орын иегерлеріне демеушілердің қолдауымен алғысхат немесе марапат қағаздары, т.б. сыйлықтар табыстау қарастырылады;

6.4. Облыстық деңгейдегі конкурста 1-орын иеленген жеңімпаз республикалық конкурсқа жолдама алады;

6.5. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды, ақырғы шешім болып табылады.

6.6. Бағалау критерийлері:

  • тақырыпқа сәйкестігі;
  • түпнұсқалығы;
  • мазмұндылығы;
  • логикалық тұтастығы т.б.

7. Қорытынды шығару және марапаттау

7.1. Республикалық байқау нәтижесінде 1,2,3 — орын иелері анықталып, ақшалай сыйақылармен марапатталады;

7.2. Республикалық деңгейдегі 1,2,3 орын жеңімпаздары (қазақ және орыс тіліндегі номинант алты адам) «Қазақ­станның жас жазушысы – 2026» атағына ие болады;

7.3. Республикалық Конкурстың екі санат бойынша I орын иегерлерінің марапаттау рәсіміне қатысу үшін Алматы қаласына сапары (жауапты тұлғаның сүйемелдеуімен) жергілікті ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады (жол шығындары мен тұру шығындары қоса алғанда).

7.4. Үздік жұмыстар жинақта және БАҚ-та жарияланады.

8. Қорытынды ережелер

8.1. Байқауға қатысу қатысушының жеке деректерін өңдеуге келісімін білдіреді;

8.2. Ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын коммерциялық емес мақсатта пайдалануға құқылы;

8.3. Жұмыстарға рецензия жасалмайды және қайтарылмайды.

9. Байланыс ақпараты

«Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ хатшысы Айнагүл Садыкова (куратор);

Байланыс нөмірі: +7 705 7272 975

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір