ТҮРКІ ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРІ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
17.06.2025
100
0

1. Жалпы ережелер

Түркі жас қаламгерлері фестивалін өткізу туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Түркі жас қаламгерлері фестивалін (бұдан әрі – Фестиваль) өткізудің шарт­тарын айқындап, өту тәртібін реттейді. Фестиваль «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында өткізіледі.
Фестивальдің құрылтайшысы: Ақтау қалалық әкімдігі.
Фестивальді ұйымдастырушылар: Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Абай атындағы мәдени-демалыс кешені, Қазақстан Жазушылар одағының Маңғыстау облыстық өкілдігі.
Серіктестер: Халықаралық Түрксой ұйымы, «Қазақстан» РТРК АҚ Маңғыстау облыстық филиалы.
Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері:

2. Фестивальдің мақсаты:

– түркі жас қаламгерлерінің арасынан қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру;
– қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін түркі жас қаламгерлерін анықтау және ынталандыру.
Фестивальдің міндеті:
– түркі жас қаламгерлерінің шығарма­шылық қабілеттерін дамыту үшін ыңғайлы жағдай жасау;
– түркі жас қаламгерлерінің шығарма­шы­лық қабілетін кәсіби деңгейге кө­теру­ле­ріне септесу;
– түркі жас қаламгерлерінің өзара шы­ғар­­машылық байланысы үшін ыңғайлы орта қалыптастыру;
– өңіраралық және халықаралық әдеби ынтымақтастықты дамыту.

3. Фестивальді өткізудің тәртібі және шарттары

3.1. Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбек­стан, Әзербайжан, Түркия, Түрікмен­стан мемлекеттерінен 20–40 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады.
3.2. Фестиваль төмендегідей аталымдары
бойынша өтеді:
1) «Проза»;
2) «Поэзия»;
3) «Драматургия»
3.3. Фестивальге қатысушылардың өз ана тіліндегі шығармалары қабылданады.
3.4. Бір автор екі аталымға қатысуға құқылы.
3.5. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
1) Фестивальге бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
2) Фестивальге бейәдеп сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтар бұзылған шығармалар қабылданбайды.
Фестивальге материалдар ұсыну тәртібі:
– тек қана электронды нұсқада, мәтін­дік файл түрінде электронды поштаға жіберілген шығарма мәтіндері жіберіледі;
– мәтіндер «Түркі жас қаламгерлері фестиваліне» деген тақырыппен жіберіледі;
– автор туралы мәлімет (өмірбаяндық, шығармашылық), көркем фотосурет (1 дана), қатысушы туралы 30 секундтық бейнеролик.
3.6. Шығармаларды электронды нұс­қада рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1) Файлдың атауы. Автордың аты-жөні. Шығарманың атауы. Мысалы: Сұлтан Раев. «Меккеге қарай ұзақ жол»;
2) Әр көлемді шығарма (роман, повесть, драмалық шығарма, эссе, поэма және т.с.с.) жеке файлға орналастырылады;
3) Кішігірім шығармалар (әңгіме, өлең­дер және т.с.с.) бір атаумен бір файлға орналастырылады;
4) Мәтіндік файл Word форматында, қаріп түрі: Times New Roman, көлемі – 14, жоларалық интервал – бір жарым;
5) Шығарманың алғашқы бетінің оң жақ жоғары тұсына шығарманың атауы, өтінімге сәйкес аталым түрі, автордың аты-жөні (болса, бүркеншік аты), тұрғы­лық­ты жері және байланыс телефоны көрсетілуі міндетті.
3.7. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
– проза үшін – 35 беттен кем емес;
– поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
– драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес.
3.8. Автор өзінің фестивальге жіберген шығармасын ұйымдастырушыларға жазбаша ескерту хат жіберу арқылы ғана кері қайтара алады. Кері қайтарылған шығарма қайтадан қабылданбайды.
3.9. Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:
1) Өзінің авторлығын растайды;
2) Фестиваль ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсатын береді;
3) Авторлық қаламақы талап етпейді.
3.10. Қабылданған шығармалар рецензиялан­байды және қайтарылмайды.
3.11. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің салтанатты марапаттау рәсіміне қатысумен байланысты (визадан басқа) шығындарды ұйымдастырушы тарап өтейді.
3.12. Шығармалар 2025 жылдың 1 сәуір – 20 маусым аралығында қабылда­нады. 20 маусымнан кеш жіберілген туындылар фестивальге жіберілмейді.

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

4.1.Қолжазбаларды бағалау және фестиваль жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды фестиваль Құрылтайшысы елімізге және шетелге танымал ақын-жазушылардан жасақтаған (5 адамнан кем емес) қазылар алқасы жүзеге асырады.
4.2. Қазылар алқасының құрамын фестиваль Құрылтайшысы бекітеді.
4.3. Қазылар алқасының фестиваль талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар, беймәлім шығармаларды) құқы бар.
4.4. Фестивальге ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне жасырын түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).
4.5. Қорытынды шешім қазылар алқа­сының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
4.6. Қажет болған жағдайда қазылар алқасының бейне мәжіліс аркылы тал­қылау мүмкіндігі қарастырылады.
4.7. Фестивальге ұсынылған туын­ды­ларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар жасырын түрде бағаланады. Фестивальге ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.
4.8. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін құпиялық сақталады.
4.9. Қазылар алқасының шешімі ақыр­ғы болып табылады және қайта каралмайды.
4.10. Фестивальге лайықты шығармалар түспеген жағдайда, қазылар алқасы ұйымдастырушыларға сол аталым бойынша жүлденің толық берілмеуі немесе жартылай бөліп беру туралы ұсыныс беруге құқылы.

5. Марапаттау

5.1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2025 жылғы 8 шілде күні Ақтау қаласында өтетін салтанатты рәсімге қатысып, марапатталады.
5.2. Әр аталым бойынша төрт сыйлық беріледі:
– 1-дәрежелі лауреат (біреу) диплом, медаль және ақшалай сыйақы;
– 2-дәрежелі лауреат (біреу) диплом, медаль және ақшалай сыйақы;
– 3-дәрежелі лауреат (біреу) диплом, медаль және ақшалай сыйақы;
– Дипломант (біреу) диплом және ақшалай сыйақы.
5.3. Фестиваль қорытындысымен жеңімпаздар мен жүлдегерлер шығармаларының жинағы шығарылады.

Барлық материалдар мына мекенжайға жолданады:
130000, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 4-шағынаудан, Абай атындағы мәдени-демалыс кешені.
Байланыс телефондары: 8 747 529 31 75 (Лобакова Акгуль Базарбаевна)
эл.пошта: dk-abai@mail.ru

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір